Байланысты: Саяси к штерді поляризациясы ( айшылы тар) рдісі
СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫНА ҰСЫНЫЛАТЫН ТАҚЫРЫПТАР ҮЛГІСІ
«Философия және «Рухани жаңғыру» презентациясын дайындау.
Философияны Қазақстанның үшінші жаңаруының дүниетанымдық негізі ретінде түсіндіру және негіздеу.
«Шығыстың рухани құндылықтары. Шығыс даналығынан қазіргі заман адамы не таба алады?» тақырыбына Ежелгі Қытай мен Ежелгі Үнді философиясы негізінде қысқаша ұсыныстар жасау.
Әл-Фарабидың «Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат», «Бақытқа жету туралы кітап», «Бақытқа жол сілтеу» еңбектеріне рефлексия негізінде бақыт жайлы эссе дайындау.
Философияның негізгі мәселелерінің пайда болуы мен оның қазіргі адам мен адамзат үшін қаншалықты өзектілігін ашатын резюме дайындау (Энтони Кенни. Батыс философиясының жаңа тарихы. 1-том. «Антика философиясы. Кіріспе»; Дерек Джонстон. Философияның қысқаша тарихы. Сократтан Дерридаға дейін. «Кіріспе»; Реми Хесс. Философияның таңдаулы 25 кітабы. «Кіріспе».)
«М. Хайдеггер онтологиясының негізгі ұғымдары» тақырыбына презентация дайындау (Дерек Джонстон. Философияның қысқаша тарихы. Сократтан Дерридаға дейін, 13-тарау. «Мартин Хайдеггер: біз болмысты ұмыттық»; Реми Хесс. Философияның таңдаулы 25 кітабы. 21-тарау. «Болмыс және уақыт»).
Дерек Джонстон оқулығының 1 тарауымен танысыңыз «Философияның қысқаша тарихы. Сократтан Дерридаға дейін». 1-тарау. «Сократ и Платон: От пен Күн» және «Үңгір аллегориясы: қазіргі оқылуы» эссе жазыңыз.
Энтони Кеннидің «Батыс философиясының жаңа тарихы. 2-том: Орта ғасыр философиясы» оқулығын оқып шығып, Ортағасырлардағы схоластар философиясы туралы презентация дайындаңыз (Энтони Кенни. Батыс философиясының жаңа тарихы. 2-том: Орта ғасыр философиясы. 2-тарау. «Схоластар: ХІІ ғасыр схоластарынан Ренессансқа дейін»).
Н.А.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында қазіргі мәдениеттегі ақпараттың рөлін гносеологиялық талдау негізінде «білім-ақпарат» салыстырмалы кестесін дайындаңыз.
Дедуктивті және индуктивті ойлауға салыстырмалы талдау жасаңыз (Дерек Джонстон. Философияның қысқаша тарихы. Сократтан Дерридаға дейін. 2-тарау. Аристотель: ақылды пайымдау; Реми Хесс, «Философияның таңдаулы 25 кітабы», 4-тарау. «Рене Декарт. Ақыл-ойыңды дұрыс бағыттап, ақиқатты ғылымнан іздеу әдісі туралы пайым»).
«Гносеологиялық оптимизм, скептицизм және агностицизм»: скептицизмнің гносеологиялық стратегия ретінде қазіргі ғылыми және қарапайым дүниетанымдағы маңызы туралы эссе-негіздеме жасаңыз.
«Қоғамдық сана жаңғыруындағы сыни ойлау» тақырыбына алғашқы деректерді сыни талдау негізінде презентация дайындаңыз (мысалы, Б. Рассел «Сыни ойлаудың он қағидасы» және басқа.).
Қазіргі жаһандық мәселелерді (нақты жағдайды талдау арқылы мысалы, терроризм, экологиялық дағдарыс, миграция т.б.) түсіну мен шешудегі философияның рөлі мен мүмкіндіктерін зерттеу нәтижесінде эссе-қорытынды жазыңыз.
13. Стоицизм және гедонизм: этикалық ілім ретінде олардың қазіргі
түсініктемесі негізінде эссе-негіздеме жасау (Дерек Джонстон. Философияның қысқаша тарихы. Сократтан Дерридаға дейін, 3-тарау. «Эпикур мен Зенон: жақсы өмірдің сыры»).
14. Барух Спиноза этикасының ерекшеліктері: эссе жазу (Реми Хесс, «Философияның таңдаулы 25 кітабы», 6-тарау. «Барух Спиноза. Этика»).
15. «Қазіргі заманғы Қазақстан жастарының этикалық құндылықтары»
тақырыбына эссе-пайымдау дайындау.
Қазақ даналығы бойынша төл шығармаларды оқып, талдау негізінде
«Өмірдің мәні– қазақ философиясының негізгі категориясы» жеке немесе топтық жоба дайындау.
Қоғамдық сана жаңғыруының алғышарттары мен негіздері ретінде қазақ халқының ерекше ұлттық этикалық құндылықтарын талдап, қорытындылау.
Абай даналығының негізгі антропологиялық идеясы «Адам бол!» тақырыбына эссе жазу.
ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының әлеуметтік философиясындағы қоғамдық сананы жаңғырту идеяларын талдау.
Алғашқы дерек ретінде төл шығармаларды оқып, талдау арқылы қазіргі ақпараттық қоғам дамуының негізгі концепцияларына шолу жасау.
«Құдай, сана мен дене» тақырыбына пайымдау-эссе жазу (Энтони Кенни. Батыс философиясының жаңа тарихы. 2-том: Орта ғасыр философиясы. 7-тарау. Сана мен жан).
Адам мәселесін экзистенциалдық түсіну туралы эссе жазу (Дерек Джонстон. Философияның қысқаша тарихы. Сократтан Дерридаға дейін. 14-тарау. Экзистенциалистің азабы).
«Қазақстанның қазіргі дамуы мәнмәтініндегі прагматизм философиясы» тақырыбына реферат дайындау.
Этикалық жағдайды (мысалы, моральдық қиыншылықтар, адамның ішкі қайшылықтары немесе адамдар арасындағы қақтығыстар, т.б. қоғамдағы этикалық мәселелер) кейс-талдау нәтижесін таныстыруды және дәйектеуді дайындау.
Реми Хесстің «Философияның таңдаулы 25 кітабындағы»
Ж.П.Сартрдың шығармашылығына арналған тарауын оқып шығып (Реми Хесс Философияның таңдаулы 25 кітабы. 23-тарау. «Жан Поль Сартр»; Дерек Джонстон. Философияның қысқаша тарихы. Сократтан Дерридаға дейін. 14-тарау. «Жан Поль Сартр: экзистенциалистің азабы»), Сартрдың «Адам еркіндік жазасына кесілген» деген тұжырымын түсіндіріңіздер.
«Қазақстанның дамуы мен көркеюіне менің үлесім» тақырыбына
эссе жазу.
«Философияның өзекті мәселелері / қырлары … (кәсіби қызмет
салалары)» тақырыбына жоба дайындау және нәтижесін талқылауға ұсыну.