64
1995 жылдың 29 сәуірінде жалпыхалықтық
референдум нәтижесінде
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ӛкілеттігі 2000 жылға
дейін ұзартылды.
1999 жылдың 10 қаңтарында ӛткен баламалы сайлаудың нәтижесiнде Н.
Назарбаев 79,78 процент дауыс алып, Қазақстан
Республикасы Президентi
болып қайта сайланды.
2005 жылдың 4 желтоқсанында сайлаушылардың 91,5 процент дауысын
алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.
2010 жылдың 14 маусымында «Қазақстан Республикасының кейбір
конституциялық заңдарына Қазақстан Республикасы
Тұңғыш Президентінің -
Елбасының қызметін қамтамасыз ету саласында заңнаманы жетілдіру
мәселелері бойынша ӛзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 298-ІV
Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы күшіне енді.
2011 жылдың 3 сәуірінде сайлаушылардың 95,5 процент дауысын алып,
Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.
Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы.
Қазақстан халқы Ассамблеясының тӛрағасы.
«Нұр Отан» партиясының тӛрағасы.
Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің тӛрағасы.
Зайыбы – Сара Алпысқызы Назарбаева, 1992 жылдың ақпан айынан бері -
Халықаралық «Бӛбек» балалар қайырымдылық қорының
негізін салушы және
президенті. 1994 жылдың шілде айынан С.Назарбаева – «SOS - Қазақстанның
балалар қалашықтары» қорының президенті.
Президенттің үш қызы бар.
Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаева (1963 ж.т.), үлкен қызы. Екі ұл, бір
қызы бар. Саяси ғылымдар докторы. 5-ші шақырылған Парламент Мәжілісінің
депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму жӛніндегі комитеттің тӛрайымы.
Құлыбаева Динара Нұрсұлтанқызы (1967 ж.т.), ортаншы қызы. Бір ұл, екі
қыз тәрбиелеп отыр. 2004 жылдан бері Қазақстан-Британ техникалық
университеті директорлар кеңесінің тӛрайымы.
Назарбаева Әлия Нұрсұлтанқызы (1980 ж.т.), кіші қызы. Екі қыз тәрбиелеп
отыр. «Элитстрой» құрылыс компаниясының басшысы.
Достарыңызбен бөлісу: