Саяси ілімдер тарихының пәні, оны оқыту міндеттері


) Абай ғылыми танымның әлеуметтік-саяси рөлі, ұлт тектілерінің әлеуметтік функциясы туралы



бет41/68
Дата06.02.2023
өлшемі444,75 Kb.
#65428
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   68
51) Абай ғылыми танымның әлеуметтік-саяси рөлі, ұлт тектілерінің әлеуметтік функциясы туралы.
Абай сол уақыттағы жергілікті атқару органдары мен билер қызметін, әлеуметтік теңсіздікті жырлаған, сонымен қатар әлеуметтік істерге де араласты. Судьялардың сатылғыштығы мен болыстардың жағымпаздығы Абайдың жүрегін жаралады. Бір елдің заңы екінші елге жетекші бола алмайтындығын жақсы түсінді. Сондықтан да ол зорлықпен танылған заң ережелерін керексіз деп тауып, отарлық билікті қамтамасыз етуде мың құбылып, өзгеріп отыратын сатылған заңдарды аяусыз сынады. Патша өкіметі құрған әкімшілік басқару ісіндегі әділетсіздік пен жорықсыз әрекеттердің қазақтың билік дәстүріне қандай зардабын тигізгендігі Абай назарынан тыс қалған жоқ. Абай болыстыққа білімді адамдардың сайлануын жақтайды. Оның ойынша білімді болыс қана сайлану құқығына ие болса, оң нәтиже береді. Егер білімді адам табылмаса, болысты сайлау арқылы емес, жоғарыдан тағайындауды халыққа пайдалы болар деп есептеген Абай сайлауды ру арасындағы араздықты қоздыратын іс деп апты. Елді басқаруға сайланғандар басқаның ақылын қажет етпей, өздерінің ғана бас пайдасын ойласа “ балық басынан шіридінің” растығына Абай күмән келтірмейді. Арын сатқан билер мен болыстардан түңілген Абай “сақалын сатқан кәріден еңбегін сатқан бала артық” деп ой қорытады.

52) Дж.Локк мемлекеттің шығу тегі мен міндеттері туралы.
“Мемьлекеттік басқару туралы екі трактат” еңбегінде Дж. Локк өзінің мемлекет туралы ілімін баяндайды. Гоббс тәрізді ол да адамдарды табиғи жағдайда еркін, өзара тең, тәуелсіз ретінде қарастырады. Бірақ оның Гоббстан айырмашылығы жеке меншік пен еңбек тақырыбын адамның табиғи ажырамас атрибуттары түрінде түсіндіреді. Оның айтуынша адамның жеке меншікке ие болу ұмтылысы, адамдардың өздерінің пайдасын көбірек ойлауы, табиғи нәрсе. “Жеке меншіксіз адамның негізгі қажеттілігін қанағаттандыру мүмкін емес. Мүлік жеке адамдардың иегілігіне айналған кезде ғана табиғат көп пайда бере алады. Бірақ жеке меншікітің толыққанды болуы қажырлы еңбекке байланысты болмақ. Еңбек және еңбексүйгіштік - құндылық жасаудың негізгі көздері болып табылады”.
Дж. Локктің пікірінше, мемлекеттің қалыптасуына дейін адамдар табиғи жағдайда болған. Мемлекетке дейінгі қауымдастыққа “бәрінің барлығына қарсы күресі” болған емес. Адамдар ешкімнен рұқсат сұрамайб ешкімнің еркіне тәуелді болмай өздерінің қадір-қасиеті мен меншігіне иелік еткен. Мемлекеттің пайда болуые Локк адамдардың табиғи құқықтарын, бостандығы мен еркіндігін, еке меншігін берік қамтамасыз ету мақсатындағы келісім арқылы құрған саяси қауымдастығы деп біледі. Мемлекет оны құрған адамдардан саяси қауымдастықтың басты мақсатына жетуге қажетті және жеткілікті қанша билік керек болса, сондай мөлшерін алады. Өйткені адамдар өздерінің өмірлік мүдделерін мемлекет арқылы қамтамасыз етуі және қорғай алулары керек. Локк мемлекеттің “ұлы және басты мақсаты” ретінде буржуазиялық жеке меншік қатынастарының дамуы мен оған қол сұғылмаушылық деп түсіндірді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет