Саяси билік орындаған: Еренғазы Е. Е. Дюр201с тексерген



бет3/3
Дата08.10.2022
өлшемі349,17 Kb.
#41900
1   2   3
Байланысты:
практика №4

Биліктің субъектілері:
1. Мемлекет.
2.Әлеуметтік топ, тап.
3.Әлеуметтік топтар жүйесі.
4.Әлеуметтік топтарға сүйенген шағын адамдар тобы.
Биліктің объектілері:
1. Мемлекет. 6. Әкімшілік.
2.Ел. 7. Ведомстволар.
3.Аймақ. 8. Ұйымдар.
4.Штат. 9. Өндірістер.
5.Республика. 10. Жеке тұлға.
Билік саяси және мемлекеттік болып екіге бөлінеді. Бұл
мәселенің үлкен астары бар. Себебі, бұрынғы кеңестік
дәуірде бұл ұғымдарды теңестіріп, бірыңғайлау саяси жүйенің
барлық құрылымен мемлекеттендірудің тәсілдемелік негізі болды.
Мемлекеттік биліктің заңдылығы оның легитимділігінен білінеді.
Легитимдік (латын тілінде заңдылық, шындық деген мағынаны
білдіреді) дегеніміз- халықтың үстемдік етіп отырған саяси билікті
мойындауы, оның заңдылығы мен шешімдерін растауы.
Демократиялық жағдайда мемлекеттік билік легитимді болуы үшін
мынандай екі шарт қажет.
1.Ол халықтың қалауы бойынша қалыптасуы және көпшіліктің
еркіне қарай орындалуы керек. Яғни, мемлекеттік биліктің
басшысын белгілі бір мезгілге тура немесе жанама түрде халық
сайлауы керек және оның жұмысын бақылап отыруға
мүмкіндік болуы тиіс.
2.Мемлекеттік билік конституциялық қағидаларға сәйкес жүзеге
асырылуы керек.
Немістің көрнекі ғалымы Маркс Вебер билік басына келудегі
легитимдіктің үш үлгісін көрсетті:
  • Әдет-ғұрыптық легитимдік – халықтың санасына сіңген, әбден

  • бойлары үйреніп, дұрыс деп тапқан салт-дәстүрлерге сүйенеді.
    Мысалы: хан, патша, сұлтан, т.с.с.
    2. Харизматикалық легитимдік – ерекше батырлығымен,
    адалдығымен немесе басқа үлгі – қабілет-қасиеттерімен көзге
    түскен адамды басшы етіп жариялап, соның соңынан ереді.
    Мысалы: Мұхаммед пайғамбар, т.с.с.
    3. Ақыл-парасаттың, құқықтың легитимдігі – қазіргі саяси құрылым
    орнатқан құқықтың ережелерге, тәртіптің ақыл-ойға
    сыйымдылығына негізделеді.

Мемлекеттік құқықтың тәртіптің легитимдігінің ең биік дәрежесіне Конституция
жатады. Мысалы: 1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда
Қазақстан Республикасының жаңа конституциясы саяси билікке нақтылы
легитимділік берді. Онда Қазақстан Республикасын демократиялық, зайырлы,
құқықтық және әлеуметтік мемлекет деп жариялады. Оның ең қымбат қазынасы –
адам және адамның өмірі құқықтары мен бостандықтары Қазақстан
Республикасы – призиденттік басқару нысанасындағы біртұтас мемлекет.
Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы-халық. Республикада мемлекеттік билік
біртұтас, ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы, сот
тармақтарына бөлінеді, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін
пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асырылады.
Республика президенті мемлекет басшысы, оның ең жоғары лауазымды тұлғасы
болып табылады. Ол - халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның
мызғымастығының, адам және азамат құқықтары бостандықтарының рәмізі әрі
кепілі. Парламент - заң шығару қызметін жүзеге асыратын республиканың ең
жоғарғы өкілді органы. Сот билігі азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен
заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асыруға арналған. Конституциялық Кеңес
республиканың бүкіл аумағында Қазақстан Республикасының Конституциясы
үстінен қарауды қамтамасыз ететін мемлекеттік орган болып табылады.
Биліктің түрлері
Монархия
Унитарлық
Федерация
Республика
Конфедерация

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет