Саясаттану



Pdf көрінісі
бет27/52
Дата17.10.2023
өлшемі1,36 Mb.
#117141
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   52
саяси мәдениет
дегеніміз 
-
адамдардың саяси білімдерін, 
саяси ой
-
пікірлерін қалыптастыратын және олардың саяси процестерге 
қатысудағы 
мінез
-
құлықтары 
мен іс
-
әрекеттерін бейімдейтін 
қоғам 
мәдениетінің ерекше саласы. 
Елдегі саяси мәдениеттің біртұтастығы қоғамның тұрақтылығын, 
көптеген саяси құбылыстардың болжамдарын айқындаудың негізін қалайды. 
Қоғамдағы саяси мәдениеттің қалыптасуы мен дамуында әртүрлі 
проблемалар кездеседі. 
Біріншісі,
қандай да болмасын, қоғам бірнеше 
әлеуметтік топтардан тұрады. Олар: кәсіби, ұлттық, діни, жас ерекшеліктеріне 
қарай, аймақтық және тағы басқалары болып бөлінеді. Осындай топтардың 


89
кейбірі қоғамдағы жалпы бағытталған саяси мәдениеттен дәстүрлеріне, 
мүдделеріне, өз көзқарастарына байланысты ерекшеленуі мүмкін. Осындай 
ерекшеленуші әлеуметтік топтарды саяси әдебиетте субмәдениет деп атайды. 
Субмәдениет
деп қоғамда үстемдік ететін саяси мәдени бағыттан 
айтарлықтай ерекшеленетін саяси бағдарды айтады. Қоғамда субмәдениеттер 
әртүрлі болған жағдайда қоғамдық, саяси өмірдің тұрақтылығын әлсіретудің 
негізі қаланады. Яғни, қоғам саяси бағыттары үйлеспейтін топтарға бөлінеді. 
Қазақстандағы қазіргі кезеңдегі үлкен субмәдениеттердің бірі
-
ұлттық 
этникалық топтар. Түрлі субмәдениеттердің болуы қоғамның бірлестігін 
әлсіретеді. Мысалы, кейбір ұлттық топтардың ауқатты уәкілдері қаржыларын 
өзінің “тарихи отанының” экономикасына салуға тырысады немесе Қазақстанда 
қазақтардан басқа ұлт өкілдерінің саяси партияларға мүше болуы да белсенді 
түрде емес. Бұл факт өз кезегінде саяси партиялар құрамының ұлттық 
өкілеттілігін қамтамасыз етпейді. 
Қазақстандағы тағы бір үлкен субмәдениет 

орыс тілді қазақтар. 
Олардың саяси мәдениетінің олқылығы қазақ халқының ұлттық рухани 
құндылықтарын игере алмайтындығында. Ал қазақ халқының өз арасында 
жерлестік және рулық топтардың да көрінісі бар. Бұл субмәдениеттің ішіндегі 
өзара сыбайластық арқылы руластарын, жерлестерін қызмет саласында жоғары 
лауазымдарға тарту демократияның принциптеріне және мемлекеттік заңға 
қайшы келеді. 
Саяси мәдениеттің біртұтастығы қоғамның тұрақтылығын, көптеген 
саяси процестер болашағын айқындау негізін қалайды. Бірақ қоғамда әр түрлі 
әлеуметтік топтардың болуына байланысты, субмәдениеттер болмай тұрмайды. 
Ал олардың арасында үйлеспеушілік орын алса, қоғамдық саяси өмірдің 
тұрақтылығы бұзылуы да мүмкін. Осындай жағдайда мемлекеттік саясатты 
қолдау бәсеңдейді немесе мүлде тоқтайды. 
Қоғамдағы субмәдениеттердің көзқарастар үндестігі мен келісім 
проблемасын шешудің айқын жолы 

демократиялық саяси мәдениет 
қалыптастыру. 
Қоғамның саяси мәдениетінің қалыптасу барысындағы 
екінші
проблема 

конформистік проблема. Егер саяси билік, мемлекет тарапынан саяси мәдениет 
мәселелеріне үстемдік жасалып, қатал бақылау қойылса, онда азаматтар 
әміршілдік нұсқауларға бейімделіп, енжарлық күйге түседі, саяси әртүрлілік, 
пікірталастық мүлде жойылады. 
Қоғамның саяси мәдениетінің 
үшінші
проблемасы 

мәдениеттің 
идеологиялық бақылауға түсу мәселесі. Қоғамдағы саяси мәдениеттің 
қалыптасуы сол мемлекеттің саяси режиміне және идеологиясына байланысты 
болады. Мысалы, қазіргі дінидәстүрдегі мемлекеттерде адам діннің 
қағидаларын жақсы білетін болса, сол адамның саяси мәдениеті жоғары деп 
есептелінеді. Немесе, бұрынғы Кеңес Одағында, тоталитарлық режим 
жағдайында егер қызметкер коммунистік партияның және социализмнің 
тарихын терең ұғып алған болса, ол адамның саяси мәдениеті жоғары деп 
есептелінді



90
Оның үстіне Кеңес үкіметі азаматтарды өз мемлекетінің саяси мәдениеті 
шеңберінен шығармай қойды. Соның салдарынан кеңестік азаматтар 
демократиялық ұстанымдардан, нарықтық экономикалық қарым
-
қатынастан 
бейхабар болды. Нәтижесінде, мемлекеттің өзі дүниежүзілік саяси мәдениет 
тәжірибесінен тыс қалып, тоқырауға ұшырап ақыры ыдырап кетті. 
Әлемдік саяси мәдениеттің дамуы барысында қазіргі кезеңде екі деңгей 
қалыптасқан. Бірінші деңгей 
-
әрбір мемлекеттің өз саяси мәдениеті. Екінші 
деңгей 

саяси мәдениеттің халықаралық, дүниежүзілік өркениетті 
мемлекеттерінде танылған құндылықтар. Олар: демократия, нарықтық 
экономикалық қарым
-
қатынас, көппартиялық, либерализм, реформизм, 
әлеуметтік қорғау жүйесі және тағы басқалары. 
2. Саяси мәдениет 
-
әлемдік саяси тәжірибе жиынтығы ретінде 
Саяси мәдениет туралы ой ерте замандарда пайда болды. Мысалы, 
антикалық ойшылдар Платон, Аристотель, кейінірек Никколо Макиавелли, 
Шарль Монтескье және басқалары бұл мәселеге көп көңіл аударған. Олар қатар 
жатқан табиғи жағдайы бірдей, жер
-
су, байлығы ұқсас елдердің тұрмыс
-
жағдайының, өмір
-
салтының әртүрлі болатынын, әр елдің адамының бір саяси 
оқиғаға әртүрлі көзқарас білдіретінін байқаған.Осы саяси құбылыстың себебіне 
жауап іздеген.
Бірақ олардың бәрі де “саяси мәдениетті” саяси өмірдің белгілі бір 
деңгейін білдіретін ұғым ретінде қолданған жоқ. Ал бұны жүзеге асырған ХХ 
ғасыр ғалымдары болды. Солардың бірі 
-
американдық ғалым Габриель Алмонд
. Ол Стэнфорд университетінің профессоры, саяси ғылымдардың Американдық 
ассоциациясының бұрынғы президенті. 1955 жылы Г.Алмонд өзінің 
“Салыстырмалы саяси жүйе” мақаласын жарыққа шығарды. Бұнда ол саяси 
мәдениетті қоғамның рухани өмірінің жеке бір саласы ретінде талдау жасады. 
Г.Алмонд 1968 жылы өзінің “Даму жолындағы аймақтардың саясаты” деген 
шығармасында “саяси мәдениет” ұғымын ғылымға енгізіп, оған анықтама 
берді. 
Ал кейін саяси мәдениет туралы көптеген еңбектер шыға бастады. Олар: 
Г.Алмонд пен С.Вербаның бірігіп жазған еңбегі; Л.Пай, Р.Фейген, Р.Такер, 
С.Липсет, Е.Шейх тағы басқа да зерттеушілердің шығармалары. 
Қазіргі таңда АҚШ және Еуропа елдерінің саяси әдебиетінде «саяси 
мәдениет» ұғымына байланысты көптеген анықтамалар берілген.. Осы ғылыми 
анықтамалар саяси мәдениет мәселесін зерттеудің төрт бағытын көрсетеді: 
1.
“Психологиялық”: саяси мәдениет саяси өмірдің бағыттаушы жүйесі 
ретінде қарастырылады. 
2. “
Қамтушы”: саяси мәдениет әрбір жеке тұлғаның саяси тәртібін бүркеулі 
түрде мемлекеттік саясатқа бейімдеу қызметін жүргізуші ретінде. 
3.
“Объективті”: саяси мәдениет тұлғаның тәртібін қадағалау, азаматтардың 
саяси 
іс
-
қимылдарын 
қоғамның 
саяси 
жүйесінің 
талаптарымен 
сәйкестендіру үшін бақылау тұрғысынан


91
4.
“Эвристикалық”: саяси мәдениет қоғам өмірін талдау үшін қолданылатын 
жүйе мағынасында. 
Аталған бағыттардың авторлары саяси мәдениетті ақыл
-
ес, ой саласымен 
тығыз байланыстырады да оған тұлғаның, қоғамдық топтың іс
-
әрекетін 
қоспайды. Ал америкалық саясаттанушылар Р.Карр, М.Бернстайын саяси 
мәдениетті тек ғана таным саласымен шектеп қарауға болмайды деп есептейді 
және оған саяси тәжірибені де қосады. 
Ағылшын саясаттанушысы С.Уайттың пайымдауынша, саяси мәдениет 

қоғамның саяси режимінен туындайтын басқару және тәртіп нұсқаушысы. 
Поляк саясаттанушысы Е.Вятрдың ойынша: “Саяси мәдениет билік пен азамат 
арасындағы өзара қатынастарға қатысты мақсаттардың, құндылықтардың және 
тәртіптік актілердің жиынтығы». Оның пікірінше, саяси мәдениетке 
жататындар: 
а) саяси білім, саяси процестерді тану және қызығушылық деңгейі; 
б) саяси жағдайларды бағалау, биліктің жүзеге асырылуына байланысты құнды 
ой
-
түсініктер; 
в) саяси талаптардың рухани
-
сезімдік жақтары; 
г) қоғамда қабылданған саяси тәртіп үлгілері. 
(Е.Вятр. Саяси қатынастар социологиясы. М. 1979). 
Бұрынғы КСРО қоғамтанушыларының көзқарастары бойынша саяси 
мәдениеттің дамуы мемлекеттік саясат пен жалпы мәдениеттің дамуына тікелей 
байланысты деп есептелді. Сондықтан саяси мәдениет 

жалпы мәдениеттің бір 
бөлігі деп саналды. 
Саяси мәдениеттің негізгі элементтерінің бірі 

саяси тәжірибеге, идеяға, 
концепция мен ұғымға қатысы бар саяси дәстүрлер. Ол белгілі бір қоғам 
жүйесінде қалыптасқан адамдардың саяси бағыттары мен мақсаттарын 
қамтиды. Бұл элементтер шартты түрде әлеуметтік
-
экономикалық, ұлттық
-
мәдени, қоғамдық
-
тарихи болып бөлінеді. 
Қоғамның саяси мәдениетінің қалыптасуына қоғамдағы барлық салалар 
өз әсерін тигізеді,олар: ұлттық ерекшеліктер, рухани құндылықтар, діни, 
құқықтық, экономикалық жағдайлар. Сол себептен де әр елдің саяси 
мәдениетінің өзгешеліктері болады. Бірақ қандай қоғамда болмасын, осы 
аталған ерекшеліктерге қарамастан, саяси мәдениеттің қызметі, өз орны мен 
ролі барлық қоғамға ортақ адамдардың саяси іс
-
қимылдарын көрсетеді. Әр 
елдің саяси мәдениетін тек сол іс
-
қимылдардың деңгейі арқылы анықтауға 
болады.Еуропа және Америка елдері саяси ғылымдарындағы саяси мәдениетті 
типтерге бөлу Г.Алмонд пен С.Вербаның “Азаматтық мәдениет” (1963 ж.) 
деген еңбегінен басталады. 
Саяси мәдениет үш “таза” типтерге бөлінеді, олар 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет