Саясаттану



Pdf көрінісі
бет26/52
Дата17.10.2023
өлшемі1,36 Mb.
#117141
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   52
Бақылау сұрақтары
1.
Қазақстандағы көппартиялықтың қалыптасуы
.
2.
Саяси партиялардың қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстардан 
айырмашылығы
.
3.
Көппартиялықтың пайда болуы қоғамдағы қандай саяси процеспен 
байланысты болды? 
4.
Әртүрлі саяси партиялардың ортақ белгілері қандай

5.
Партиялық жүйенің түрлері
.


86
6.
Саяси партия мемлекеттік билік пен азаматтардың арасындағы байланыс 
құралы деген тұжырымдаманы қалай түсінесіз? 
7.
Қазақстан Республикасының “Қоғамдық бірлестіктер туралы” Заңының 
негізгі мазмұны
.
8.
Қазақстан Республикасының “Саяси партиялар туралы” Заңының негізгі 
мазмұны
.
9.
Қоғамдағы көппартиялықтың маңызы 
10.
Қазіргі кезеңдегі Қазақстандағы саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар
.


87
YІ тарау
САЯСИ МӘДЕНИЕТ: МӘНІ, ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ 
ДАМУ ПРИНЦИПТЕРІ
1. 
Ұлттық мәдениет және саяси мәдениет 
«Саяси мәдениет» деген түсінікті «рухани мәдениет» және «ұлттық 
мәдениет» ұғымдарынан айыра білу қажет. Әрбір қоғамдағы 
рухани
мәдениеттің даму деңгейі ең алдымен білімнің жетілуімен байланысты. Рухани 
мәдениет, әрине, халықтың, ұлттың тарихы, дәстүрлері, әдет
-
ғұрыптарымен 
тікелей байланысты және соларға негізделеді. 
Ұлттық мәдениет 
-
саяси проблемалардың немесе саясаттың әсерінсіз 
қалыптасатын тарихи процесс саласы. 
Ал 
саяси мәдениетті
қалыптастырушы 

қоғамдағы саяси процестер. 
Әрбір мемлекеттегі саяси мәдениеттің қалыптасуы немесе өзгеруі саяси 
режиммен (саяси тәртіппен) байланысты. Қоғамда саяси режим өзгерген 
жағдайда, саяси мәдениет те сол режимге бейімделіп, қайта қалыптаса 
бастайды. Мысалы, Қазақстан өзінің тарихында әр түрлі саяси режимдерді 
-
хандық, патшалық, тоталитарлық режимдерді басынан өткерді.. Қазіргі кезеңде 
демократиялық режим орнықтыру жолында. Осы саяси режимдердің ауысуы 
қазақ халқының ұлттық рухани мәдениетінің негіздерін өзгерте алған жоқ, 
капитализм және социализм жағдайында да рухани мәдениет өзіне тән 
құндылықтарын сақтап қала береді. 
Әрбір елдегі саяси мәдениетті дамытудың негізгі мақсаты 

азаматтарды 
мемлекеттік саясатты, қоғамдағы ұстаным етілген саяси идеологияны, мемлекет 
құрылымын, оны іске асыру тәсілдерін танып білуге мемлекеттік және 
қоғамдық істерде өз отанының мүддесі үшін қызмет етуге бағыттау. Қорыта 
айтқанда, саяси мәдениеттің маңызы 

азаматтардың қоғамның саяси жүйесін 
қолдап оны дамытуға белсенді қатысуы. 
Бұл тұста саяси мәдениетті қалыптастыратын қоғамдық күштер қандай, 
оның мазмұны мен түрін кімдер айқындайды? 
-
деген сұрақ туындайды. 
Қоғам мүшелерін мемлекеттік саясатқа бағыттау саясаттануда 
әлеуметтендіру
(социализация) деп аталады. Саяси әлеуметтендіру қоғамдағы 
ұрпақтардың дамуына сәйкес бастапқы және соңғы болып екі кезеңге бөлінеді.
Бастапқы кезең отбасы мен бастауыш сынып балаларын қамтиды. Соңғы 
кезеңнің қатарына мемлекет, білім беру жүйесі, бұқаралық ақпарат құралдары, 
саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар, мемлекет жатады. 
Саяси әлеуметтендірудің алғашқы кезеңі отбасындағы жас балалардың 
саяси мәдениетінің қалыптасуы 
-
ата
-
анасының саясатқа деген көзқарастарынан 
басталады. Билік саласындағы белгілі тұлғалардың, теледидардан күнде 
көретін саясаткерлер немесе көшеде кездесетін полиция қызметкерінің 
бейнелері арқылы да баланың бойында саясатқа байланысты алғашқы сезім 
қалыптасады.Ал діни дәстүрдегі Иран, Пәкістан, Ирак және Ауғанстан 


88
мемлекеттерінде саясатпен алғашқы таныстық дін қызметкерлері арқылы 
қалыптасуы мүмкін. 
Бұрынғы Кеңес Одағында мемлекеттік идеология тарапынан балаларға 
арнайы саяси тәрбие беру үшін “Октябршылдар”, “Пионер” атты балалар 
ұйымдары қызмет етті. Бұл ұйымдар осы режимнің саяси мәдениетінің 
қалыптасуының бастапқы сатысы болатын. 
Саяси мәдениет қалыптасуының соңғы кезеңіне жататын негізгі ұйым

мемлекет. Мемлекет бұл қызметті заң арқылы атқарады. Елдің барлық 
азаматтарына ортақ заңдар арқылы саяси мәдениеттің негізгі белгісін, саяси 
менталитет (адамдардың бірін
-
бірі түсінушілігін) қалыптастырады. 
Мемлекеттік рәміздер (символдар) қабылданды. Қазақстанның басты 
рәмізі 

Республика болып танылады. Бұл мемлекет басқару түрі ретіндегі
демократиялық құндылық. Мемлекет басқа да рәміздерін 

Туын, Елтаңбасын, 
Әнұранын бекітіп, азаматтарының өзін
-
өзі ұстау үлгілерін қалыптастырады. 
Саяси мәдениет негіздерінің бірі ретінде патриоттық тәрбие беру мәселесі 
маңызды орын алады. 
Саяси мәдениеттің негізгі қызметтеріне жататындар:
1.Тәрбиелік қызметі: саяси білімі жоғары тұлға дамуына, қалыптасуына, 
олардың саяси ой
-
санасын кеңейтіп, саяси ынтасын жоғарылатуға бағытталған 
қоғамдық
-
саяси мақсаттардағы іс
-
қимылына игі әсер етеді, азаматтардың 
әлеуметтік белсенділігін арттырады. 
2.Біріктірушілік қызметі: саяси мәдениет қалыптасатын жүйенің тірегі 
ретінде қызмет етеді, билік жүйесінің әлеуметтік негізін қалайды. 
3.Танымдық қызметі: азаматтарды қоғамдық тәртіпке, мемлекеттің ішкі 
және халықаралық саясатын ұғынуына, бұрынғы және қазіргі саяси жүйені, 
саяси қайраткерлер мен басқа да лауазымды адамдарды бағалай білуге 
үйретеді. 
4.
Қорғау қызметі: мемлекеттілікке бастаушы, саяси құрылымның 
қорғаушысы, қоғамның жедел дамуына сәйкес келетін саяси құндылықтарды, 
игіліктерді сақтау қызметтерін атқарады. 
5.Сабақтастық қызметі: жаңа ұрпаққа қоғамдық сана мен тәжірибеде
танылған қоғамдық тәртіп үлгілерін жеткізу. 
Саяси мәдениет азаматтардың қоғамның саяси өміріне неғұрлым 
белсене қатысып, мемлекеттің саяси жүйесін қалыптастыруға маңызды әсерін 
тигізеді. 
Сонымен, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет