Саяси ілімдер тарихының пәні, оны оқыту міндеттері


) Г.Спенсердің мемлекетті саяси қоғам ретінде қарастыруы



бет40/68
Дата06.02.2023
өлшемі444,75 Kb.
#65428
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   68
50) Г.Спенсердің мемлекетті саяси қоғам ретінде қарастыруы.
Спенсер Конттың “үш кезең” заңдылығын және оның жаңа қоғамды күткен утопиялық аңсарын үзіл-кесілді теріске шығарды. Қоғам, мемлекет және олардың эволюциясының заңдылықтары туралы нағыз ғылыми білімнің саласы ретінде әлеуметтанудың интерпритациялық (түсіндірушілік) мүмкіндігіне сене отырып ол либералды радикализмді жақтап, социализмді сынады. Ол қоғам мен мемлекетті өз ұйымдасуы мен қызметіндегі себеп-салдарлық ерекшеліктері бар механизм ретінде қарастырған декарттық және бэкондық дәстүрді бұзып, оны эволюцияның жалпы заңы бойынша дамитын күрделі агрегат, өзіндік организм ретінде қарастырады. Мемлекет пен саяси институттардың пайда болу тарихын қарастыра отырып, Спенсер бастапқы саяси дифференциация еркектер әйелдерге қатысты үстем тапқа айналған кездегі отбасылық дифференциациядан келіп туындайды деп есептейді. Сонымен бірге отбасылық теңсіздікпен қатар, еркектердің өз ішінде де дифференциация (отбасылық құлдық) болып, әскери басқыншылықтар мен тұтқынға түсірушіліктің, құлға айналғандардың саны артуының барысында саяси әректілік қалыптасады. Билеушілер мен бағынушылар арасындағы “саяси жіктлеіс” бірте-бірте күрделеніп, әлеуметтік эволюцияның жоғары формасына өтуді жалғастырады. Әскери типтегі мемлекеттің негізгі белгілеріне мыналар жатады халық пен армия бірыңғай құрылымды, бір орталыққа бағынған реттеу жүйесінің мәжбүр біріктіруінің негізінде ұйымдасады; қоғам органищм сияқты негізгі жүйе орталығына бағынады және сатылы негізде құрылады; әлеуметтік сатыдағы индивидтің орны оның статусымен анықталады; индивидтің өмірі, еркіндігі, меншігі қоғамға тиесілі; мемлекет тыйымдармен қатар бұйрықтарды да бекітеді; мемлекеттік ұйымның құрамына кірмейтін одақтар мен бірлестіктердің барлығы басып-жаншылады.
Қоғамның келесі типін Спенсер өнеркәсіптік тип деп атайды. Әлеуметтік ұйымдасудың бұл типіне мәжбүрлеуші емес, ерікті кооперация, қолөнер мен сауда еркіндігі, жеке меншікке қол сұқпаушылық және жеке тұлға еркіндігі, саяси институттардың өкілеттілік сипаты, биліктің орталықсыздандырылуы және әртүрлі әлеуметтік мүдделерді өтеу мен келістіру тәсілдерін қамтамасыз ету және т.б. белгілер тән.
Қоғамның әскери типінен өнеркәсіп типіне өтуін Г,Спенсер жалпы әлеуметтік-саяси эволюцияның заңдылығы ретінде түсінді. Бұл сол замандағы иерархия мен әскери күшке сүйенген феодалдық құрылыстан тауар алмасу мен еңбек бөлінісіне негізделген, индивидтердің жеке құқықтары мен еркіндіктері бағаланатын қоғамға тарихи көшу процесімен сәйкес келді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет