Саяси дау-жанжал және саяси дағдарыс



Дата16.11.2022
өлшемі1,86 Mb.
#50709
Байланысты:
саяси дағдарыс

Саяси дау-жанжал және саяси дағдарыс


Қабылдаған :
Орындаған : Әмірбек Әмина
Группа : ITA-21-1К

Саяси жанжал

°Саяси жанжал – бұл, белгілі бір саяси мүдделер мен мақсаттарды көздеген қарама қарсы біріккен күштердің қақтығысы.

Саяси жанжалдарды тудырудың сатылары:

жеке тұлғалар арасындағы қақтығыс

топтар деңгейіндегі қақтығыс

қоғам арасындағы қақтығыс

аймақтық және жаһандық деңгейдегі қақтығыс

Саяси жанжалдың негізгі функциялары

Жағымды жағы:

  • тұрақтылықты қамтамасыз етуге септігін тигізеді.
  • қоғам арасындағы жаңаруға алып барады.
  • бағалы нәрсенің құнын арзандатпауды үйретеді.
  • жаңа жүйенің қалыптасуын жеделдетеді.
  • оған қатысушылардың танымын дамытады.
  • Жағымсыз жағы:

  • қоғамның тұрақтылығына нұқсан келтіреді.
  • адам өлімі мен материялдық шығынға алып баруы ықтимал.
  • биліктің іс әрекетін өзгертеді.

Саяси жанжал дамуының негізгі сатылары:

  • Саяси жанжалдар - айтыс, бәсеке, оппозициялық бағытты айқындау, саяси мүдделердің маңыздылығы, негізгі мақсаттарды анықтау, жанжалда әрекет етудің жолдарын іздеу, одаққа бірігетіндерді іздеу саяси жанжалдың орын алуына алып барады.
  • Жанжалдардың дамуыкоалиция құру, саяси қарсыластардың атына Бұқаралық Ақпарат Құралдары арқылы сын келтіру, күшін көрсету, қарулы қақтығыс
  • Жанжалды қолдануға рұқсат - екі жақтың келісімге келуі, қортынды рұқсат, екі жақтың достасуының мүмкін еместігі, мәселенің күрмеуі шешілмеген күйінде қалуы және жанжалға жол бермеу.

Саяси жанжалдардың типтері

  • мүдделер қақтығысы -- көбіне экономикасы дамыған, тұрақты өсіп келе жатқан мемлекеттерде бар. Оларда көбіне салық пен әлеуметтік қамсыздандырудың көлеміне байланысты туындайды.
  • бағалы қақтығыстар – бұл дамушы елдерге тән құбылыс. Оларда көбіне «бостандық», «теңдік», «әділеттік», «төзімділік», «автономия» және тағы басқа нәрселер үшін келіспеушіліктер орын алып, содан дау туындайды. Ал даудың арты жанжалға алып барады.

Саяси жанжалдардың типтері

  • теңдік үшін туындайтын қақтығыстар – бұл көбіне дініне, нәсіліне немесе тіліне байланысту зәбір көрген қоғамда орын алуы ықтимал. Мысалы: Оңтүстік Африка республикасындағы негрлерге байланысты нәсілдік кемістушілік, бұрынғы Кеңес Одағындағыдай ұлттық мәселе, Бельгиядағыдай тілдік және Солтүстік Ирландиядағыдай дін саласындағы кемістушілікке байланысты қақтығыс туындайды.
  • горизонталды қақтығыстар – бұл жеке адамдардың, белгілі бір топтардың немесе салалардың арасындағы қақтығыс.
  • вертикалды қақтығыстар – саяси биліктегі субьектілер арасындағы қақтығыс.

Саяси жанжалға рұқсат ететін талаптар

  • жанжалды зерттеп, оның шығу себебін анықтау.
  • жанжалға байланысты сараптама жасау.
  • рұқсат етудің жолдарын іздеу.
  • жанжалды болдырмаудың алдын алу.

Жанжалдың аяқталуы

  • Жанжал мына жағдайда аяқталады деп санауға болады:
  • әлеуметтік саладағы басты мәселенің шешілуі.
  • бұрын жанжалды ұйымдастырғандар арасында өзара достық пен әріптестік байланыстар орнаса.
  • екі жақтың келісіміне орай алға қойған мақсаттары жүзеге асса.

Саяси дағдарыс

  • Саяси дағдарыс – саяси жүйенің бұл түрінде дағдарыстың қарқыны күшейіп, мәселе шешілместей күйге жетеді.
  • Саяси дағдарыстардың типтері:
  • теңдік мәселесі бойынша туындайтын дағдарыс – бұл белгілі бір әлеуметтік топтардың жалпыұлттық одақ құруға қарсылығы кезінде болады.
  • легитимді дағдарыс – қоғамдағы келісімнің бұзылуы себебінен конституциялық кеңес пен үкімет жұмысының тоқырауға ұшырауы.

Саяси дағдарыс типтері

  • ену дағдарысы – мемлекеттік басқарудың әлсіздігі кезінде белгілі бір аумақтың яғни әлеуметтік топтардың, аймақтардың директиваларын өткізуі.
  • үлестіру дағдарысы – басқарушы элита өкілдері халықтың тұрмыстық деңгейін қалыпты мөлшерге көтере алмаған кезде туындайды.
  • қатысу дағдарысы – аумақтық мызғымастық, ұлттық татулық және саяси жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында биліктегі элита жасанды жолмен арыз, шағым айтушылардың топтарына қосылады.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет