егер топтың алдына маңызды іскерлік мүдде қойылған болса және бұл топ өндірістік еңбек ұжымы болса, белгілі бір топтық шырай орнатады;
топ мүшелерінің әлеуметтік белсенділігін дамытады.
Көшбасшының мынадай бес белгісі мен сапасын айтуға болады:
1. Биологиялық дәрежедегі белгісі мен сапалары: тұқым қуалаушылығы, темпераменті, жынысы, денсаулық жағдайы.
2. Психологиялық дәрежесі: адамның эмоциясын, еркін, жадын, қабілетін, интелектін, мінезін қамтиды.
3. Әлеуметтік-психологиялық дәрежесі: адамның мүдделеріне, көзқарасына, ұстанымына, қарым-қатынасына т.б. байланысты.
4. Саяси психологиялық дәрежесі: саяси әлеуметтенуіне, саяси таңдауына, саяси мінез-құлық түрлеріне байланысты.
5. Әлеуметтік дәрежесі: мүдделердің жалпы әлеуметтік ұстанымы мен көзқарастарын білдіреді.
Көшбасшының психологиялық портреті саяси лидерлердің психологиялық биографиясы негізінде жасалады. Ол бір жағынан әртүрлі халықтардың социологиялық ерекшеліктерін және олардың саясаттағы кәріністерін есепке алады. Көшбасшының психологиялық портреті саяси көшбасшылық психологияны сипаттайды. Осы ретте «көшбасшылықтың белгілері» концепциялары да пайдаланылады. Көшбасшының психологиялық тұлғалық белгілерінің жиынтығы 100-ден асатыны белгілі. Көшбасшыларды классификациялағанда бұлар қажет. Көшбасшының басшыдан айырмашылығы бар. Басшы ресми түрде ұжымды және ұйымды басқаратын адам. Қазіргі кезде мемлекеттік дәрежедегі саяси көшбасшы феноменінің маңызы артып келеді. Бұл мәселе қазіргі кезде өте өзекті. Дегенмен көшбасшы анықтамасы әр автор әр түрлі береді.