Саясаттану



Pdf көрінісі
бет15/52
Дата17.10.2023
өлшемі1,36 Mb.
#117141
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   52
дәстүрлік
үстемдік. Бұл билік киелі дәстүрге (сенімге

негізделеді. Сонау ерте заманнан бастап халықтың санасына сіңген, әбден 


53
бойлары үйреніп, дұрыс деп тапқан салт
-
дәстүрлерге сүйенеді. Мысалы, халық 
хандықты, патшалықты дәстүрлі түрде мойындаған. Қоғамдағы әртүрлі 
дағдарыстар үшін нақтылы ханды, патшаны ғана кінәлағанмен, ал патшалық, 
хандық оған кінәлі деп есептелмеген. 
Легитимді үстемдіктің екінші түрі 

харизматикалық.
Харизма 

ерекше 
дарынды, ақылды, батыр және басқа да үлгілі қасиеттері бар адам. Ондай 
адамның билік жүргізуін қоғам толық мойындайды. Халық тек ғана сол 
басшыға бағынып, соған ғана сеніп, оны көсем дәрежесіне көтеруге дейін 
барады. 
М.Вебердің ойынша, құқықтық мемлекет негізделетін легитимді 
үстемдіктің үшінші түрі
--
ашық, жария
үстемдік. Қоғамға үстемдік етуші
адам емес, заң болуы тиісті; ал ашық, жариялылық билік демократиялық 
талаптарға сәйкес келетіні белгілі. Демократиялық жағдайда мемлекеттік 
биліктің легитимді болуы үшін мынадай екі шарт қажет:
-
билік халықтың қалауы бойынша қалыптасуы және көпшіліктің еркіне 
қарай орнатылуы. Яғни, мемлекеттік биліктің иесін тура немесе жанама түрде 
белгілі бір мезгілге халық сайлайды және оның жұмысын бақылап отыруға 
мүмкіндіктің болуы тиіс; 
-
мемлекеттік билік конституциялық қағидаларға сәйкес жүзеге асырылуы 
керек. 
Сонымен, легитимді билік туралы ойшылдардың, саясаттанушы 
ғалымдардың тұжырымдамаларын қорытындыласақ, барлық мемлекеттік билік 
саяси билік болып табылады, бірақ барлық саяси билік мемлекеттік билік бола 
алмайды. Поляк саясаттанушысы Ежи Вятр атап көрсеткендей, саяси билік 

әлеуметтік топтар арасындағы қатынастардың түрі, ал мемлекеттік билік 
арнайы мекемелер арқылы жүзеге асырылатын билік түрі. 
Саяси және мемлекеттік биліктің ара қатынасы билікті бөлу ұсынымына 
сәйкес болуы қажет. Әсіресе мемлекеттік биліктің легитимді болуына бірінші 
кепілдеме 
-
шын мәніндегі халық қолдайтын конституция. Мысалы, бұрынғы 
кеңестік кезеңде мемлекеттік билік саяси биліктің қалыптасуына тыйым салып, 
саяси жүйенің барлық құрылымын мемлекеттендірудің негізі болды. Саяси 
ұйымдар мен саяси партиялардың өздігінше дамуына жол берілмеді. Билік 
түгелдей бір орталыққа топтастырылды, әлеуметтік бастамалар көтеру, 
шешімдер қабылдау, халықтың шынайы еркін білдіретін қозғалыстар 
қудаланды және бәрі де қатал орталықтандырылды. Бұл жетпіс жыл бойы 
қуатты мемлекеттердің бірі болған Кеңес Одағының тоқырауға ұшырауының 
негізгі себебі болды. 
Кейбір саясаттанушылар “биліктің ешқандай да түрі керек емес, қоғам 
өзімен
-
өзі биліксіз өмір сүре береді” деген де пікірлер айтады. Бұл анархизм 
идеологиясы. Бұл жолдың да болашағы жоқ, себебі бұл қағидалар қоғамды 
ретсіздікке, жаппай тәртіпсіздікке соқтыру мүмкін. 
Сондықтан алдыңғы қатарлы дамыған елдерде биліктің орталықтануы 
мен шоғырлануынан саналы түрде бас тартып, барлық азаматтардың өкімет 
шешімдерін қабылдауға араласуына, билікке қатысуын қалайды. Содан да 
болар, қоғамның қарқынды дамуына жағдай жасалып, халықтың тұрмыс
-


54
тіршілігі жайлы саналатын қазіргі өркениетті елдер деп аталып жүрген 
мемлекеттердегі демократиялық республика, конституциялық монархия және 
т.б. биліктің түрлері легитимді деп саналады. 
4. Саяси тәртіп (саяси режимдер)
“Саяси режим” ұғымы саяси билік проблемаларымен тікелей байланысты. 
Саяси режим (тәртіп) дегеніміз 

мемлекеттік билікті жүзеге асырудың тәсілі, 
қоғамдағы азаматтардың еріктері мен құқықтарының деңгейі. «Саяси режим» 
деген түсінікті «мемлекетті басқару түрлерімен» шатыстырмаған жөн, себебі 
демократиялық мемлекет жағдайындағы саяси тәртіптің де әртүрлі сипаттары 
бар. Бұл ұғым мемлекет басқарудың түрін емес, оның сапасын айқындайды, 
қоғамның саяси өміріне сипаттама береді. Саяси тәртіп түсінігінің шеңберіне 
мемлекеттік билікті қалыптастыратын тәсілдер, сол үшін қолданылатын 
құралдар, саяси биліктің іс
-
қимылдарының түрлері және т.б. жатады.
Саяси тәртіп ұғымымен танысу барысындағы ерекше байқалатыны 
-
мемлекеттегі билік жүйесін қалыптастыру мәселесі. Билік сайлау арқылы
қалыптасады ма, әлде өзара сыбайластықпен тағайындала ма? 

деген сұрақ. 
Мысалы, кейбір жағдайда сөз жүзінде мемлекет жүйесіндегі барлық басшылар 
сайланады деп айтылғанмен, іс жүзінде оларды жоғарғы органдағылар бекітеді 
немесе жариясыз түрде тағайындап отырады. Бұл 
шенеуніктердің іс жүзінде билікке қатысты мәселені бір
-
бірімен келісіп өз 
мақсатына сәйкес шешуіне ықпал етеді. Бұндай іс
-
әрекет көп жағдайда 
қоғамдағы азаматтардың еріктері мен құқықтарына қайшы келіп мемлекеттік 
биліктің заңдылығына (легитимдігіне) нұсқан келтіреді, демократияға кедергі 
жасайды. Қоғамның саяси өмірінде сыбайластық, жағымпаздық қаншалықты 
орын алса, мемлекет соншалықты ескірген саяси тәртіпке айнала бастайды.

Саяси білімдер әдебиетінде саяси тәртіптерді демократиялық және 
демократияға қарсы (антидемократиялық) деп үлкен екі топқа бөледі.
Демократиялық немесе саяси әртүрлілік (плюрализм) тәртібі дегеніміз 

саяси 
билік органдарының халықтың бақылауында болуын қолдайтын қоғамның 
саяси және экономикалық құрылысының түрі. Саяси әртүрлілік коғам 
мүшелерінің құқығы мен бостандығын жоғары бағалаушы саяси тәртіп. Бұл 
режимде мемлекеттік биліктің көзі толығымен халық болып саналады. 
Саяси әртүрлілік тәртібінің негізгі белгілері:
-
заңсыз үстемдік етуші биліктің қоғам өмірінен аластатылуы;
-
қоғамның саяси жүйесінің жалпыадамзаттық құндылықтар жолын
ұстануы;
-
экономикадағы демократиялық принциптердің орнығуы;
-
азматтарды әлеуметтік қорғау жүйесінің дамуы;
-
қоғам мүшелерінің мәдени
-
рухани дамуына толық жағдай жасау. 
Адамзат тарихында орын алатын монархиялық, тоталитарлық билік 
тұсында және авторитаризм кезеңінде демократиялық тәртіптің орнатылуына 
мүмкіндік болған жоқ. Әлем халықтары демократияға соңғы кезеңдерде ғана 
жете бастады.Сол себептен қазіргі кездегі саяси тәртіпке сипаттама жасау үшін 


55
демократиялық емес саяси тәртіптердің тарихи түрлерін білудің маңызы зор. 
Адамзат тарихында саяси тәртіп бірнеше түрлерден және кезеңдерден 
өтті.Саяси тәртіп көп жағдайда бір қалыпта емес, аралас түрде 
кездеседі.Солардың ішіндегі негізгі үш түрін атауға болады. Олар империя, 
тоталитарлық және авторитарлық режим. 
Империяның
негізгі белгілері:
-
жер көлемінің орасан зор болуы; 
-
құрамындағы халықты күшпен бір орталыққа бағындырып отыратын биліктің 
орнығуы;
-
әрдайым өз жерін кеңейтуге бағытталған саясат ұстануы; 
-
саяси орталық пен шет аймақтардың өзара шиеленісте болуы;
-
орталық саяси биліктің қоғамдағы әртүрлі әлеуметтік топтардың мүдделері 
мен сұраныстарын ескермеуі; 
-
мемлекеттің әртүрлі мәдени және этностық құрамнан тұруы.
Империялар ерте заманнан бастап қалыптасты, ал қазіргі уақытта олар 
таза күйінде кездеспейді. Тарихтан белгілері: Рим империясы, Қытай, Латын, 
Осман империялары, Араб халифаты, Британ, Ресей империялары, КСРО. 
Империялардың ең ұзақ өмір сүргені Рим империясы(б.з.д.27жылдан 
б.з.1453жылға дейін). Империялар тарихын терең зерттеген ойшыл, ғалым

Цицерон болды. Империя жөнінде ол былай деген: «Империяның ыдырауы 
айқын, себебі империя барлық уақытта орталық билік пен бағынышты 
халықтардың арасындағы қайшылыққа негізделеді». Цицеронның осы пікірінің 
ақиқат екенін тарих дәлелдеп отыр. Бүгін әлемде таза күйінде кездесетін 
империя жоқ және адамзаттың интелектуалдық сана
-
сезімінің жоғары дамуына 
байланысты ол тарихқа қайта оралмауы тиіс.
Тоталитарлық тәртіп
дегеніміз 

қоғамның барлық саласындағы әрбір 
адамның өмірі мемлекет тарапынан толық бақылауға алынған мемлекеттік
-
саяси құрылым түрі. Экономика саласында жеке меншікке шек қою; саяси 
салада қоғамдық ұйымдар мен саяси партиялар қалыптастыруға тиым салу; бір 
ғана басқарушы партияға мүше болуға мәжбүр ету; рухани салада бір 
идеологияға бейімделу т.с.с.
Тоталитарлық тәртіптің негізгі белгілері: 
-
қоғамдағы саяси
-
әлеуметтік тәртіптің күшпен орнатылуы; 
-
әлеуметтік топтардың бостандығының шектелуі; 
-
мемлекеттік немесе жалғыз басқарушы партияның идеологиясының 
жүргізілуі; 
-
бейімделушіліктің (конформизм) қалыптасуы: іштей келіспесе де, билік 
басындағы адамдардың ығына жығылып, бейімделу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет