Саяси ілімдер тарихының пәні, оны оқыту міндеттері


Т. Гоббстың мемлекет туралы ілімі



бет19/68
Дата06.02.2023
өлшемі444,75 Kb.
#65428
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   68
Байланысты:
Саяси ілімдер тарихыны п ні, оны о ыту міндеттері

25.Т. Гоббстың мемлекет туралы ілімі.
Саясаттағы азаматтық концепция идеясын одан әрі жалғастырушы ойшылдардың бір ағылшын ғалымы – Томас Гоббс (1588–1679 жж.). Ол өз ой-тұжырымдарын «Левиафан немесе материя, форма және мемлекет билігі» деген ғылыми еңбегінде тұжырымдады. Жоғарғы билік пен ізгілікті мемлекет оның еңбегіндегі басты идея. Ол Англиядағы монархиялық билікті барынша арашалап алуға тырысты, бірақ, соған қарамастан биліктің құдайдан екенін жоққа шығарды. Сондай-ақ, ол монархиялық биліктің қайнар көзі – қоғамдық келісімде жатыр деп түсіндірді.
«Левиафан» еңбегінде ол мемлекетке дейінгі жағдайды мағынасыз, көріксіз, хаос түрінде, жанжалдық жағдайда болды деп түсіндіреді. Бұл жағдайдан шығудың ең басты жолы – қоғамдық келісім деп есептеді. Қоғамдық келісім патшамен оның қол астындағылар арасында жасалуы керек. Қарапайым халық сыртқы және ішкі жаулардан қорғану үшін өздерінің барлық табиғи құқықтарын монархқа беруге тиіс деп түсінді. Ал патша өз тарапынан халықты басқалардан қорғай алатындай заң кепілі болуын қалады. Тек сонда ғана қоғамда тұрақтылық пен даму болады деп түсіндірді. Патша осы талаптарды түгел орындаған жағдайда ғана оның қол астындағылары оған түгелдей бағынуға тиісті, ал егер де ол өз қызметін дұрыс орындамаған жағдайда, халық оны орнынан алып тастауға, яғни тақтан тайдыруға құқылы деп есептеді.
Томас Гоббс өзінің ілімінің негізіне жеке адамның жаратылысы туралы белгілі бір көзқарастарды алды. Туа бітті, жаратылысында адамдардың ойлау қабілеті де, шынығуы да бірдей деп есептейді. Сондықтан барлығы "бәріне құқылы". Бір жағынан, адам өте өзімшіл, оған қорқыныш, іштарлық сияқты қасиеттер де тән. "Адам адамға қасқыр" принципін негіздеді. Осыдан келіп қоғамда соғыстар туындайды. Бірақ мұндай соғыстар кезінде "бәріне құқылы болу" деген - ешнәрсеге ешқандай құқы жоқ деген сөз. Мінеки, осы жағдайды Гоббс Томас "адамдардың жаратылысы немесе табиғи жағдайы" деп анықтаған. Адамдарға күшпен қатар, өлім қатері мен өзінөзі қорғау қасиеттері де берілген.
Гобсс Томастың ойынша, ең маңызды жаратылыс заңы:
бейбітшілікке үмтылу;
бейбітшілік мүдцесі мен өзін-өзі қорғау, қажет етсе, әркім өзінің қүқынан қажетті түрғыдан бас тартуы қажет;
адамдар өздері келіскен келісімді орындаулары керек.
Жалпы Томас Гоббс 16 заң ұсынды. Олардың барлығының түйіні: «өзіңе тілемейтінді, өзгеге істеме». Томас Гоббс тұжырымы бойынша келісім мен алмасу - адам қоғамындағы бейбітшілікті орнатудың шарттары
Мемлекет адамдардың "барлығының барлығына қарсы соғысын" жою үшін бірігуі тиіс деп санады. Олар өзара келісім бойынша жоғары билікті бір адамға береді. Гоббс Томас шексіз билік, суверен билігін жақтады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет