Саясаттану



Pdf көрінісі
бет7/131
Дата06.01.2022
өлшемі15,5 Mb.
#15124
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   131
Қашғаридің  есімін  ерекше  атауға  болады.  Ол  алғашқы  білімді  Қашқар 
қаласында  алады,  содан  кейін  Бұхар  қаласында  өзінің  білімін  жетілдіреді. 
М.Қашғари – түркі халқының фольклоршысы, Ж.Баласағұн сияқты ол да түркі 
тілін  дамыту  арқылы  орталықтандырылған  мемлекет  орнату  мәселесін  алға 
қояды. М.Қашғари түркілер мекендеген жерлерді, түркі тілдес тайпаларды көп 
аралап,  түрік  тіліндегі  ән,  аңыз,  жұмбақтар  мен  түрік  әдет-ғұрыптарын  көп 
жылдар  бойы  зерттеп,  1074  жылы  өзінің  «Диуани  лұғат  –  ат  –  түрік»  («Түрік 
тілдер сөздігі») атты негізгі еңбегін кең көлемді жинақ ретінде шығарады.
М.Қашғари  осы  шығармасында  төмендегідей  сөздерді  жазған:  «Мен 
түріктердің барлық жерлерін араладым. Көп уақыт іздену, зерттеулерден кейін 
осы кітапты ең таза, ең әшекейлі түрік тілінде жаздым».
Махмуд Қашғаридің бұл еңбегі тек ғана сөздік емес, бұл толық мәнінде –
ғылыми  энциклопедия.  Сол  кездегі  Қазақстан  жеріндегі  Түрік  қағанаттары 
тарихының  барлық  салаларын,  соның  ішінде  саяси  мәселелерді  де  жан-жақты 
қамтиды.
Келесі  елеулі  мәдени-тарихи  ескерткіш  –  Түркістан  қаласынан  шыққан 
сопы  ақын  Қожа Ахмет Яссауидың  (1166  жылы  қайтыс  болды)  «Диуани 
хикмет»  («Ақыл  кітабы»)  атты  өлеңдер  жинағы.  Қыпшақ  диалектісінде 
жазылған  Яссауидің бұл  өлеңдері өз  кезінде  сахарадағы көшпенділер арасына 
кеңінен  тарады.  Ислам  дінін  халыққа  таратушы  Арыстан  Бабаның  баласы 
Ахмет Яссауиге мұсылмандықты белсенді насихаттағаны, халық алдындағы зор 
беделі, кіршіксіз сенімі үшін түрік мұсылмандары оны пайғамбарға теңеген.
Ахмет  Яссауи  ақын  ретінде  өзінің  өлеңдерінде  ислам  дінінің 
тағылымдарын  тарату  арқылы  түрік  халықтары  арасында  саяси-әлеуметтік 
ынтымақтастығының күшеюіне зор үлесін қосты.
Ислам  дінінің  түрік  халықтарын  біріктірудегі  ролін  түсінген  Шыңғыс  хан 
қазақ  даласындағы  дін  қызметкерлері  қожаларды  ақсүйек  тобына  жатқызған 
болатын.  Ал  Әмір  Темірдің  Қожа  Ахмет  Яссауиге  арналған  кесене  тұрғызуы 
оның  тек  ақын,  ғұлама  ғана  емес,  белгілі  мемлекет  қайраткері  болғанын 
білдіреді. 
Ортағасырлық қазақ жерінде, дегенмен,  жазудың таралуы төмен болды. 
Сол себепті көшпенді халықтардың саяси-қоғамдық көзқарастары рационалдық 
ұғымдар  негізінде  емес,  көркем  бейнелер,  өнер  түрлері  арқылы  қалыптасты. 
Қазақ  халқының  дүниетанымындағы  ең  маңызды  орын  алатыны  – фольклор
Ол  қазақ  халқының  барлық  мәдени-әлеуметтік  мәселелерін  қамтиды.  Бұл 
туралы Ш.  Уәлиханов  «Қазақтың ауыз әдебиетінде халық  өміріндегі  маңызды 
оқиғалардың бірде-біреуі қалыс қалмаған» деп атап көрсетеді. Қазақ фольклоры 
әртүрлі  жанрларды  құрайды,  олар:  мақал-мәтелдер,  ертегілер,  жырлар, 
дастандар және т.б.


14
Қазақтың    мақал-мәтелдерін  тарихи-әлеуметтік,  саяси-құқықтық  мол 
тәжірбиені, адамдардың қоғамдағы бір-біріне қатынасын, діни, наным сенімге, 
билікке  көзқарасын  таңқаларлық  тапқырлыкпен,  шешендікпен,  нақтылықпен 
сүреттейді.  Сондықтан  қазақ  мақал-мәтелдері  халықтың  ғасырлар  бойы 
жинақтаған  өмір  тәжірбиесі  негізінде  туындаған  аса  құнды  рухани,  саяси-
әлеуметтік тұжырымдары болып саналады.
Ауыз  әдебиетінің  өзіндік  ерекшеліктерімен  белгілі  жанры  – ертегілер
Әрине,  ертегілер  дүниенің  қияли  фантастикалық  бейнесіне,  аңыздарға 
негізделеді.  Бірақ  ертегілер  тек  ғана  қиял  немесе  аңыздар  емес,  онда  адам 
өмірінің  нақты  салалары  сөз  болып,  оларға  талдау  жасалып,  өзіндік  баға 
беріледі.  Мысалы:  «Тазша  бала»  немесе  «Алдаркөсе»  ертегілерінде  қазақ 
қауымындағы  мүлік  теңсіздігі,  таптық  қатынастар,  әлеуметтік  әділеттік 
мәселелері қызғылықты әдеби бейнелер арқылы берілген.
Сондықтан  тарихи  –  саяси  ғылыми  зерттеулерде  қазақтың  мақал-
мәтелдеріне,  ертегілеріне  көп  қөңіл  бөлінген.  XIX    ғасырдың  өзінде  бұларды 
жинақтап  жүйге  келтірген  және  ғылыми  талдау  жасаған  көрнекті  орыс 
ғалымдарды  М.  Терентьев,  Н.  Пантусов,  А.  Васильев,  Н.  Гордеков,  В. 
Катаринский және басқалары болса, қазақ зиялыларының ішінен Ш. Уәлиханов 
пен А. Құнанбаевтың алатын орны ерекше. 
ХХ ғасырдың бас кезінде Кеңес өкіметіне дейінгі уақытта да қазақ халық 
ауыз  әдебиеті  туралы  мақалалар  баспасөзде,  тарихи,  қоғамдық-саяси 
баспаларда  тұрақты  орын  алды.  Ал  кеңестік  кезеңде,  XX  ғасырдың  30–50 
жылдары Ө. Тұрманжановтың үш жинағы және басқа да көптеген авторлардың 
кітаптары жарық көрді.
Қазақ фольклорының маңызды саласының бірі - батырлар жыры. Қазақ 
хандығы қалыптасуынан бастап өз  тәуелсіздігін қорғауда сыртқы жауларымен 
ұзаққа созылған қантөгіс соғыстарды басынан өткізді.
Осы  соғыстарда  халқы  үшін  қан  төккен  көптеген  батырлар  туралы 
әртүрлі  әңгіме,  аңыздар  тарады.  Батырлар  жырында  халықтың  болашаққа, 
бейбіт  өмірге  үміті,  еркіндікке  талпынысы,  ізгі  мақсаттарға  жетудегі  ойы, 
арманы  баяндалады.  Кейбір  жағдайда  батырлар  образы  шындыққа  сәйкес 
келмейтін  ойдан  шығарылған  кейіпкерлер  болып  саналуы  да  мүмкін.  Бұл 
біржақты  пікір,  себебі  батырлар  жырындағы  қиял,  ой-арман  шындықтың  өзін 
айғақты  көрсету  жолы,  оқиға,  құбылысты  сезім  арқылы  танып-білу.Қазақ 
эпосының  мәнін  Ш.  Уәлиханов:  «Тарихтағы  халықтың  поэтикалық  рухының 
орны  өте  жоғары,  біріншіден,  ежелгі  дастандардағы  жыраулардың  батырлар 
ерлігін  баяндауы  өте  дәл,  таңғажайып  есте  сақтау  қаблетін  білдіреді; 
екеншіден,  жыраулар  әртүрлі  уақытта  өмір  сүргенімен  халықтың  жадындағы 
елеулі  оқиғаларды  біртұтас  мәңгі  сақтап  қалды;  үшіншіден,  бұл  эпостар 
халықтың  салт-дәстүрінің,  өнерінің,  адамгершілік  заңдарының  жиынтығы; 
өткен  тарих  және  саяси  өмір  туралы  тұтас  білімді  белгілі  деректермен 
толықтыруға мүмкіндік жасайды» деп түсіндірді. Қазақтың батырлар жырында 
ерте  замандағы  халықтың  тағдырын  шешуші  елеулі  оқиғалар  туралы  өмір 
шындығы  көрсетілген.  Халқымыздың  ғасырлар  бойы  жалғасып  келе  жатқан 


15
өшпес  мұрасы,  баға  жетпес  құндылығы:  «Қобаланды  батыр»,  «Алпамыс 
батыр», «Ертарғын батыр» және т.б.
XV-XVIII ғасырлардағы қазақ өмірін, қоғам тарихын көркем бейнелеудің 
ерекше  түрі  ақын-жырау  поэзиясы  болды.  Ән  мен  өлеңнен  құралатын 
жыраулық өнердің шығуының өзіндік мәдени, саяси-әлеуметтік себептері бар. 
Көшпенді  халық  арасындағы  сауатты  хаттанушылар  санының  аз  болуы, 
баспасөз,  баспахана  өндірісінің  болмауы  бұл  өнер  түрінің  қалыптасуы  мен 
дамуына өз әсерін тигізді.
Қазақ  кауымы  арасында  шиеленісті  саяси-әлеуметтік  мәселелер 
көтерілмесе  де  көрші  елдермен  өзара  қатынастарда  салт-дәстүрге,  ел 
шекарасына,  ел басқаруға, билікке  байланысты жаңа,  тосын көзқарастар  орын 
алды. Сондықтан ақын-жыраулар үшін күнделікті өмірде кездесетін мәселелер, 
өз хандығындағы немесе көрші мемлекеттердегі кездесетін елеулі оқиғалардың 
бәрі  өзекті  тақырыпқа  айналды.  Жыраулардың  өнер  құралы  ретінде  ән  мен 
жырды  пайдалануының  өзі  кездейсоқ  емес.  Негізінен  сауатсыз  көшпенді 
халықтың ой-сезіміне қара сөзге қарағанда шешендіктің, тапқырлықтың өнегесі 
болатын өлең сөздің және ән сазының тигізер әсері жоғары болды.
Елге танымал ақын, жырау болу өте күрделі де қиын қызмет түрі. Себебі 
белгілі бір оқиғаны толық, нақты баяндау, бірнеше сағат, тіпті кейбір жағдайда 
бірнеше күн бойы тоқтаусыз жырлау, халыққа өнеге болар сөз табу, болашақты 
болжау  -  ақын,  жырауға  табиғат  сыйлаған  ерекше  қасиеттер.  Сондықтан 
ақынды  қарапайым  халық  ғана  емес,  ел  басқарушылары,  тіпті  хандар  да 
сыйлаған, құрметтеген. Көп жағдайда ел басқарушылар ақындармен достасқан, 
жауласпаған,  өз  қалауынша  қасына  алып,  саяси,  әлеуметтік  мәселелерге 
ақылшы,  кеңесші  қызметіне  пайдаланған.  Ал  ақын-жыраудың  ең  маңызды 
міндеті - халық пен билік арасын байланыстырушы қызметі болды.
Қорыта  айтқанда,  уақыт  өте  келе  қазақ  қауымындағы  ақын-жыраулар 
тобы халықтың дәстүрлі мәдениетін дамытушы ғана  емес, билік иелерінің ой-
санасына, саяси көзқарастарына ықпал етуші рухани күшке айналды.
Ақын-жыраулар  тобының  алдыңғы,  аға  буынына  Қазтуған,  Асан  Қайғы 
(XV ғ), Досманбет (XVI ғ), Шалкиіз (1456-1560 ж.) жатса, ал кейінгі буынына 
елге  есімі  кеңінен  танылған,  халық  алдында  зор  беделге  ие  болған  жыраулар 
Ақтамберді  (1675-1768  ж.),  Тәтіқара  (XVIII  ғ.),  Бұқар  (1668-1781  ж.),  Шал  -
ақын (1748-1819 ж.) және т.б. жатады.
Осы  аталған  қазақ    халқының  өнер  иелерінің  бәріне  ортақ  жанр  –


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет