Саясаттану



Pdf көрінісі
бет31/52
Дата17.10.2023
өлшемі1,36 Mb.
#117141
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   52
Жетілмеген индустриялдық
саяси жүйеге көптеген Азия, Африка, 
Латын Америка елдері жатады. Бұл саяси жүйенің саяси мәдениеті аралас 
келеді, яғни батыс саяси мәдениетінің араласуымен қатар, этникалық, діни 
дәстүрлердің сақталуы. Бұл саяси жүйенің эклектикасы (бірліктің осалдығы) 
батыс елдеріндегі әртүрлілікке мүлде ұқсамайды, себебі әртүрлі дәстүрлердің 
бір
-
біріне қарама
-
қарсы болып келуі жиі кездеседі. Бұл саяси жүйедегі билік 
тармақтары ажыратылмаған, атқарушы билік пен әскер заң шығаруға кедергі 
келтіріп, заң шығарушы органдар сот істеріне әміршілдік жүргізеді. 
Жетілмеген индустриалдық саяси жүйеге авторитаризм (жеке адамның 
билігіне негізделу) тән, көбіне билікте бір партияның үстемдігі орнатылады, 
қоғамда күшпен мәжбүр ету орын алады, көпшіліктің саясатқа қатысуы өте 
төмен деңгейде болады. 
Тоталитарлық саяси 
жүйенің үлгілері: бұрынғы фашистік Германия
Италия, бұрынғы дүниежүзілік социалистік мемлекеттер. Қазіргі кезде бұл 
елдердің көбінде демократияландыру процесі жүріп жатыр. Дегенмен, осындай 
саяси жүйе дүние жүзінде әлі де біраз мемлекеттерде сақталуда. 
Тоталитарлық саяси жүйеде азаматтардың биліктен тәуелсіз ұйымдарға 
қатысуына жол берілмейді. Бұқараның саяси өмірге қатысуы алдамшы 
(декорация) түрінде ғана болады. 
Г.Алмондтың ескертуі бойынша, тек күшпен мәжбүр етуге негізделген 
саяси жүйе ол ескірген, қисынсыз (абсурд), осы себептен тоталитарлық саяси 
жүйеде екі жағдай қалыптасады: 1) күшпен мәжбүр ету тәртібінің орнатылуы; 
2) саяси биліктің тұрақсыз болып, мемлекет, мекемелер, құқық қорғау 
орындары қоғамның әлеуметтік мүддесін шешіп отырудың орнына барлық 
күштерін саяси
-
әлеуметтік шиеленістерге қарсы күресу үшін қолдануы.
Қоғамда саяси жүйелердің жоғарыда аталғандарынан басқа да түрлері 
кездеседі. Ал Истон мен Алмондтың саяси жүйе туралы идеялары қазіргі таңда 
Еуропа, 
Америка 
елдеріне 
кеңінен 
тарап, 
кейін 
К.Дойтчтың 
тұжырымдамаларымен толықтырылған. Дойтч өзінің “Ұлтшылдық және 
әлеуметтік байланыс” және “Басқару жүйелері” атты еңбектерінде саяси жүйе 
туралы қағиданың негізгі ережелерін саяси өмірге енгізу жолдарын көрсетеді. 
Шет елдердің саясаттануында саяси жүйе теориясының аталған 
нұсқаларынан басқалары да қарастырылады. Мысалы, Д.Трумэннің 


100
“Америкалық саяси жүйенің дағдарысы” және “Басқару процесі” еңбектерінде 
баяндалған және саяси жүйе мен оның құрылымдарының кеңіне танымал 

қысым топтары” теориясы мен әлеуметтік пікірталастығының негізгі 
ережелерінен туындайтын саяси жүйе теориясы; Д.Истон концепциясының 
негізгі ережелерін осы немесе өзге елдің ішкі саяси өмірінен ішкі қатынастар 
саласына ауыстыруды ұсынатын Г.Пауэлл мен М.Капланның саяси жүйе 
теориясы; Т.Парсонстың әлеуметтік жүйесінің негізгі қағидаларына сүйенетін
«функциялық саяси жүйе»; «мамандандырылған, белсенді құрылым саяси 
жүйесі» теориясы және басқалары. 
Саяси жүйе теориясындағы осындай әртүрлі ағымдардың болуы белгілі 
мөлшерде шетелдік әдебиетте сипатталған саяси жүйе бағыттарының көптігін 
және өзара қарама
-
қайшылығын, сондай
-
ақ қалыптасу деңгейін айқындайды. 
Бұл тұрғыда саяси жүйе туралы сан алуан тұжырымдар мен ұсыныстарды 
таңдап алудың өзі қиын. Себебі, бір жағынан, саяси жүйені анықтау «қоғамда 
қамқоршы үкімет болып мәдени құндылық кеңінен қолданылып, 
субъектілердің 
өзара 
іс
-
қимылының 
жиынтығы 
тәрізді» 
сипатында 
қарастырылса, ал, екінші жағынан, саяси жүйе бір шама идеалистік жоспарда 
ұсынылуына сәйкес «ортақ тұтастықта құрылған және өзі айқындаған 
философия, дін, басқару үлгілерімен толықтырылған идеялар, принциптер, 
заңдар, доктриналар және басқаларының кешені тәрізді» сипатта болады.
Еуропа, Америка елдері саясаттанушыларының жоғарыда көрсетілген сан 
алуан зерттеу бағыттар мен әдістер тізбесін М.Каплан ұсынған тағы бір саяси 
жүйе анықтамасымен толықтыруға болады; бұнда жүйе “өздерінің арасында бір 
немесе әлденеше функциялармен байланысты ауыспалы шамалар жиынтығы 
тәрізді” 
қарастырылады. 
Бұл 
идеяны 
жалғастырушы 
С.Колманның 
пайымдауына сәйкес “жүйе олардың арасында нақты жүзеге асып отырған 
қатынастармен бірге алынған объектілер мен элементтердің (шынайы немесе 
абстрактылы) жиынтығы сипатында айқындалуы мүмкін”; ал Т.Мадронның 
пайымдауынша, қоғамның саяси жүйесі “қатынастар желісімен бекітілген 
объектілер мен олардың белгілерінің жиынтығы” сипатында анықталады. 
Шетелдік авторлар атап көрсеткендей, саяси жүйенің сан алуан 
түрлерінің кейде бір
-
біріне қарама
-
қарсы бағытта болуы өзге факторлармен 
бірге осы концепциялардың мән
-
мағынасын анықтауда қиындық туғызып және 
оның әлеуметтік тиімділігін кемітеді. Осыған байланысты И.Хус “Жүйелік 
талдауға қатысы бар кейбір зерттеушілерді жалпы ереже бойынша ғылыми 
әдістің негізгі принциптеріне қайшы реттегі әдістемелік ойлар тапқырлыққа 
итермелейді, өкінішті жағдайларға да жиі соқтырады” деп көрсетеді.
Алайда, саясаттануды дамыту үшін саяси жүйе туралы анықтамалар мен 
ұсыныстардағы әртүрлі қайшылықтар күңгірт көріністерін және саяси жүйе 
теориясының әртүрлі варианттарының іс жүзіндегі айырмашылықтарын 
ескермеуге болмайды. Өйткені, шетелдік саясаттануда саяси жүйе туралы 
нақты варианттар мен ұсыныстардың көптігіне қарамастан олардың барлығы да 
экономикалық, саяси және идеологиялық негіздерінің жалпылығымен, 
жалпыұлттық және таптық мақсаттар бірлігімен, өздері білдіретін және 
қорғайтын мүдделер ортақтығымен, бірыңғай саяси және идеологиялық 


101
бағыттарымен, құрылу мен қалыптасудың жалпы принциптерімен, ережелер 
жинағымен біріккен. Осындай ретпен саяси жүйе теориясының әртүрлі 
варианттарының қалыптасуы немесе іс жүзіндегі айырмашылықтарының болуы 
негізінде бір және “оған қаланған” функцияны орындайды, жалпы және 
тұтастай алғанда бір ғана фундаментальдық (методологиялық) немесе 
қолданбалы рольді жүзеге асырады. 
Бұл қандай жағдайда нақты көрінеді және осы роль қалай жүзеге асады? 
Ең алдымен саяси жүйе теориясының 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет