Ескерту. Қазақстан Республикасының 1998.10.07. №284 заңымен 44- бапқа ӛзгерту енгізілді. Қазақстан Республикасы Конституциялық кеңесінің 1999.06.30. № 10/244-баптың 13-тармақшасына түсініктеме берілді. 2000.07.03. №15/244-баптың 2-тармақшасына түсініктеме берілді. - 2001.11.12. №14/2 қаулыларымен 44-баптың 9-тармақшасына түсініктеме берілді, Қазақстан Республикасының 2007.05.21. №254 заңымен ӛзгерту енгізілді. 45-бап 1. Қазақстан Республикасының Президентi Конституция мен заңдар
негiзiнде және оларды орындау үшiн Республиканың бүкiл аумағында мiндеттi
күшi бар жарлықтар мен ӛкiмдер шығарады.
2. Конституцияның 53-бабының 4-тармақшасында кӛзделген ретте
Республика Президентi заңдар шығарады, ал 61-баптың 2-тармағында
кӛзделген ретте Республиканың заң күшi бар жарлықтарын шығарады.
3. Республиканың Президентi қол қоятын Парламент актiлерi, сондай-ақ
Үкiмет бастамасымен шығарылатын Президенттiң актiлерi тиiсiнше осы
актiлердiң заңдылығы үшiн заңдық жауапкершiлiк жүктелетiн Парламенттiң әр
Палатасының Тӛрағаларының не Премьер-Министрдiң алдын-ала қолдары
қойылып тиянақталады.
Ескерту. Қазақстан Республикасы Конституциялық кеңесінің 2000.07.03. №15/2 қаулысымен 45-баптың 2-тармағына түсініктеме берілді. 46-бап 1. Қазақстан Республикасының Президентiне, оның абыройы мен қадiр-
қасиетiне ешкiмнiң тиiсуiне болмайды.
2. Республика Президентi мен оның отбасын қамтамасыз ету, оларға
қызмет кӛрсету және қорғау мемлекет есебiнен жүзеге асырылады.
3.
Осы
баптың
ережелерi
Республиканың
экс-Президенттерiне
қолданылады.
4. Қазақстанның Тұңғыш Президентінің мәртебесі мен ӛкілеттігі
Республика Конституциясымен және конституциялық заңмен айқындалады.
Ескерту. Қазақстан Республикасының 2007.05.21.№254 заңымен 46-бапқа ӛзгерту енгізілді. 47-бап 1. Қазақстан Республикасының Президентi науқастануына байланысты
ӛзiнiң мiндеттерiн жүзеге асыруға қабiлетсiздiгi дендеген жағдайда қызметiнен
мерзiмiнен бұрын босатылуы мүмкiн. Бұл ретте Парламент әр Палата
депутаттарының тең санынан және медицинаның тиiстi салаларының
мамандарынан тұратын комиссия құрады. Мерзiмiнен бұрын босату туралы
шешiм Парламент Палаталарының бiрлескен отырысында комиссияның
қорытындысымен белгiленген конституциялық рәсiмдердiң сақталғаны туралы
Конституциялық Кеңес қорытындысы негiзiнде әр Палата депутаттары жалпы
санының кемiнде тӛрттен үшiнiң кӛпшiлiгiмен қабылданады.
62
2. Республиканың Президентi ӛзiнiң мiндеттерiн атқару кезiндегi iс-әрекетi
үшiн тек қана мемлекетке опасыздық жасаған жағдайда жауап бередi және бұл
үшiн Парламент оны қызметiнен кетiруi мүмкiн. Айып тағу және оны тексеру
туралы шешiм Мәжiлiс депутаттарының кемiнде үштен бiрiнiң бастамасы
бойынша депутаттардың жалпы санының кӛпшiлiгiмен қабылдануы мүмкiн.
Тағылған айыпты тексерудi Сенат ұйымдастырады және оның нәтижелерi
Сенат депутаттары жалпы санының кӛпшiлiк даусымен Парламент Палаталары
бiрлескен отырысының қарауына берiледi. Бұл мәселе бойынша түпкiлiктi
шешiм айып тағудың негiздiлiгi туралы Жоғарғы Сот қорытындысы және
белгiленген конституциялық рәсiмдердiң сақталғаны туралы Конституциялық
Кеңестiң қорытындысы болған жағдайда әр Палата депутаттары жалпы
санының
кемiнде
тӛрттен
үшiнiң
кӛпшiлiк
даусымен
Парламент
Палаталарының бiрлескен отырысында қабылданады. Айып тағылған кезден
бастап екi ай iшiнде түпкiлiктi шешiм қабылдамау Республика Президентiне
қарсы тағылған айыптың күшi жойылған деп тануға әкеп соғады.
Республиканың Президентiне мемлекетке опасыздық жасады деп тағылған
айыптың қабылданбауы оның қай кезеңiнде де осы мәселенiң қаралуына
себепшi болған Мәжiлiс депутаттарының ӛкiлеттiгiн мерзiмiнен бұрын
тоқтатуға әкеп соғады.
3. Республика Президентiн қызметiнен кетiру туралы мәселе ол
Республика Парламентiнiң немесе Парламент Мәжілісінің ӛкiлеттiгiн
мерзiмiнен бұрын тоқтату жӛнiнде мәселе қарап жатқан кезде қозғалмайды.
Ескерту. Қазақстан Республикасының 2007.05.21. №254 заңымен 47-бапқа ӛзгерту енгізілді . 48-бап 1. Қазақстан Республикасының Президентi қызметiнен мерзiмiнен бұрын
босаған немесе кетiрiлген, сондай-ақ қайтыс болған жағдайда Республика
Президентiнiң ӛкiлеттiгi қалған мерзiмге Парламент Сенатының Тӛрағасына
кӛшедi; Сенат Тӛрағасының ӛзiне Президент ӛкiлеттiгiн қабылдауы мүмкiн
болмаған ретте ол Парламент Мәжiлiсiнiң Тӛрағасына кӛшедi; Мәжiлiс
Тӛрағасының ӛзiне Президент ӛкiлеттiгiн қабылдауы мүмкiн болмаған ретте ол
Республиканың Премьер-Министрiне кӛшедi. Ӛзiне Республика Президентiнiң
ӛкiлеттiгiн қабылдаған тұлға тиiсiнше Сенат Тӛрағасының, Мәжiлiс
Тӛрағасының немесе Премьер-Министрдiң ӛкiлеттiгiн тапсырады. Бұл
жағдайда бос тұрған мемлекеттiк лауазымдарды иелену Конституцияда
кӛзделген тәртiппен жүзеге асырылады.
2. Осы баптың 1-тармағында кӛзделген негiздерде және тәртiппен
Қазақстан Республикасы Президентiнiң ӛкiлеттiгiн ӛзiне қабылдаған тұлғаның
Қазақстан Республикасының Конституциясына ӛзгерiстер мен толықтырулар
туралы бастамашылық жасауға құқығы жоқ.
Ескерту. Қазақс тан Республикасының 1998.10.07. №284 заңымен 48-бап жаңа редакцияда.