Саясаттану



Pdf көрінісі
бет40/131
Дата06.01.2022
өлшемі15,5 Mb.
#15124
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   131
               Конфедерацияның негізгі белгілері:
- конфедерацияда бәріне ортақ мемлекеттік билік болмайды;
- одаққа  қосылған  мемлекттер  ортақ  мақсаттарын  бірігіп  жүзеге асырады;
-конфедерация құрамындағы барлық мемлекеттеге ортақ мекемелері болады
-конфедерация  құрамындағы  мемлекеттердің  өз  әскері, ұлттық  валютасы 
болады.
             Конфедерация  құрамындағы  тәуелсіз  мемлекеттер  өздеріне  ортақ 
мүдделерін бірігіп шешуі үшін арнаулы мекемелер құрады. Мысалы, қорғаныс, 
сауда, транспорт салаларындағы және т.с.с.ортақ мекемелері.   
              Қәзіргі кезде конфедерация таза күйінде кездеспейді. Өткен уақыттарда 
конфедерация мемлекеттер арасында көбірек орын алды. Мысалы, 1847 жылға 
дейін  Швейцария  конфедерациясы,  ал  1815-1867  жылдары  конфедерация 
Германияда болды.
              Кәзіргі  кезеңде  Тәуелсіз  мемлекеттер  достастығының  (ТМД) 
конфедерацияға айналу мүмкіндігі болған еді, бірақ бұл мемлекеттер арасында 
осы күнге дейін бәріне ортақ мекеме құрылған жоқ.
              Еуропалық Одақты конфедерация қатарына жатқызуға болар еді, бірақ 
бұл  одақтағы  мемлекеттердің  өзара  қатынасы  федерацияға  ұқсап  келеді 
(еуропалық ортақ саяси билігі парламенті бар, мемлекеттер бірлестігінде ортақ  
валюта (евро) пайда болды).
              Әйтсе  де  Еуропалық  Одақты  толығымен  федерацияға  жатқызуға 
болмайды.  Бұл  Одақтың  құрамындағы  мемлекеттердің  мәртебесі  (статусы) 


63
автономиялық  дәрежеде  емес,  олар  тәуелсіз  мемлекеттер  болып  табылады. 
Қорыта  келгенде, Жалпыевропалық Одақты адамзат тарихының жаңа заманғы 
мемлекеттік  құрылыстың  бастауы  деп  есептеуге  болады.  Мемлекеттердің 
дамуына  саяси  өмірдің  жалпы  бағыты  тұрғысынан  қарағанда,  мемлекеттік 
басқаруда  мәңгі  өзгеріссіз  ешнәрсе  жоқ  екенін  дүниежүзілік  саяси  практика 
дәлелдеп отыр. 
                 Мемлекеттік  басқару  түрі  дегеніміз  –саяси  билік  кімнің,  қандай 
ұйымның,  қандай  субъектінің  құзырында  екендігін  көрсететін  ұғым.  Қазіргі 
кезеңде  мемлекеттік  басқарудың  үш  түрі  бар:  монархия,  конституциялық 
монархия  және  республика.  Мемлекеттік басқарудың осы  түрлеріне жоғарыда 
талдау жасалынып, мысалдар арқылы көрсетілді.
Қазіргі  кезеңдегі  дүниежүзіндегі    мемлекеттік  басқарудың  негізгі  бағыты—
республикалық  мемлекет  түріне  өту.Сол  себептен  мемлекеттік          басарудың 
осы  түріне  кеңінен  тоқталамыз.  Республиканың  өзінің  бірнеше  түрлері  бар. 
Қазіргі  кезеңде  дүниежүзінде  көп  қолдау  тапқан  және  ең  көп  орын  алатыны 
демократиялық  республикалар.  Олардың  өзі  үлкен  үш  топқа  бөлінеді: 
президенттік  республика,  президенттік-парламенттік  республика  және 
парламенттік республика. 
Президенттік республиканың белгілері:
1. Екі жүйелі сайлау. Президенттік және парламенттік сайлаулар әрқайсысы өз 
алдына бөлек өткізіледі. 
2. Үкімет президентке тәуелді. 
3. Атқарушы  биліктің  және  мемлекеттің  басшысы  президент.  Үкімет  те 
президенттің қарамағында болады. 
Президенттік  республикаға  жататын  мемлекеттер,  мысалы,  АҚШ,  Ресей, 
Қазақстан, Португалия, Мексика және т.б. 
Президенттік-парламенттік республиканың белгілері: 
1. Екі жүйелі сайлау: президенттік және парламенттік сайлаулар әрқайсысы өз 
алдына бөлек өткізіледі. 
2.  Парламент  парламенттік  сайлауда  жеңіп  шыққан  саяси  партиялардың 
уәкілдерінен қалыптасады. 
3. Президент – мемлекеттің басшысы. Үкімет Президенттің алдында жауапты. 
Үкімет мүшелері Парламент палаталарына есепті. 
Президенттік-парламенттік республикаға жататын  мемлекеттер, мысалы, 
Франция,  Австрия, Ирландия, Польша, Финляндия және т.б. 
Парламенттік республиканың белгілері:
1. Сайлау бір жүйелі. Тек парламент сайланады. 
2.  Парламентте  ең  көп  орын  алған  саяси  партияның  жетекшісіне  премьер-
министрлік (атқарушы билік) және мемлекет басшысы міндеті жүктеледі. 
3. Үкімет парламентке тәуелді. 
Парламенттік  республикаға,  мыселы,  Германия,  Италия,  Индия,  Түркия, 
Израиль және т.б. жатады.
ХХ  ғасырдың  соңғы  ширегінде  мемлекеттік  басқару  түрлерінің,  жалпы 
демократияның  дамуына  байланысты  шын  мәніндегі  демократиялық 


64
республиканың жаңа деңгейлері қалыптаса бастады. Олар - азаматтық қоғам 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет