63
автономиялық дәрежеде емес, олар тәуелсіз мемлекеттер болып табылады.
Қорыта келгенде, Жалпыевропалық Одақты адамзат тарихының жаңа заманғы
мемлекеттік құрылыстың бастауы деп есептеуге болады. Мемлекеттердің
дамуына саяси өмірдің жалпы бағыты тұрғысынан қарағанда, мемлекеттік
басқаруда мәңгі өзгеріссіз ешнәрсе жоқ екенін дүниежүзілік саяси практика
дәлелдеп отыр.
Мемлекеттік басқару түрі
дегеніміз
–
саяси билік кімнің, қандай
ұйымның, қандай субъектінің құзырында екендігін көрсететін ұғым. Қазіргі
кезеңде мемлекеттік басқарудың үш түрі бар: монархия, конституциялық
монархия және республика. Мемлекеттік басқарудың осы түрлеріне жоғарыда
талдау жасалынып, мысалдар арқылы көрсетілді.
Қазіргі кезеңдегі дүниежүзіндегі мемлекеттік басқарудың негізгі бағыты
—
республикалық мемлекет түріне өту.Сол себептен мемлекеттік басарудың
осы түріне кеңінен тоқталамыз. Республиканың өзінің бірнеше түрлері бар.
Қазіргі кезеңде дүниежүзінде көп қолдау тапқан және ең көп орын алатыны
демократиялық республикалар. Олардың өзі үлкен үш топқа бөлінеді:
президенттік республика, президенттік
-
парламенттік республика және
парламенттік республика.
Достарыңызбен бөлісу: