Қазақстандағы «қайта құрудың» саясаты КОКП-ның әміршіл-әкімшіл басшылық рөлі мен М.С.Горбачевтың демократияшыл, реформаторлық қызметі арасындағы қарама-қайшылық. Жариялылық пен демократияны насихаттау барысында одақтық республикаларда туындаған ұлттық шиеленістер. Экономикалық дағдарыс. КСРО –ның әкімшіл-әміршіл жүйесін демократиялық жолмен қайта құруға талпыныстар.
Елді басқарудағы елеулі өзгерістер және реформаторлық бағыттың біртіндеп үстемдік алуы. Қайта құру мен жариялылықтың экономикаға әсері. Ұлттық республикалардың экономикалық өзін-өзі басқаруға және өзін-өзі қаржыландыруға қол жеткізу жолындағы талпыныстары. Экономиканы басқарудағы өзгерістер. Одақтық басқару жүйесіндегі жекелеген мемлекеттік кәсіпорындардың республикаларға қайтарылуы. Экономикалық тәуелсіздікке жету шараларының жартыкештігі.
Д.А.Қонаевтың Қазақстан Компартиясының Бірінші хатшысы қызметінен босатылуы. Алматыдағы және республиканың басқа қалаларындағы Желтоқсан көтерілісі және оның шынайы себептері. Партиялық басшылықтың бастамасымен жастарға және зиялы қауым өкілдеріне қарсы бағытталған қуғын-сүргіннің қайта өршуі. Орталық биліктің оқиғаға берген әділетсіз бағасы. Қазақстанда ұлт-азаттық сананың өсе түсуі. Алаш қозғалысы қайраткерлерінің ресми ақталуы және оның жартыкештігі. Жаңа қоғамдық ұйымдар мен партиялардың пайда болуы. Қазақ КСР-ның Жоғарғы Кеңесінің сайлануы. Президенттік институттың енгізілуі және тұңғыш президенттің сайлануы. Тіл туралы заңның қабылдануы мен оның маңызы. Қазақ КСР-ның мемлекеттік егемендігі туралы Декларация. 1991ж тамыз бүлігі. КОКП қызметінің тоқтатылуы. Кеңестер Одағының ыдырауы және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (ТМД) құрылуы.
Қазақстан Республикасның мемлекеттік құрылымының қалыптасуы «ҚР мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң. Қазақстандағы алғашқы жалпұлттық Президент сайлауы. Қазақ КСР – Қазақстан Республикасы болып өзгертілуі. Тәуелсіздік ұлттық және мемлекеттік құрылыстың факторы ретінде.
Тәуелсіз Қазақстан дамуының мемлекеттік стратегиясын айқындау. Қоғамды демократияландыру үдерісін дамыту. Дербес дамудың дара жолын айқындау.
Мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын қалыптастыру. Қоғамның конституциялық құрылыс негізін жасау. ҚР рәміздері – туды, елтаңбаны, әнұранды бекіту. Қазақстан Республикасының Қарулы күштерін құру туралы заң. Елдің егемендігін, тұтастығын, қорғанысын, азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ұлттық армияның құрылуы. Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлттық валютаны енгізу туралы» Жарлығы және оның маңызы. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын анықтау. Ұлттық қауіпсіздікті нығайту. Мемлекеттік сәйкестікті дамыту, азаматтық бірлікті және саяси тұрақтылықты нығайту.
Бүкілхалықтық референдум, қазіргі қолданыстағы ҚР Конституциясын қабылдау. Қазақстанда парламентаризмнің дамуы. Атқарушы биліктің ішіндегі мемлекеттік басқару жүйесін жаңарту. Орталық пен аймақтардың, мемлекеттік басқару деңгейі арасындағы өкілдіктерді бөлу, орталықсыздандыру. Жергілікті өзін-өзі басқару туралы Заң. Құқық қорғау органдарының (сот, прокуратура, милиция, арнайы қауіпсіздік қызметтері және т.б.) құрылуы. Құқықтық реформа және заңдарды ізгілендіру. Құқық қорғау жүйесін оңтайландыру. Азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғауды нығайту. ҚР-ның «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңы және оның нәтижелері.
Биліктің негізгі үш тармағының: Президент, Парламент және Үкіметтің біріккен еңбегінің нәтижесінде еліміздің саяси жүйесінің барлық құрамдас бөліктері қызметінің құрылымдық, ұйымдық-құқықтық және өзара қарым-қатынасы мәселелерін жан-жақты реттейтін, еліміздің демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет орнату бағытында әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ететін заң жүйесінің жаңадан түзіліп, қабылдануы және бұл үрдістердің қоғамдық қатынастардағы қажеттіліктерге байланысты үнемі жетілдірілуі.
Президенттің Қазақстан халқына алғашқы Жолдауы: «Қазақстан – 2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы», ҚР дамуының ұзақ мерзімге арналған басым бағыттары. Астананы Алматыдан Астанаға көшіру.
«Қазақстан – 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» ҚР Президенті-Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы.«Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы.