Саясаттану



Pdf көрінісі
бет120/131
Дата06.01.2022
өлшемі15,5 Mb.
#15124
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   131
ПЛАТОНның  (б.з.  дейінгі  427-347  жж.), атақты  ежелгі  грек  философы, 
Аристотельдің  ұстазы.  Ойшылдың  әлеуметтік  қағидаларындағы  басты  орын 
алған мәселе саяси өмірдегі мемлекеттің орны. Платон халықтың тіршілігі үшін 
мемлекеттің  ролін  бағалай  келе,  оның  тұрақты  болу  шарттарына  көп  көңіл 
аударады. Платонның пікірі бойынша, мемлекеттің сапасындағы шешуші роль 
адамдардың білігі, патшалардың білімі ,ел басқару қаблеті, ал ең маңыздысы -
ел билеушілердің заңға бағынуы. «Менің білуімше, - деп жазады Платон – заң 
күшінен  айырылған  және  біреудің  билігінде  болған  мемлекеттің  құлдырауы 
күмәнсіз».  
Платонның  саяси  ойлары  негізінен  “Мемлекет”,  “Саясаткер”, 
“Заңдар”атты  еңбектерінде  баяндалған.  Адамдардың  бақытты  қоғам  орнату 
проблемаларын  мемлекеттің  абстрактылы  моделін  жасау  арқылы  шешуге 
ұмтылды. 
Мемлекет  билігінің  негізгі  идеясы  –  мейірімділік,  шынайы  білім, 
парасатты  басқару.  Философ  және  моралист  ретінде  Платон  азап  шегуші 
қарапайым халықтың аянышты өміріне қарсы тұрады. “Мемлекет” трактатында 
алғашқылардың  бірі  болып  саяси  билік  үлгілеріне  сипаттама  береді. 
Мемлекеттің  жетілмеген  жағымсыз  типтері  ретінде  тимократия,  олигархия, 
демократия  және  тирания  көрсетіледі.  Оларға  мемлекеттің  ең  жақсы  түрі  –
сайланған  философ-даналарының  әділ  басқаруы  қарсы  қойылады,  өйткені 
шынайы  білім  тек  ғана  осы  “сирек  адамдарға”  бұйырған.  Платон  әлеуметтік 
топтардың  қатаң  иерархиясын  енгізеді:  жоғары  таптың  өзара  жиынтығын 
құрайтын  философтар(басқарушылар),  сарбаздар  (жауынгерлер),  қолөнер 
шеберлері, шаруалар (төменгі тап немесе топ). Білім мен тәрбие жұмысы қатаң 
бақылауда  болуы  тиісті.  Платон идеясына  сүйенсек,  қоғам  –  бір-біріне  сәйкес 
келетін,бірін-бірі  толықтыратын  адамдар  қауымының  қажеттілігін  бірлесіп 
қанағаттандыру үшін қажет. Басқарушылар мен сарбаздарда  отбасы да, меншік 
те  жоқ,  олар  үшін  барлығы  ортақ.  Жоғарғы  таптағылардың  басқару  билігі  өз 
қолдарында  болса  да,    қолөнер  шеберлері  мен  шаруалардың  еңбегі  есебінен 


175
өмір  сүрсе  де,  олар“мемлекет  тарапынан  ештеңені  пайдаланбайды”.  Біз 
мемлекетті  «тек  ғана  бір  адам  бақытты  болу  үшін  емес,  тұтас  алғанда  бәрі 
бақытты болуы үшін құрамыз»- дейді Платон. 
“Саясаткер”  және  “Заңдар”  еңбектерінде  Платон  шынайы  білімге 
негізделген  мемлекетті  ғана  өз  міндетін  орындайды  деп  есептейді.                                                                                                                                                   
Ел  басқарушылары  арасында  шынайы  саяси  қайраткерлер  жетіспегендіктен 
оның  есесін  мемлекеттік  заңдармен  толықтыру  керек  дейді.  Платон 
“Заңдарында”  мемлекеттік  құрылыстың  екінші  үлгісін  көрсетіп,    мемлекет 
басқарушыларын  бақылау жүйесін енгізуді ұсынады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет