. Демек, жалпығаламдық дамудың осы ағынына ілесуге және онда өз орнын табуға ұмтылу қазіргі мемлекеттердің аса маңызды сыртқы саяси мәселесі болып отыр. Бұл үшін басқа елдермен тең дәрежелі серіктес болуға ұмтылатын, қазіргі халықаралық кұндылықтарды (БҰҰ, оның мақсаттары мен принциптері, халықаралық құқық, консенсуалды саяси мәдениет, күш қолданудан бас тарту, эквивалентті экономикалық айырбасқа ұмтылу және т.б.) танитын ашық, демократиялық қоғам болуы шарт. Қазақстан Республикасы өзін ашық демократиялық қоғам ретінде жариялай отырып, осы ережелердің барлығын өз Конституциясының баптары ретінде тіркеді, осыған орай жаңа халықаралық жағдайларға бейімделудің жалпықұқықтық негізін қалады. Постиндустриализм Жер планетасындағы адамзат өмірінің ғаламдану проблемасымен тығыз байланысты, бұл — халықаралық қатынастарға проблемалық қолтаңбасын қалдыратын қазіргі кездегі әлеуметтіліктің дамуының басты кезеңі. Қазіргі жағдайда Жер планетасындағы адамзат өмірінің ғаламдану тенденциясын мүдделері ұлттық-мемлекеттік құрылым шеңберіне сыймайтын ұлттық емес экономикалық құрылымдар жүзеге асырады. бұл ар — постиндустриалдық өркениеттің алыптары — транс ұлтгық компаниялар (ТНТ), трансұлттық банктер (ТНБ) және басқа да мемлекеттік емес және ұлттық емес құрылымдар. Халықаралық қатынастарда олардың ықпалы барған сайын өсе түсуде, бірақ тұтастай алғанда қазіргі адамзат бізді осы әлемге алып баратын жолдың алғашқы баспалдағында түр деп айтуға болады. Тарихи және дәстүрлі тұрғыдағы ұлттық отандарда (дүниені мәдени қабылдау мен оның проблемалары елеулі тұрғыда осымен анықталынады) өмір сүрген адамзат үшін постиндустриалдық өркениет алып келетін жаңа құндылықтың бағдарларға бейімделу және игеру өте қиын болады.
Бірақ, көзжетерлік нәрсе, XXI ғасыр халықаралық қатынастарға өз ықпалын тигізетін бейімделу кезеңі болатындығы сөзсіз. Біздің көзқарасымыз бойынша, жаңа постиндустриалдық жағдай жалпы адамзаттық мәртебеге ие (БҰҰ төрізді ұлттық) құрылымдар мен нормалардың мәнін көтеруі керек, олардың одан ары дамуы және проблемалық толығуы халықаралық құқыққа ие болуы қажет. Енді осы жаңа жағдайларға бейімделудегі — Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының маңызды мәселесін қарастырайық. Біз өзімізге, өз жерімізге және оның қойнауларына өкім жүргізе алатын тәуелсіз мемлекет боддық. Бірақ мыңдаған жылдар бойы жер қойнауы ашылмай жатты, біздің ата-бабаларымыз жердің үстіңгі қабатын ғана пайдаланды. Біздің ұлттық байлығымыз көпқатпарлы екендігін, оның ең маңыздысы оның қойнауында жатқандығын түсіне бастадық. Алайда қазіргі кезде бұл — менікі, оны мен ешкімге бермеймін принңипімен өмір сүруге болмайды. Бізге жатын алып жақсы өмір туралы аңсауға тағы болмайды. Жер қойнауының табиғи байлықтары шектеулі. Сондықтан қажет болған жағдайда оны алуға болады, бірақ ысырапқа жол берілмеуі керек. Біздің ұлы даламыз қаншалықты кең болса да Қазіргі кездегі каруланған әскерге оны жаулап алу түкке тұрмайтындығын ескергеніміз жөн. Сол себептен Қазақстан үшін өз кауіпсіздігінің халықаралық кепілдігін алу аса маңызды, ал бұл үшін ұлттық байлығымызды басқалармен бөлісу кажет. Қазіргі халықаралық қатынастар дүниедегі екі саяси жүйені, (капитализм және социализм) жокқа шығару жағдайында дамуда және мемлекеттер өзінің сыртқы саясатын анықтағанда халықаралық қатынастардың осы ерекшелігін басшылықка алуы керек.