Саяси режим негізінде екі түрге бөлінеді: демократиялық және демократиялық емес.
Демократиялық режим - барлық халықтың тендік пен бостандыққа негізделінген идеясында мемлекеттің басқару ісіне қатысуы
Демократиялық емес режим - халықтың билік жүргізу ісінен алшақтатылуы.
ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ЕМЕС РЕЖИМДЕР
Олардың түрлері сан алуан болады.
1. Тоталитарлық - (латын сезінен - totalis барлық, толық) қоғамдағы мемлекеттік билік бір топтың, бір партияның қолында шоғырланған, елде демократиялық бостандық пен саяси оппозицияның болуына тыйым салған режим. Мемлекет жеке адамның барлық істерін бақылауға алады. Тоталитарлық режимде:
1. Тек бір партия билік жүргізеді.
2. Басқару қатаң түрде бір орталықтан жүргізіледі.
2.Авторитаризм - (гр. 'autoritas' - билік, ықпал ету) - саяси тәртіп түрі. Авторитарлық - біржақты билеу, басқарушылардың бағынушыларға жүргізетін үстемдігі.
Барлық мемлекеттік билікті бір адамның немесе адамдар тобының қолына шоғырландыру арқылы, саяси бостандықтарды барынша жоғары немесе аз деңгейде шектеуді білдіретін саяси режим түрінің бірі.
Тоталитаризмнең айырмашылығы авторитаризм халыққа бір идеологияны мойындатпайды, адамдардың жеке өміріне араласпайды. Бірақ, саяси билікке халық жаппай тартылмайды, шектеулі дәрежеде болады, оппозицияға кедергі жасайды, саяси билік бір ғана саяси лидердің, немесе арнайы топтардың, отбасының қолында болады