Саясаттану



Pdf көрінісі
бет10/131
Дата06.01.2022
өлшемі15,5 Mb.
#15124
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   131
                  
3. Саяси ғылымның объектісі және оның зерттеу тәсілдері.
Саяси  ғылымның  объектісі  - қоғамның  саяси  саласы  және  ондағы  саяси 
құбылыстар мен процестер. Дегенмен, қоғамның саяси саласын тек саясаттану 
ғана  зерттемейді.  Жоғарыда  аталып  көрсетілгендей,  саясатты  философия, 
әлеуметтану,  құқықтану, тарих  және басқа ғылымдар да  зерттейді. Сондықтан 
саясат  теориясына  жататын  ғылымдар:  тарих  –  саяси  жүйенің  өткендегісін 
зерттейді;  философия  –  табиғат,  қоғам  және  таным  дамуының  жалпы 
заңдылықтарын  зерттейді;  әлеуметтану – қоғамдағы  процестерді  адамдық 
өлшем ретінде қарап, әлеуметтік ортаның саяси салаға тигізер әсерін зерттейді. 
Саясаттану  экономикалық  теория  және  құқықтық  ғылымдармен  де  тығыз 
байланысты.  Саяси  экономика  саяси  процестерді  экономикалық  тұрғыдан 
зерттей  отырып,  осы  процестердің  негізінде  әртүрлі  әлеуметтік  топтардың 
мүдделерін  анықтаса,  құқықтық  ғылымдар  қоғамдағы  саяси  қатынастардың  
тәртібін, қызметін реттейді. 
Міне,  осы  аталған  ғылымдардың  әрқайсысының  өзінше  ерекше  таным 
салалары  мен  қырлары  бар.  Негізінде  саясатты  кешенді,  толық  зерттейтін 
ғылым  - саясаттану.  Оның  ерекшелігі  -  саяси  құбылыстардың  ішкі  сырын, 
логикасын, өмірге қажеттілік заңдылықтарын айқындап беретіндігінде. 
Саяси  құбылыстар  мен  процестерді  зерттеуде  саясаттану  ғылыми 
зерттеудің әртүрлі тәсілдерін пайдаланады, ол тәсілдер үш топқа бөлінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет