Саясаттану



Pdf көрінісі
бет22/131
Дата06.01.2022
өлшемі15,5 Mb.
#15124
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   131
Он  үшінші  сайланған  Жоғарғы  Кеңеске  сайлау  1994  жылғы  наурызда 
1993  жылғы  Конституция  негізінде  баламалық  тұрғыда  жаңа  сайлау  заңы 
бойынша  өтті.  Конституцияға  сәйкес  Жоғарғы  Кеңестің  депутаты Қазақстан 


36
халқының    мемлекеттік  биліктегі  өкілі  болып  табылады  және  Жоғарғы 
Кеңестен тыс лауазымды қызмет атқара алмайды. Бұл заң Қазақстан тарихында 
тұңғыш кәсіби, тұрақты жұмыс істейтін парламент қалыптастыруға жол ашты. 
Бірақ  жаңа  Жоғарғы  Кеңес  заң  шығару  қызметін  аса  қиындықпен  жүргізді. 
Бұған  негізгі  себеп  –халық  қалаулыларының  көбісінің  заң  шығармашылығы 
жұмысындағы білімдері мен тәжірибелерінің жетіспеушілігі болатын. Жоғарғы 
Кеңестің  бұл  сайланымы  бір  жыл  ғана  қызмет  атқарды,  осы  мерзім  ішінде 
қабылданған  заңдардың  бірі  ел  үшін  ерекше  мәні  бар  «Азаматтық  кодекс» 
(Жалпы  бөлім)  болатын.  Кейін,  1995  жылдың  наурыз  айында  Қазақстан 
Республикасының  Конституциялық  Соты  Жоғарғы  Кеңестің    он  үшінші 
сайланымы  Конституцияға  сәйкес  еместігі  туралы  қаулы  қабылдады. 
1995жылдың  наурызынан  бастап  1996жылғы  ақпанға  дейінгі  аралықта  заң 
шығарушылық  қызметті Президент жүзеге асырып келді.
Мемлекет тәуелсіздігін орнатудың алғашқы жылдарында басқару нысаны 
туралы  мәселелер  өте  көкейтесті  болды  және  осыған  орай  мемлекеттік  билік 
органдарының  құзыреті  нақты  ажыратылып  бөлінбеген  болатын.    Бұның  өзі 
әртүрлі  органдардың  өкілеттігі  мен  міндеттерінің  ретсіз  қайталануы,  олардың 
қызметтеріндегі  саналуан  қарама-қарсылықтарға  соқтырды.Сондықтан  билік 
жүйесіндегі Мемлекет басшысының, Парламент пен  Үкіметтің орны мен ролін 
нақты  анықтау  қажет  болды.  Күн  тәртібінде  елде  сот-құқықтық  реформа 
жүргізу  мәселесі    тұрған  болатын.  Осының  бәрі  жаңа  Конституция  қабылдау  
қажеттілігін көрсетті. 
1995 жылғы 30 тамызда (Қазақстан Республикасы Конституциясының 64-
бабының    7-тармағына,  78  –бабының    7-тармағына  сәйкес)  республикалық 
референдумда  Қазақстан  Республикасының    Конститутциясы    қабылданды, 
онда  уақыт  талабы  ескеріле  отырып,  көптеген  күрделі  мәселелер  өз  шешімін 
тапты,  олар  –мемлекетті,  меншікті  басқаруды  ұйымдастыру,  адам  құқықтары 
мен бостандығы  және басқа да көптеген мәселелер. 
Конституцияда  Қазақстандағы  мемлекеттік  билік  біртұтас  және  ол  Заң 
шығарушы,  Атқарушы  және  Сот  билігі  тармағына  бөлу  принципіне  сәйкес 
жүзеге  асырылады,  тежеу  мен  тепе-теңдік  жүйесін  пайдалана  отырып  бір-
бірімен  өзара  іс-қимыл  жасайды  делінген  тәртіп  бекітілді.    Жаңа 
Конститутцияда  Қазақстан  Республикасы  саяси  билігінің  үш  тармағының 
атаулары  бекітілді:  Заң  шығарушы  биліктің  аталуын  Парламент  деп  қалдыру 
ұйғарылды,  оның  жоғарғы  палатасы  Сенат,  төменгі  палатасы  Мәжіліс  деген 
атаулармен аталатын болды. Президент, Премьер-министр, Үкімет—Атқарушы 
биліктің  құрамын  құрды.  Саяси  биліктің  үш  тармағының  бірі—Сот  билігі  –
Конституциялық Кеңес деп аталатын болды. Парламенттің осы Заңы бойынша 
жергілікті өкілді билік жүйесі Мәслихат, ал атқарушы билік Әкімшілік (акимат) 
деп аталатын болды. 
Әлемдік  саяси  теорияға  сәйкес  саяси  билік  жүйесін  демократияландыру 
мемлекеттік  биліктің  әрбір  тармағының  дербестігін  қамтамасыз  етумен  қатар, 
осы  билік  тармақтарын  қолдану  барысында  мемлекеттік  заңдылықтың 
сақталуын  қажет  етеді.  Қазақстанда  да  заң  шығармашылығы  процесі  әлемдік 
саяси  теорияға  сәйкестендірілген:  заң  жобасын  Мәжіліс  мақұлдап,  бұдан  соң 


37
Сенат  қабылдағаннан  кейін,  оған  елдің  Президенті  қол  қойғаннан  соң  ғана 
қабылданған мемлекеттік заң өзінің заңды күшіне ие болады.          
Қазақстан  Республикасының  жаңа  қос  палаталы  Парламентінің 
депутаттарын  сайлау  бірінші  рет  1995  жылғы  желтоқсан  айында  өтті.  Жаңа 
Парламент  жұмысқа  1996  жылғы  30  қаңтар  айында  кірісті.  Қазақстан 
Республикасының  демократиялық  жолмен  сайланған  кәсіби  Парламентінің 
қызметі осы күннен басталды. 
Жаңадан  сайланған  заң  органының басты міндеттерінің  бірі, біріншіден, 
қолданылып  жүрген  заңдарды  1995  жылғы  Конститутцияға  сәйкестендіру, 
екіншіден  бұрын  құқықтық  нормалармен  реттелмеген  немесе  құқықтық  жаңа 
шешімдерді талап ететін қоғамдық қатынастардың кең ауқымы бойынша жаңа 
заңдар қабылдау болатын.
Парламенттің  қызмет  барысындағы  1998  жылғы  7  қазанда  қабылдаған 
«Қазақстан  Республикасы  Конституциясына  өзгерістер  мен  толықтырулар 
енгізу  туралы»  Заңы  еліміздің  саяси  өміріндегі  аса  маңызды  оқиға  болды.    
Себебі  демократиялық  қоғам  орнатудың  негізгі  мақсаттарының  бірі—
мемлекеттік  билік  органдарын  демократияландыру,  шынайы  да, әділ  сайлау 
жүйесін  қалыптастыру,  оларға  саяси  партиялардың  белсенді  түрде  қатысуы, 
республиканың  саяси  өміріндегі  Парламенттің  дербес  мемлекеттік  билік 
ретіндегі ролін арттыру еді.
Сонымен, бірінші сайланған Парламент мемлекеттің құқықтық жүйесінің 
берік  іргетасын  қалаған  және  оны  одан  әрі  жетілдіруге  жол  ашқан  кәсіби 
парламентаризмнің  алғашқы  қарлығашы  ретінде  тарихқа  енді  деп  бағалауға 
толық негіз бар.  
Қазақстандағы  екінші  сайланған  парламент  өз  қызметін  1999  жылғы  1  
желтоқсанда  бастады.  Осы  парламент  құрамының  депутаттарын  сайлау  жаңа 
заң ережелеріне сәйкес жүргізілді. Біріншіден, Сенат депутаттарының өкілеттік 
мерзімі  алты  жылға,ал  Мәжіліс  депутаттарының  өкілеттік  мерзімі  бес  жылға 
ұзартылды.  Екіншіден,  Мәжілістің  депутаттық  мандатын  алу  үшін  саяси 
партияларға  жаңа  мүмкіндіктер  берілді,  яғни  Мәжілістің  құрамы  67  ден  77 
дейін  көбейді.  Бұл  сайлаушылардың  қалауы  бойынша  саяси  партияларға 
Мәжілістен  он  депутаттық  орын  иеленуіне  мүмкіндік  берді.Осы  Заң  негізінде 
1999 жылы 10 қазанда өткізілген сайлау Қазақстандағы демократиялық жолмен 
қайта құру үрдісіндегі жаңа қадам болды.
Парламентаризм—қоғамды  демократияландырудың  өзекті  жолы.Бұл 
саладағы Қазақстан Республикасы Парламентінің атқарған қызметі сан алуан. 
Қазақстан Парламентінің үшінші сайланымы 2004-2007 жылдары қызмет 
етті.  Бұл  сайланымның  мемлекетіміз  үшін  атқарған  қызметтері  өте  маңызды, 
солардың  бірі  -  2007  жылғы  21  мамырда  қабылданған  «Қазақстан 
Республикасының  Конституциясына  өзгертулер  мен  толықтырулар  енгізу 
туралы» Заңы. Бұл заңның қабылдануы Қазақстан қоғамын демократияландыру 
үрдісіндегі  елеулі  жетістік  болып  саналады.  Осы  заңдардың  негізінде 
тәуелсіздік  жылдарында  алғаш  рет  Қазақстан  Президенті  мен  Парламент 
арасындағы  билік  өкілеттілігі  елеулі  түрде  қайта  бөлінді.  Конституцияға 
енгізілген  өзгерістер  мен  толықтырулар  негізінде    заң  шығарушы  орган 


38
қосымша  бақылаушылық  құқықтарына  және  Үкімет  жұмысына  ықпал  етудің 
жаңа  мүмкіндіктеріне  ие  болды.  Президент  өкілеттіктерінің  бір  бөлігі 
Парламенттің  пайдасына  қарай  қайта  бөлінді,  ал  жоғарғы  өкілді  органның  өзі 
Үкіметті    және  басқа  да  жоғарғы  мемлекеттік  органдарды  қалыптастыруға, 
олардың  жұмысын  бақылауға  мүмкіндік  алды.  Конституцияға  енгізілген  осы 
өзгерістер  арқылы  Мәжіліс  депутаттарының  саны  77  ден  107-ге  дейін 
көбейтілді  және  оның  98-нің    саяси  партиялық  тізім  негізінде  сайлануы 
Қазақстанның  саяси  жүйесін  демократиялық  түрғыдан  түбегейлі  жаңартты. 
Осы  жаңарту  жөнінде  Қазақстан  Президенті  Н.Ә.Назарбаев  2007  жылғы  21 
мамырда  сөйлеген  сөзінде  былай  деп  атап  көрсетті:  «Іс  жүзінде  Қазақстан 
президенттік—парламенттік басқару формасына көшті».          
Саяси  ғылымдар  тұжырымдары  бойынша,  республикада  парламенттік 
басқару  формасы  демократия  дамуындағы  жоғары  көрсеткіш  деңгейі  болып 
саналады.  1995  жылы  Президенттік  басқару  формасы  жарияланған  Қазақстан 
Республикасы бүгін Президенттік—парламенттік республикаға айнала бастады. 
Бұл жас, тәуелсіз мемлекет үшін өте зор саяси жетістік болып саналады.  
Сонымен, Қазақстан  Парламенті  қызмет  атқарған  жылдары  оның  әрбір 
сайланымы  мен  сессиясы  еліміздің  экономикалық  және  саяси  дамуын 
заңнамалық  тұрғыдан  қамтамасыз  ету  жолында  табысты  қызмет  атқарды. 
Парламент  жүздеген  озық  үлгідегі  заңдар  қабылдап,  биліктің  атқарушы  және 
заң  шығарушы  тармақтарының  арасындағы  күштердің  орнықты  тепе-теңдігін 
қамтамасыз  етіп, палаталардың  әрқайсысында  заңдарды  нақтылықпен  қарау 
арқылы заң жобаларын бекітудің парламенттік тиімді жолдарын қалыптастыра 
білді.
Бүгін Қазақстан саяси жүйені демократияландырудың жаңа кезеңіне өтті. 
Парламенттің    болашақта  да  қоғамның  саяси  жүйесін  жетілдіруші, 
мемлекетімізді  демократиялық  жолмен  дамытушы  күші  болып  қала  беретіні 
анық.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет