Саясаттану



Pdf көрінісі
бет34/52
Дата17.10.2023
өлшемі1,36 Mb.
#117141
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   52
Либерализм

азаматтарға қатысты мемлекеттік және қоғамдық әртүрлі 
басымдықтарды жою немесе жұмсартуды мақсат ететін идеология түрі. Бұл 
идеологияның негізін қалаушы ағылшын философы Джон Локк. Осы ғалымның 
ұсынысы өз заманының қажеттілігінен туындады. ХҮІІ ғасыр адамзаттың 
ортағасырлық бұғаудан жаңа ғана шыға бастаған кезі еді. Адамзат тарихында 
орта ғасырлар баршаға әйгілі монархияның, шексіз биліктің, тұйық 
сословиеның, еуропа елдеріндегі шіркеу түнегінің үстемдігінде болды. Әрбір 
адамның өз табиғи қабілетін іске асыру бостандығы мен мүмкіншілігі болмады. 
Осылайша адамдарды мәжбүрлеу тәртібі қоғамдағы тоқыраушылық 


106
көріністерін күшейтті. Дж.Локк өзінің либералдық идеясында әрбір адам өз 
қабілетін іске асырмайынша, елдің дамуына өзінің үлесін қоспайынша қоғам 
қарқынды дами алмайды, адамдарды мемлекеттік дәстүрлі жіктеуліктен, дін 
құрсауының ықпалынан босату керек деп түсіндірді. Либералдық идеяны 
көпшілік жақтап шықты, әсіресе жаңа қалыптасып келе жатқан буржуазиялық 
таптың тез қабылдауының арқасында кейін идеологияға айналды. Экономика 
саласында нарықтық қарым
-
қатынас қалыптаса бастады, енді біреулері кішкене 
шеберхана ашса, біреулері жеке меншік жерге ие болды, сөйтіп өндіріс 
дамыды. 50
-
100 жылдан кейін осы кішкене шеберханалар ірі зауыттарға, 
фабрикаларға, ал кішкене бау
-
бақша жерлері үлкен фермерлік шаруашылыққа 
айналды, нәтижесінде халықтың тұрмыс жағдайы қалыптасып жақсарды. 
Қорыта келгенде, либерализм идеологиясы 
капитализмнің
қалыптасып 
дамуына зор әсер етті. 
ХХ ғасырдың басында либерализм идеологиясының одан әрі дамуына 
байланысты бұдан өзгеше саяси идеология ретінде жаңа либерализм 

неолиберализм бөлініп шықты. 
Неолиберализм

азаматтар мен қоғамның экономикалық және 
әлеуметтік өмірін мемлекеттік реттеуге бағытталған идеялар жиынтығы. 
Егер осы екі идеологияны: либерализм мен неолиберализмді салыстырып 
қарасақ, алғашқыда бір
-
біріне қарама
-
қарсы бағыт сияқты көрінеді. Себебі, 
либерализм мемлекеттік үстемдікті жұмсарту жолын талап етсе, ал 
неолиберализм керісінше 
-
мемлекеттік реттеуді күшейтуді ұсынады. Дегенмен, 
осы екі идеологияның арасында бітіспес қарама
-
қарсылық жоқ. Неолиберализм 
идеологиясының пайда болуы қоғамда қалыптасқан әлеуметтік жағдайлармен 
байланысты болатын. Либерализм ұстанымы бойынша дамушы нарықтық 
қатынас ең алдымен бәсекелестікке байланысты. Бәсекелестік экономиканы 
дамытады, бірақ бәсекелестікте адамдардың бәрі, әрине, жеңіске жетпейді, сол 
себепті теңсіздік күшейеді, көптеген адам күйзеліске, кедейлікке ұшырайды. 
Сондықтан еркін нарықтық тетіктерді реттеу, кедейшілікпен күресу үшін 
мемлекеттің араласуы, оның ролінің күшейуі тиіс. Неолиберализм идеологиясы 
бойынша мемлекеттің аса жауапты міндетінің бірі 

нарықтық жағдайда 
азаматтарды әлеуметтік қорғау жүйесін жасау. 
Либерализм идеологиясы бойынша қоғамдағы мемлекеттің басты қызметі 
“түнгі сақшы” сияқты болатын болса, неолиберализм жағдайында мемлекет 
“жалпыға бірдей игілік” міндетін атқаруы тиіс. 
ХХ ғасырдың екінші жартысында капиталистік елдердегі көптеген саяси 
партиялар өз бағдарламаларын неолиберализм идеологиясына негіздейтін 
болды. Мысалы, Жапонияда 1955 жылдан бастап билік басында сол елдің ең ірі 

либералдық
-
демократиялық партиясы қызмет етеді. Либералдар Англияның, 
Австрияның, Канаданың және тағы басқа елдердің саяси өмірінде өздерінің 
лайықты орындарын алуда. 
ХҮІІІ ғасырда дүние жүзінде тағы бір саяси идеология қалыптасты. Ол 

консервативтік (консерватизм) идеология. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет