Саяси элиталар және саяси көшбасшылық



бет16/28
Дата02.12.2023
өлшемі2,43 Mb.
#131628
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   28

Көшбасшылықтың басқа да толып жатқан теориялары бар. Ол бойынша көшбасшылықтың психологиялық ерекшеліктері қарастырылуы керек. Саяси көшбасшының тұлғалық қасиеттерін талдауда мыналарды еске алу қажет: лидердің өзінің «Мен» концепциясы; оның саяси мінез-құлқына әсер ететін себептері мен сұраныстары; саяси сенімінің басты жүйесі; жеке тұлғалық қарым-қатынас стилі; стресс жағдайында өзін-өзі ұстай білуі; өмір баяндық талдау; саяси іс-әрекетін эволюциялық өзгерістері.

Көшбасшылық – жекелеген адамның туа біткен қасиеті және мүлдем мәңілікке берілген артықшылық емес. Көшбасшылық дегеніміз – әрқашанда қорғап қалуға керекті белгілі бір мәртебе, позиция, адамдардың іс-әрекетіндегі, саяси процестегі аяқ астынан болатын нәрселерді бастан өткере білу. Саяси қызмет және саяси қатынас өзінің табиғаты жағынан әрқашанда мақсатты, ұйымдасқан сипатта болады. Осыдан барып қоғамдық идеяны жүргізуге қабілетті, қоғам сезініп, білетін нәрсені білдіретін, ұжымдық сананың иесі және ұжымдық әрекетті ұйымдастырушы болатын лидерге деген қажеттілік туындайды. Қоғам ұжымдық ерік-жігер мен мақсатты бейнелейтін беделдің болуын объективті түрде талап етеді. Көшбасшылық саясаттың шығармашылық мазмұнынан тура туындайды. Көшбасшы саясаттың және қоғамның бүкіл саяси жүйесінің ядросы болып табылады. Көшбасшылық ғаламдықтан бастап жекелеген саяси топқа дейін саяси жүйені ұйымдастырудың барлық деңгейінде пайда болады, қалыптасады және қызмет етеді.

Көшбасшылықтың типологиясы барынша шартты болып келеді және түрлі критерийлер бойынша сараланады:

  • көшбасшылық типі бойынша: программист, стратег, орындаушы, дем беруші;
  • қызметінің сипаты бойынша: әмбебап, жағдайға қарай әрекет етуші;
  • басшылық ету стилі бойынша: демократшыл, авторитарлы, анархиялық;
  • кешенді критерий: дем беруші, әмбебап, авторитарлы, орындаушы, жағдайға қарай әрекет етуші, стратег, демократшыл және т.с.с.

Саясаттанудағы барынша кең тараған билікті алу тәсілі және оның заңды болуы бойынша М.Вебердің деректеріне сәйкес көшбасшылықтың типологиясы саналады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет