Саяси күштердің поляризациясы (қайшылықтар) үрдісі



бет95/95
Дата27.11.2023
өлшемі247,98 Kb.
#129831
түріҚұрамы
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   95
Бағдарламаның мақсаты



3. «Дене шынықтыру» пәнінің мақсаты студенттердің әлеуметтік-тұлғалық компетенциясын қалыптастыру және дене шынықтыру және спорт құралдарын денсаулықты сақтап нығайтуға және кәсіби іс-әрекеттік дайындыққа қолдану.



  1. Күтілетін нәтиже



  1. Бағдарламаны меңгеру қорытындысы бойынша оқыту нәтижелері:

  1. денсаулықты сақтауды, еңбек қызметінде әсер ететін жағымсыз факторларға ағзаны нығайту;

  2. тәртіпке үйрету, әріптестікке, достық өзара көмекке, саптық түзетулерді қалыптастыру;

  3. психологиялық тұрақтылыққа тәрбиелеу, өз күшіне деген сенімділік, мақсатқа жету;

  4. негізгі қимыл қасиеттерін- төзімділік, күш, ептілік, шапшаңдық, икемділікті дамыту және әрдайым жетілдіріп отыру;

  5. шапшаң қимылдау дағдыларын игеру (мысалы: жүзу, шаңғымен жүру т.б.);

  6. студент болашақ маманның кәсіби тұлғасын қалыптастыруға дене шынықтырудың әлеуметтік рөлі мен құндылығын түсініп, қабылдау;

  7. дене шынықтыру құндылығын ұғыну үшін белсенді спорттық іс-әрекет тәжірибесін меңгеру.



4. Пәннің мазмұны

5. Пәннің тақырыпты жоспары берілген бағдарламаның 1 қосымшасына сай берілген.


6. Пәннің тақырыпты жоспарына енгізілген тақырыптар мазмұны берілген бағдарламаның 2 қосымшасында келтірілген.
5. Білімгерлерге арналған семинар (практикалық) сабақ тақырыптарының тізімі берілген бағдарламаның 3 қосымшасына сай берілген.

Жоғары және (немесе) жоғары білімнен


кейінгі білім беруді ұйымдастыруға
арналған «Дене шынықтыру» жалпыға
білім беру пәнінің типтік оқу
бағдарламасының
2 қосымшасы

1) Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде дене шынықтыру оқу пәні ретінде.


Курстың мазмұнына кіріспе. Студенттердің дене шынықтыру бойынша оқу үрдісін ұйымдастыру. Курс бағдарламасы. Сабақты ұйымдастырудың мақсаты, міндеттері және түрлері. Негізгі, дайындау, арнайы және спорттық бөлімдеріндегі оқу үрдісі. Сынақ талаптары мен студенттердің міндеттері.
2) Салауатты өмір салтының негіздері.
Денсаулық: негізгі түсінік, мәні, мазмұны, критерийлері. Денсаулық факторлары. Салауатты өмір салтының құрылымы. Өмірдің саулық стилі. Денсаулықты қамтамасыз ету және өзінің жағдайын өзі бағалау. ЖИТС (СПИД), ЖИТС(СПИД) – инфекция, ЖИТС (СПИД) түсініктері. АИВ(ВИЧ)/ЖИТС(СПИД) мәселелерінің әлеуметтік-құқықты салалары. Профилактикасы.
3) Дене шынықтырудың жаратылыстану негіздері.
Дене шынықтыру әлеуметтік-биологиялық негіздерінің түсінігі. Ағзаның біртұтастық қағидасы мен оның қоршаған ортасымен байланысты. Ағза жүйелері: жүрек-қантамырлары, тыныс алу, сүйек, бұлшық-ет, жүйке, асқазан және т.б. қимыл-қозғалыс тәртібі. Ағзаның шаршауы мен қалпына келуінің физиологиялық сипаттамасы. Дене жаттығуларының жіктелуі. Шынығу деңгейінің күйі мен көрсеткіштері.
4) Заманауи сауықтыру жүйелері және ағзаның дене күйін бақылау негізі.
Заманауи сауықтыру жүйелерінің және құралдарының сипаттамасы. Ағза күйінің диагностикасы. Дәрігерлік, педагогикалық бақылау және өзін-өзі бақылау. Дене дамуын және дене дайындығын бағалау. Денсаулық деңгейін анықтау, өзін-өзі бақылаудың объективті көрсеткіштері. Бақылау және өзін-өзі бақылау нәтижесі бойынша сабақты түзету. Денсаулық паспорты.
5) Өзіндік жұмыстардың түрлері, міндеттері, оны қолдану әдісі.
Дене жүктемесін мөлшерлеу қағидалары. Дене жаттығулары мен өзіндік жұмыстың мазмұны. Жаттығулардың жеке жиынтықтарын құру. Дене шынықтыру бойынша үй жұмысы.
6) Кәсіби-қолданбалы дене дайындығы (КҚДД).
Студенттердің КҚДД мақсаты мен міндеттері. КҚДД құрылымы: еңбек түрлері, еңбектің шарттары мен сипаты, еңбек және демалу тәртібі. Студенттердің КҚДД құрамдарын таңдау әдісі. Студенттердің КҚДД түрі және ұйымдастыру. Дене шынықтыру бойынша кәсіби білім және практикалық дағды.

Жоғары және (немесе) жоғары білімнен


кейінгі білім беруді ұйымдастыруға
арналған «Дене шынықтыру» жалпыға
білім беру пәнінің типтік оқу
бағдарламасының
3 қосымшасы


  1. Практикалық (әдістемелік) сабақ тақырыптарының тізімі:

  1. Жалпы дене дайындығы (дене қасиеттерін дамыту);

  2. Арнайы дене дайындығы;

  3. Спорт түрлері (гимнастика, атлетикалық гимнастика, спорттық және қимыл-қозғалыс ойындары, жеңіл атлетика, шаңғы спорты, жүзу және т.б.);

  4. Кәсіби-қолданбалы дене дайындығы (КҚДД);

  5. Заманауи сауықтыру жүйелері;

  6. Дене жаттықтыру үрдісіндегі бақылау.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет