Байланысты: Саяси ілімдер тарихыны п ні, оны о ыту міндеттері
26.Социологиялық позитивизмнің саяси идеялары. О.Конт. ОГЮСТ КОНТ (1798 − 1857) − француз философы, әлеуметтанушысы, философиядағы позитивизм мектебінің негізін қалаушы. Конттың философиялық эволюциясы кезеңдерін, адамзат бірлігі туралы тезисті түсіндіретін және ақтайтын, дәлелдеулердің үш тәсілі ретінде көрсетуге болады. Бірінші кезеңде адам да, қоғам да теологиялық (діни) сатыда тұрады. Тарихи тұрғыдан алғанда бұл кезеңге рулык коғамның авторитарлы жүйесі сәйкес келеді. Бұл саты «католиктік және феодалдық тәртіппен» аякталады.
Екінші — метафизикалык кезең шындық ретінде қабылданатын абстракциялардың және мәнділіктердің үстем болатын сатысы. Тарихи тұрғыда бұл кезең 1300-1800 жылдарды қамтыды және көне көзқарастардың тарих сахнасынан түсіп қалатын өтпелі дәуірі болып табылады. Бұл кезеңнің аса маңызды оқиғалары — реформация, ағарту философиясы, француз революциясы.
Үшінші — позитивті саты ғылымдардың таралуы, олардың қоғамдық маңызының артуы және позитивизм ілімінің жасалуынан басталады. Позитивті дәуірді Огюст Конт 1800 жылдан бастайды. Осы кезеңнен бастап адамзат абстракциялардан гөрі ғылыми тұжырымдарға көбірек көңіл бөле бастады. Қоғам дамуының шынайы заңдылықтарын акыл-парасат таразысына салып, бақылау арқылы зерттеуге тырысу, коғамдық кұбылыстардың ішкі себептерін айқындауға мүмкіндік береді.
Позитивті философия ғылымдардың пәнін, әдістерін, заңдарын, ұксастықтары мен ерекшеліктерін талдайтын жалпыға ортақ жүйе болып табылады. Конт ұсынған аса маңызды ойдың бірі осы еді.Позитивизм философиясының негізін қалаушы Огюст Конттың позитивті ілімі үш негізгі іргелі қағидаға негізделеді:
Әлеуметтік кұбылыстар кез келген аналитикалык тұрғыдан карағанда сапасы табиғи кұбылыстар сияқты;
Жаратылыстанымдық ғылымдардағы талдау әдістерін әлеуметтанулық зерттеулерде де пайдалануға болады;
Әлеуметтік ілімінің міндеті — әлеуметтік кұбылыстардың болжауға негіз болатын жоғары деңгейде жалпыланған эмпириялық негізделген теориялық қағидаларды жасау.
О.Конт әлеуметтануында зерттеу әдістеріне көп көңіл бөлінді. Ойшыл таза эмпириялық әдіспен ғылымды дамыту мүмкін емес екенін түсінді, сондықтан О.Конт барлық негізгі жалпы ғылыми әдістер: бақылау, эксперимент, салыстыру әлеуметтануда пайдаланылуы тиіс деп есептейді.