Саяси ілімдер тарихының пәні, оны оқыту міндеттері


Утопиялық социализм. Т. Мор



бет17/68
Дата06.02.2023
өлшемі444,75 Kb.
#65428
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   68
Байланысты:
Саяси ілімдер тарихыны п ні, оны о ыту міндеттері

23.Утопиялық социализм. Т. Мор.
Утопия дегеніміз — әлеуметтік - саяси қиял түрі, орындалмайтын арман, ойдан шығарылған, жүзеге асырылу мүмкін емес, көбіне өмір сүріп отырған қоғамнан әлдеқайда жақсы, мінсіз жобалар. Ал саяси утопия —ғылыми негізделмеген іске аспайтын теория, идеалды қоғамдық құрылысты аңсау. Бұл атау ағылшын гурманисті Томас Мордың өзі ойдан шығарған аралдағы қоғамдық құрылым туралы "Мемлекетті жақсы ұйымдастыру және жаңа Утопия аралы туралы алтын кітап" атты кітабынан бастау алды. Бұл кітапта сол кездегі қоғамдық құрылысты, Англиядағы қайыршылық жағдайды қатты сынға алды.Қоғамдағы кемшіліктердің негізі жеке меншікте,ал оның өмір сүру негізі адамдардың ақымақтық әрекеті, менменшілдік, мансапқорлықта жатқанын айтты.
Мор өзінің ойлап тапқан, «Утопия аралындағы» бақытты елді, оның тамаша қалаларын, гүлденген даласы, ғажап тәртіптері мен зандарын суреттеп жазады. Утопияда қанау жоқ, бай да жоқ, кедей де жоқ. Аралдың барлық адамдары еңбек етуге міндетті. Утолиялықтар күніне тек 6 сағат еңбек етсе де, оларда азық-түлік мол, өйткені мұнда еңбек етпейтін жалқаулар жоқ. Аралдың тұрғындары өздеріне не қажет болса, соны коғамдық қоймалардан тегін алады. Қолдары бос кезінде арал тұрғындары ғылыммен, өнермен, спортпен айналысады.
Утопия тұрғындары үйлерінің есіктері әрқашан да құлыпсыз, ашық тұрады, олар ұрлықтан қауіпенбейді. Аламдардың арасында сараңдық тумау үшін, олар әр 10 жылда өздерінің үйлері мен заттарын бір-бірімен алмастырып отырады. Утопиялықтар ақшаны жек көрді,қымбат тастардан балаларға ойыншықтар жасады. Олар алтыннан қылмыстыларға кісен соқты. Мор болашақта адамға қажет көптеген машина пайда болатынын болжай алмады,сондықтан ол ауыр әрі лас жұмыстарды Утопия заңын бұзған қылмыстылардың үлесіне берді.
Томас Мор еңбек құрал-жабдықтары ортақ, әділетті қоғамдык құрылысты армандады. Бірақ оны қалай құрудың жолын білмеді. Солай бола тұра, Томас Мор оны өте батыл, өзі қиялдаған қоғамның өмірін нақты мысалдармен дәл көрсете білді. Томас Мордың идеясы жеке меншік жоқ, барлық аламдар тең өмір сүретін қоғам құру туралы қиял болды. Сондықтан Мордан кейін жүзеге асырылмайтын, өмірден қол үзген қиял утопия деп аталып кетті.
Осылайша Томас Мор "Утопиялық социализмнің" негізін қалаушылардың бірі болды. Утопиялық социализм дегеніміз —мүлік ортақтығына, барлығына міндетті еңбекке, игіліктердің тең бөлінуіне негізделген қоғам туралы ілім дамуының ғылымға дейінгі кезеңі. Капитализмнің пайда болуы мен дамуына және пролетариаттыың азды-көпті дамыған ізашарларының қалыптасуына қарай Утопиялық социализм барған сайын тарихи реализм сипатын алып, теория ретінде күрделене түседі, әртүрлі мектептер мен бағыттар құрып, , тармақтана береді. Утопиялық социализмнің жүйелі дамуы капитализмнің туу кезеңінде, Қайта өрлеу және Реформация дәуірінде басталды. Капиталисттік қоғамның қайшылықтары барған сайын айқындала түскен кезде утопиялық социализм өз дамуының шырқау шегіне жетті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет