Саясаттану



Pdf көрінісі
бет13/131
Дата06.01.2022
өлшемі15,5 Mb.
#15124
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   131
процестер  дегеніміз  қоғамда қалыптасқан саяси- әлеуметтік жүйелер.
Әрбір  саяси  процестің  өз  саяси  институттары  болады.  Мысалы, 
демократияның  саяси  институты  –  парламент,  жергілікті  атқарушы  биліктің 
саяси  институты  – әкімдіктер,  жергілікті  сайланатын  биліктің  институты  -
мәслихат.  Саяси  институт  –  саяси  процестің  мекемелер  жүйесі,  уәкілі.  Саяси 
процестерді  сапалы  деңгейде  дамытудың  негізгі  шарты  –  саяси  субъекттердің 
саяси  білімі  мен  тәжірибелігі.  Ғұлама  ғалым  Платонның  айтқанындай, 
«Мемлекеттің  сапасы  қоғамдағы  адамдардың  сапасымен  байланысты.  Сол 
себептен  саясаттың  басты  міндеті  –  білімді  адамдар  дайындау  және  оларды 
тани білу».Ұлы ойшылдың бұл қағидасы – саяси субъект болу үшін ғана емес, 
саяси  субъектіні  түсіну,  оларды  билікке  ұсыну  үшін  әрбір  азаматқа  саяси 
тәжірибе, білім қажет деген ой болып табылады.
Саяси  білімнің  екінші  бастауы –  ол  теориялық  негізі. Жоғарыда  аталған 
саяси  процестер  тек  ғана  тәжірибе  арқылы,  практикада  қалыптасқан 
құбылыстар  емес.  Әрбір  саяси  процестің  негізі  –  теория.  Саяси  ғылымның 
күрделі теориялық құбылыс екендігін айқындайтын саяси саладағы  бүкіл әлем 
ғалымдары  мен  ойшылдары  танып,  мойындаған  саяси  білім  үлгілері.  Әрбір 
саяси 
процесс 

ғалымдардың, 
ойшылдардың 
идеяларына, 
тұжырымдамаларына  негізделіп  саяси  ғылым  қазіргі  даму  дәрежесіне  жетіп 
отыр.


23
Саяси ғылымның теориялық негіздері билік пен азаматтардың әлеуметтік
мәдени  өзара  қатынастарына  байланысты  тарихи  қалыптасқан  тәжірибе  мен 
рухани  қазыналардың  жинағы.  Саяси  жүйенің  шеңберінде  қызмет  ететін 
субъекттердің саяси мәдениеті осы құндылықтар арқылы анықталады.Саяси іс-
қимылдардың сапалы болуы үшін саяси субъекттердің саяси мәдениеті жоғары 
болуы қажет.
Қорыта  келгенде,  саясаттың  тарихи-  теориялық  және  қазіргі  кезеңдегі 
ғылыми негіздері – көне заманнан бергі қалыптасып келе жатқан саяси білімдер 
жүйесі.  Саяси  ой-пікірлердің,  ілімдердің    бүгінгі  күнге  дейінгі  тарихи 
қалыптасуы  туралы  мәліметтер  осы  оқу  құралының  әрбір  тарауындағы 
тақырыпқа сәйкес беріліп отыр.          
          


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет