Саясаттану



Pdf көрінісі
бет17/52
Дата17.10.2023
өлшемі1,36 Mb.
#117141
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   52
автономия,
дербес, өз алдына деген мағынаны білдіреді. 
Макиавелли мемлекетті тек ғана қоғамды басқаратын ұйым ретінде 
түсінумен шектелмей, оның дамыуы, халықтың мұқтаж
-
мүдделеріне сәйкес 
қызмет атқаруы туралы тұжырымдамалар жасады. 
Кейінгі ғасырларда қоғам мен мемлекетті дербес, өзара ажыратып, 
мемлекетті қоғамның басқарушы ұйымы ретінде дамыту мәселесі саяси 
ғылымда айрықша орын алды. Саясаттануда осы мәселе жөнінде әртүрлі, құнды 
тұжырымдамалар жасаған Гоббс, Локк, Руссо, Гегель, Кант, Мэдисон және т.б. 
болды. 
Мемлекет қоғам өмірінің дербес саласы ретінде танылғаннан кейін 
ғалымдар 
мемлекет
пен 
адамның
өзара қатынасын зерттей бастады. Оның 
негізгі себебі 

мемлекет шеңберіндегі адамның орны, ролі жөніндегі 
мәселелердің туындауы. Қоғамда, мемлекетте адам жалпы дамуға ешбір әсер 
ете алмайтын тіршілік иесі ғана ма, әлде ол (адам) қоғам, мемлекет өміріндегі 
шешуші күш пе? 
Осы мәселе бойынша бірнеше ғасырға созылған ғылыми пікірталастың 
нәтижесінде саясаттануда этатизм деген бағыт пайда болды.
Этатизм
дегеніміз 
-
мемлекетке табыну, кейбір жағдайдағы қоғам мен 
жеке адам бостандығына әкелетін қиянатына, зорлық
-
зомбылығына төзіп 
шексіз билікті мойындау. 
Әсіресе XVI ғасырдан бастап ғалымдар арасында этатизмге қарсы 
пікірлер күшейді. Мақсат 

қоғам мен мемлекеттегі адам ролін көтеру
мемлекет жағынан адамның еркіне қарсы тұратын кедергілерді жою. 
Саясаттануда бұл мәселені зерттеудегі ағылшын ғалымы Томас Гоббстың үлесі 
ерекше. Ол “Левиафан” деген еңбегінде мемлекетке дейінгі қоғам өмірін 
суреттейді. Оның ойынша, әрбір адамның жаратылысынан өмір сүруге “табиғи 
құқығы” бар. Олардың құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан 
берілген. Бірақ табиғи заңдылықтар ешкімді де қауіпсіздіктен құтқармайды, 
ешкімнің өміріне кепілдік бермейді. Мемлекетсіз дәуір 

ол барлық адамдардың
«барлық адамдарға қарсы соғысы». Сол себептен табиғи, қатал өзара қарым
-
қатынас жағдайында адамдардың өмірін қорғауға кепілдік беретін ұйым іздеу 


60
керек деген қорытындыға келді. Мемлекеттің пайда болуы 

ол адамдардың 
келісім
-
шарты. Адам сыртқы қатерден сақтануы үшін өз құқықтарын 
мемлекетке тәуелді етті. 
Т.Гоббс қоғамдық тәртіпті табанды, қатал ұстайтын мемлекетті 
жақтайды. Сондықтан ғалым өз теориясын Англиядағы монархияны қайта 
құруға, жаңғыртуға бағыттағаны белгілі.
Сонымен қатар, Гоббстың ойынша: «Мемлекеттік билік 

жоғарғы заң 
шығарушы және оған бағыну. Басшы өзіне бағыныңқы адамдардың арасында 
теңдік болуы қажет екенін қадағалап отыруы тиіс және оларды сотта қорғай 
білуі қажет». 
“Левиафан” 
-
библия мифологиясы бойынша ғажайып, барып тұрған 
жауыз, рақымсыз, жан түршігерлік аң. Оған қарсы тұратын ешбір нәрсе де жоқ. 
Ал ғалым “Левиафанмен” 

мемлекетті теңестіріп сипаттайды, себебі мемлекет 
адамдарға зорлық жасайды, күш көрсетеді, ал адамдар соған төзеді. Дегенмен, 
Гоббстың ойынша, мемлекет қандай мықты болса да 

ол “ажалды құдай”, 
себебі ол жасанды. Мемлекет адамдардың ақылы мен қолынан туындайды, ал 
адам 

табиғаттан жаратылған. Сол себепті қоғамда адам бірінші орында, ал 
мемлекет 

екінші орында тұруы тиіс. 
Адам мен мемлекеттің арақатынасын сараптай келе, Т.Гоббс: “Адамға 
құқықты үлестіріп беретін мемлекет емес, мемлекеттің өзі жеке адамдардың 
құқықтарынан жинақталады» 
-
деген қорытынды жасайды. 
Яғни, адамның қоғамдағы орны ең жоғарғы сатыда, әрбір адамның 
“табиғи құқығы” бар, “мемлекет оны заң арқылы қорғауға тиісті”.
Сөйтіп, ұлы ойшылдың тұжырымдамалары қазіргі замандағы адамның 
“табиғи құқығы” идеясына негіз болып халықаралық деңгейде қолдау тапты. 
1948 жылы БҰҰ қабылдаған “Адам құқықтарының жалпыға бірдей 
Декларациясында” «адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан 
берілген, бұл ұстамды әрбір мемлекет өз заңдарына енгізуге тиісті» 
-
деп 
жариялады. 
Қазақстан Конституциясында осы принципті іске асыру көзделген. Оның 
12-
бабында: “Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан 
жазылған, олар абсолютті деп табылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар 
мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған 
қарай анықталады” 
-
деп жазылған.
Сөйтіп, ғасырлар бойы ойшылдар мен ғалымдардың адам мәртебелілігін 
мемлекеттен де жоғары көтеру талабы дүниежүзілік қоғамдастыққа кірген 
Қазақстанда да қабылданды. Оның басты, негізі себебі 
-
Қазақстан 
Республикасының құқықтық және әлеуметтік мемлекет орнықтыру мақсаты 
болып табылады. 


61
2. 
Қазіргі кезеңдегі мемлекет: құрылымы және қызметі
Қазіргі кезеңде мемлекет ел басқару міндетін атққаратын қоғамның 
негізгі саяси ұйымы ретінде танылады. Қандай да болмасын мемлекеттің үш 
құрамды элементтері болады: ел территориясы, халқы және саяси билігі.
Мемлекеттің негізгі белгісі 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет