Саяси элиталар және саяси көшбасшылық



бет10/28
Дата02.12.2023
өлшемі2,43 Mb.
#131628
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   28

Бүгінгі Қазақстан жағдайына келетін болсақ саяси элитаның қалыптасу жүйесі өте күрделі екенін аңғарамыз. Кеңестер одағы тұсында қалыптасқан номенклатуралық жүйені бұзу оңайға түсе қойған жоқ. Жетпіс жылдан астам уақыт бойы қанға, сүйекке сіңіп, сананы жаулап алған әдет-салтты мүлде серпіп тастау, әрине, өте қиын екені түсінікті. Біріншіден, билік тұтқасын ұстап, айытқаны жүріп тұрған номенклатураның жоғары эшелондарындағылардың көбі Одақ ыдырап, тәуелсіздік енді ғана жарияланып, ел іші абыр-сабыр юолып жатқанда өз үлестерінен айырылып қалмаудың амалын әбден қарастырды. Отырған креслоларын оңтайлы ауыстырды, есіктің маңдайшасындағы жазуларды өзгертті, бұзылып жатқан дүниеден қармап алуды, жиенінің немесе құдасының атына фирма аша қойып, май шелпектен қомағайлана асауды да ұмытқан жоқ. Ең қиыны-олар ұстаған билік тұтқасынан ажырамауға жан салып, тоталитарлық бұйрықшыл-әміршіл басқару әдістерін бірсыпыра уақыт жалғастыруға мейілінше тырысты. Номенклатураның жұрнағы әлі де етектен тартуынан тиыла қойған жоқ. Екіншіден, ел билеген коммунистердің арасында өз елінің шынайы патриоттары да аз емес-ті. Тәуелсіздік пен демократияны, ең алдымен солар қолдап шықты. Одан басқа да тәуір қызмет орнына отырғызса, қай қоғамға да талғамай қызмет атқара беретіндер де басшылық болатын. Үшіншіден, біздің елде гильдий-номенклатуралық жүйенің ыдырауымен бірге, демократия жолын таңдап, батыл саяси реформалар жасауңа бет бұруымызға орай антрепренерлік сұрыптап таңдау жүйесі біртіндеп қалыптасып, күш ала бастады. Номенклатуралық жүйенің қазанына түсіп көрмеген, тоталитаризмнің тепкісін көп көре қоймаған, ешкімнің алдында именуді бастан кешірмеген, білімді, қабілетті, батыл шешімдерге бара алатын жастарға жол ашып, үлкен сенім көрсетіп, аса жауапты мемлекеттік саяси істердің тұтқасын қолдарына ұстату дәстүрі нық қалыптасып келеді. Қазақстанда, міне, осындай қат-қабат кереғар процестер жүріп жатыр. Алайда соңғы бағыттың болашағы үлкен, қарымы кең екені даусыз. 

Бүгінгі күнде көшбасшылық мәселесі барлық ғылымдарда толыққанды зерттелуде. Мәселен, психология көшбасшының тұлғалық ерекшеліктерін зерттейді. Әлеуметтану көшбасшылықты әлеуметтік жүйенің негізінде қарастырады. Әлеуметтік психология көшбасшылықты әлеуметтік және психологиялық факторлардың өзара қызметтік процесі ретінде зерттейді. Ал, саясаттану саяси көшбасшылықты билік феномені ретінде қарастыра келе, оның табиғатын, қызмет ету механизмдерін, қоғамға ықпалын зерттейді. Сонымен бірге, тиімді басқарудың әдістері мен тәжірибелік ұсыныстары айқындала түседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет