40
нығайтуға, ішкі және сыртқы қатынастардағы мәселелердің және ӛз пайдасына
шешуге бағытталған мақсаты, міндеті және әрекеті деп бағалауға болады.
Демек, саясатта шешуші рӛлге мемлекеттік билікті иемденіп отырған мүдделі
топ ие.
Билікке қол жеткізген кейбір мүдделі топтар халықтың ортақ мемлекеттік
мүдделеріне қызмет жасамай, ел байлығын, табиғат ресурстарын жеке топтық
мүддеге немесе отбасылық
клан мүддесіне қызмет етеді. Олай болғанда,
басқарушы топ елді алдау, ӛтірік уәде беру, жасанды шараларды уағыздау
арқылы қате қоғамдық пікір қалыптастыруға тырысады немесе ӛз халқына
қарсы қорқыту, репрессия саясатын жүргізеді. Мұндай мемлекеттерде
қарапайым халық ӛтірік пен алдаудың, қорқыту мен зорлық-зомбылықтың
құрбаны болады.
Демократиялық, құқықтық мемлекетте саясат халықтың басым бӛлігінің
мақсат-мүдделеріне сәйкес, мемлекеттің күш-қуатын арттыруға халықтың
материалдық әл-ауқатын жақсарту мақсатында іске асырылады. Мұндай
саясатты электорат қолдайды. Халықты ӛз жағына тарту үшін әртүрлі
позициясы бар мүдделі топтар саяси салаға ӛз бағытын жүргізуге ұмтылды.
Олардың түпкі мақсаты – билікке қол жеткізу немесе билікті басқа топтармен
бӛлісу. Осы себепке байланысты саяси процесс парменентті, үзіліссіз
мемлекеттік билікке талас болып табылады. Билікке талас демократиялық
елдерде Президент, Парламент сайлаулары кезінде тіптен күшейе түседі.
Лоббизм
ұғымы (ағылшынша lobby – кулуар, сахна пердесі, французша -
дәліз) мүдделі топтардың немесе жеке тұлғаның ашық хат, үндеу, петиция,
депутатты «сатып алу» сияқты түрлі жолдармен парламентке талап-тілектерді
білдіре отырып, қысым жасауды білдіреді. Лоббизмнің түпкі мақсаты –
парламетке қандай да бір заң жобасын қабылдауға немесе қабылдамауға қысым
жасау арқылы ықпал ету. Демократиялық дамыған елдердің бірқатарында
лоббизм заңдастырылған. Бұл лоббизмен арнайы айналысатын ұйымдардың
туындауына, лоббистік қызметтің салық тӛлейтін кәдімгі кәсіпкерлік қызмет
кӛрсету сияқты дамуына мүмкіндік беріп отыр. Шетелдердегі лоббилік
қызметтің заңдастырылуы сыбайлас жемқорлықпен күрестің бір амалы
саналады.
Саясаттың қызметі мен іске асуы тек қоғамды біріктіруші, топтастырушы
рӛл атқармайды. Саясатта мүдделердің теке-тіресі, дағдарыс пен конфликтілер
үнемі орын алып отырады. Басым топтың саясатының ӛзіне күдік келтірушілер
мен қысым жасаушылар әрқашан да табылады. Саясаттың ерекшелігі – билік
үшін күреспен қат-қабат жүруі. Саясат, билік, мемлекет, басқару, лоббизм
құбылыстары бірінен бірі туындап, біріне бірі себеп болып, ұдайы ӛзара тәуелді
байланыстағы қозғалыста болады.
Достарыңызбен бөлісу: