Саясаттану



Pdf көрінісі
бет119/131
Дата06.01.2022
өлшемі15,5 Mb.
#15124
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   131
РУССО ЖАН ЖАК (1712-1778 жж.), Францияның ойшыл-ағартушысы. 
Оның  еңбектерінде  мемлекеттің  пайда  болуы  тұжырымы  басты  орын  алады. 


174
Руссоның  пікірі  бойынша,  мемлекеттің  пайда  болуы    байлардың  өздеріне 
тәуелді кедей еңбекші топтарды қенау үшін жасалатын астыртын әрекеттерінің 
нәтижесі.  Осы  қаталдықтан  қалай  құтылу  керек?  Өзінің  «Қоғамдық  келісім» 
деген еңбегінде ол демократиялық билік идеясын ұсынды, оның мәні халықтың 
заң шығар ісіне қатысуы. Халықтың бостандығын қолдап, Руссо шеттетілмеген 
адамның  «табиғи  құқығын»  айқындайды  және  халықтың  бостандық  үшін 
көтеріліске  шығу  құқығы  бар  екенін  табиғи  келісім-шарттары  негізінде 
зертейді. 
Руссо  ілімі  бойынша,  үкімет  билігі  халықтың  декретімен  және 
қаулысымен  орнайды.  Қандай  да  халық  жиналысы  екі  мәселені  қоюға  тиіс:  1. 
Халыққа  орын  алып  отырған  билікті  сақтау қажет  пе?  2.  Үкімет  билігі  кімнің  
қолында  қалады?  Руссоның  идеалы:  «Бірде  бір  азаматтың  басқаны  сатып 
алардай  бай  болмауы,  бірде-бір  адам  басқаға  өзін  сататындай  кедей  болмауы 
керек». Руссо мемлекет билігі толығымен халықтың қолына көшуін жақтайды. 
Бұдан  оның  ағартушылық  дәуірі  ойшылдарының,  жоғары    өркениеттің  өкілі 
екендігі көрінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет