Монархия деп – мемлекеттің жоғарғы өкімет билігі жеке-дара, бір билеушінің қолында болып, ол әкеден балаға мұра ретінде қалатын түрін айтады.
Монархия абсолюттік, конституциялық болып бөлінеді. Абсолюттік монархия деп жоғарғы өкімет билігі бүтіндей, тұтас, формальді түрде де шектелместен бір адамның қолында тұрған құрылысты айтады. Конституциялық монархияда монархтың билігі белгілі дәрежеде заң шығаратын билік парламентпен шектеледі. Қазір Бельгия, Голландия, Дания, Иордания, Испания, Норвегия, Люксембург, Марокко, Жапонияда сақталған.
Республика деп – мемлекеттік биліктің барлық жоғары органдары белгілі бір уақытқа сайланатын немесе өкілдік мекемелер арқылы қалыптасатын мемлекеттік басқарудың түрін айтады.
Республика президенттік және парламенттік болып бөлінеді.
Федерация – деп белгілі бір саяси тәуелсіздігі бар бірнеше мемлекеттік құрылымдардың бірігіп одақтық жаңа бір мемлекет құруын айтады.
Жалпы мемлекеттік конституция барлық бірігіп отырғаң қүрылымдарға қажет. Барлығы ортақ институттарға бағынады. Бірақта әрқайсының жоғарғы билеу органдары болады. Өздеріне қажет заңдарда шығаруға қүқықтары болуы мүмкің. Мысалы: АҚШ, Германия, Канада,Ресей т.с.с.
Конфедерация – деп өздерінің кейбір амал-әрекеттерін үйлестіріп, белгілі бір мақсаттарды жүзеге асыру үшін бірлескен егеменді елдер одағын айтады. Міндетті ортақ заңдары болмайды. Мысалы: бұрын Швейцарияда, Солтүстік Америка Штатында болған.Қазіргі замандарда осы түрге бірлестірілген еуропа елдерің келтірүге болады
Әр елде парламентті әр түрлі атайды: АҚШ, Филиппинде – конгресс; Польша, Финляндияда – Сейм; Иран, Түркияда – Мәжіліс; Израильде – Кнессет; Швейцарияда – Ригстаг; Францияда – Ұлттық жиналыс дейді.