Саяси ілімдер тарихының пәні, оны оқыту міндеттері


) Тоталитаризм ХХ ғ. құбылысы ретінде саяси теория және тәжірибеде



бет38/68
Дата06.02.2023
өлшемі444,75 Kb.
#65428
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   68
Байланысты:
Саяси ілімдер тарихыны п ні, оны о ыту міндеттері

48) Тоталитаризм ХХ ғ. құбылысы ретінде саяси теория және тәжірибеде.
Мемлекет туралы мәселе жиырмасыншы ғасырдың бүкіл әлеуметтік қақтығыстарындағы негізгі мәселелердің біріне айналды. Осыған орай мемлекеттің мәне, құрылымы мен мақсаты туралы әр алуан пікірлер қалыптасты. Тоталитаризмнің идеологтары демократия тек олигархтар мен плутократтарға тиімді деп есептеді. Олар демократияны теріске шығарып, азаматтық қоғам қатынастарын мемлекеттендіруге және милитарландыруға, қуатты бір партиялық мемлекет құруға және біртұтас партиялық-мемлекеттік идеологияны ендіруге шақырды. Фашистік мемлекеттің негізін қалушы Бенито Муссолини тоталитаризмнің статусын былайша белгілейді: “Барлығы мемлекет үшін, мемлекеттен өзге ештеңе, Мемлекетке қарсы ештеңе”. Тоталитаризмнің саяси идеологиясына өркениеттің демократиялық құқықтарын, құқықтық мемлекет пен парламентаризмнің дәстүрлі идеяларын қорғайтын концепциялармен қатар мемлекеттің өктем билігін азаматтық қоғам ұйымдарының құқытарымен шектеуді негіздейтін “билік диффузиясы” және моралистік демократия теориялары қарсы тұрды. Бірақ тоталитарлық идеологияның қалдықтары күні бүгінге дейін неофашизм немесе неоұлтшылдық түрінде ғана емес, елді дағдарыстан шығарып, барлығын азықпен және жұмыспен қамтамасыз ете алатын авторитарлық билік идеясы түрінде де сақталып отыр.
Тоталитаризм (лат. totalіs – тұтастай, түгелдей) – деспотизмнің бір түрі. Тоталитаризм орнаған мемлекетте қоғам өмірінің барлық саласы биліктің бақылауында болып, адам бостандығы мен конституциялық құқықтары жойылады, оппозиция мен өзге саяси ой өкілдері саяси қуғын-сүргінге ұшыратылады. Тоталитаризмнің тарихи үлгілері КСРО-да Сталин, Қытайда Мао Цзэ-дун, Солтүстік Кореяда Ким Ир Сен режимі кезінде, фашистік Италия мен Германияда орнады. 1) қоғамның, жеке адамдардың өмірін деспоттық, авторитарлық — бюрократиялык мемлекеттің күшімен басқаратын қоғамдық-саяси құрылыс. Тоталитарлы саяси жүйе ең сорақы түрі — фашистік тәртіп; 2) саяси ой-жүйедегі тоталитарлық тәртіпті атқарушы бағыт.[1]
Барлық тоталитарлық жүйелердің ортақ 8 белгісі бар: бюрократияның бір партия арқылы саяси, экономикалық, әскери және идеол. үстемдік жүргізуі; саясиланған иерархиялық әлеуметтік құрылыс; міндетті түрде қолына жоғарғы саяси, экономикалық, әскери және идеололгиялық билік шоғырланған көсемнің болуы; қуыршақ парламенттің болуы; қоғамды қорқынышта және толық бағыныштылықта ұстау мақсатымен қуғын-сүргін науқанын жүргізіп тұратын қуатты қуғындау-жазалау органы; әскерилендірілген экономика, ішкі саясаттың әскери-өндірістік кешенге тәуелділігі; мәжбүрлеуші идеологияның болуы, оған мойынсұнбау ауыр қылмыс ретінде бағалануы; қоғамда жау бейнесінің қалыптастырылуы, сол жауға деген жек көрушілік режимнің мақсатына жету жолында бұқараның жұмылуына себепші болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет