Саясаттану



Pdf көрінісі
бет121/131
Дата06.01.2022
өлшемі15,5 Mb.
#15124
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   131
ПАРСОНС  ТАЛКОТТ  (1902-1979  жж.)  –  көрнекті  американдық 
әлеуметтанушы. 1949 ж. Америкалық әлеуметтік ассоциациясының президенті 
болып  сайланды.  Парсонс  - әлеуметтануда  жүйелік-функциялық  мектептің
және іс-әрекет теориясын жасаушы. Американдық әлеуметтану - эмпирикалық 
зерттеулеріне талдау жасағанда,  Парсонс, керісінше оның саналуандылығына, 
адам  шындығын  қамтитын  жалпы  аналитикалық,  логикалық-дедуктивтік, 
теориялық жүйе жасауға ұмтылды. 
Антропологиялық  функционализм  мен  тепе-тең  күш  теориясының 
әсерінде  тұрып,  Парсонс  қоғамның  қалыптылығы  мен  өмір  сүру  шарттарын 
зерттейді,оның  құрылымдық-функциялық  әдісіне  іргетас  болып  саналатын  
жүйеде  кез-келген  басқа  жүйенің  сақталуын  және  өмір  сүруін  қамтамасыз 
ететін  негізгі  төрт  функциялық  талаптарды  белгілейді:  бейімделу,  мақсатқа 
жету,  интеграция  және  үлгіні  қолдау.  Әлеуметтік  жүйе  деңгейінде  бейімделу 
функциясын  экономикалық  желі,  мақсатқа  жету  функциясын  –  саяси, 
интеграция  функциясын  – құқықтық  институттар  мен  дәстүрлер,  модельді 
қолдау  функциясын  –  сенім  жүйесі,  мораль  мен  саяси  субъект  органдары 
(отбасы, білім институттары және басқалары) қамтамасыз етеді. 
Парсонстың  пікірінше,  әлеуметтік  жүйені  зерттеу үшін  осы  үлгілер    үш 
қызмет  атқарады,олар:  құндылықтар,  белгіленген  заңдар  және  ұжымдық 
ұйымдар  қызымет  атқарады.  Кез-келген  әлеуметтік  жүйенің  саяси  қызметі 
жүйеге  енгізілген  жалпыға  бірдей,  ұжымдық  мақсаттарды  жүзеге  асыру 
процестеріне  қатынас  тұрғысынан  қарағанда,  оны  ұйымдастыру  мен 
функциялауға  келіп  тіреледі.  Дифференцияланған  қоғамда  саяси  іс-әрекет 
әдетте  мемлекеттің  ұжымдық  ұйымдары  кешенінде  қалыптасқан.  Билік 
жүйесінің  дамуы,  ұжымдық  мақсаттар  мен  шешімдер  жасақтау  және  оны 
жүзеге асыру мемлекеттің негізгі саяси функциялары болып табылады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет