Саяси күштердің поляризациясы (қайшылықтар) үрдісі


Азаматтық-саяси қайшылықтар



бет2/95
Дата27.11.2023
өлшемі247,98 Kb.
#129831
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   95
Азаматтық-саяси қайшылықтар.
Уақытша өкіметтің мемлекеттік институттарының ыдырауы, большевиктердің билікке келуі. Бұл оқиғаға байланысты Ә.Бөкейхановтың өз ұстанымын білдіруі. Желтоқсандағы жалпықазақ съезі. Ә.Бөкейхановтың төрағалығымен Алашорда (Халық кеңесі) үкіметінің құрылуы. Алаш автономиясын жариялауға дарялық.
Қоқан қаласында Түркістан автономиясы (Қоқан Автономиясы) үкіметінің құрылуы. М.Шоқайдың естеліктері.
Советтік биліктің орнауы. Ресей халықтарының құқы Декларациясы (15 қараша 1917 ж.) жариялануы. Алашорда және Қоқан автономиясы билік орындарының таратылуы. Кеңес өкіметінің Қазақ комитеттерін «ұлттық-буржуазиялық» биліктің көрінісі ретінде тануы.
Қазан төңкерісі және Қазақстанның саяси өмірі. Қазақ елі «ақтар» мен «қызылдардың» текетірес күрестерінің сахнасы. Алашорда үкіметінің қазақ әскери жасақтарының іс-қимылдары. Қазақ халқын таптық тұрғыдан екіге бөлу. Соғыс қимылдарының бүкіл қазақ өлкесін қамтуы. Азамат соғысының қазақтың дәстүрлі шаруашылығын күйзелтуі. «Әскери коммунизм» саясатының қазақ өлкесіндегі арандату әрекеттері. Қырғыз (Қазақ) революциялық комитетінің ұлттық мемлекет құру идеясын күйретуі. Алашорда үкіметіне «кешірім» жариялануы. А. Байтұрсынұлының В.И.Ленинге жолдаған хаттары, оларда большевиктер ұстанымына айтылғын сын. Қырғыз (Қазақ) АСР-ның құрылуы – ұлттық мемлекет құру идеясын таптық негіздегі мемлекет құру идеясымен ауыстыру. Қырғыз (Қазақ) АКСР - нің территориялық аймағының «жоғарыдан» белгіленуі. Қазақ АССР және Түркістан Республикасы. Мұсылман бюросы және Түрккомиссия: саяси билік үшін күрес. Тұтас Түркістан идеясы, жеңіліс табуы. Т. Рысқұлов және М. Сұлтанғалиев. Басмашылар қозғалысы. Әнуар Паша және А.З. Валидов.
Кеңестік тоталитарлық басқару жүйесінің негіздерінің қалануы. Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат (ЖЭС). Оған көшудің әлеуметтік-экономикалық және саяси негіздері. ЖЭС-тің мазмұны және оны жүзеге асыру ерекшеліктері. Қазақстандағы аштыққа қарсы қазақ зиялыларының күресі. Жер-су реформасының мақсаты. Оны жүзеге асырудағы ауытқулар мен қателіктер. Қазақ өлкелік партия комитетінің «қазақ ұлтшылдығына» қарсы күресі. Түркістан республикаларын ұлттық-мемлекеттік межелеу - біртұтас Түркістан идеясының біржақты күйреуі. Қазақ жерлерінің ҚКАСР құрамына біріктірілуі. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет