Саяси күштердің поляризациясы (қайшылықтар) үрдісі


Философияның пайда болуы. Философияның пәні мен әдісі



бет15/95
Дата27.11.2023
өлшемі247,98 Kb.
#129831
түріҚұрамы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   95
Байланысты:
Саяси к штерді поляризациясы ( айшылы тар) рдісі

Философияның пайда болуы. Философияның пәні мен әдісі
Философияның пайда болуы. Философия – даналыққа құштарлық. Философияның сұқбаттық сипаты және эвристикалық мүмкіндіктері. Философиялық ойлау түрі – сын және күмәндану. Өткенге сыни көзқарас – қазіргі Қазақстанның рухани жаңғыруы мен ұлттық санасындағы өзгерістер шарты. Философиялық мәселелердің тұлғалық сипаты.
Философия және дүниетаным. Дүниенің ғылыми, философиялық, діни бейнелері. Мифология, дін және философияның қатынасы. Қоғам дамуындағы мифтің рөлі: Қазақстанның жақын онжылдықтағы ұраны – мифтік шығармашылық емес, реализм мен прагматизм. Философия – білім мен рухани қызметтің ерекше түрі.
Философияның негізгі бөлімдері – онтология, гносеология, философиялық антропология, логика, этика, эстетика, әлеуметтік және саяси философияның қысқаша сипаттамалары.
Философияның анықтамалары, түрлері мен бағыттарының санқырлылығы және философиялық пайымдау тәсілдерінің әртүрлілігі. Философия мен философтың адам және қоғам өміріндегі рөлі. Қазіргі Қазақстанның үшінші жаңаруындағы философияның орны.


Философияның тарихи типтері
Әлемдік философия және ұлттық философиялық дәстүрлер. Философияның қалыптасуы: ежелгі Шығыс философиясы, Антика философиясы. Негізгі мектептері, өкілдері. Батыс және Шығыс философиясының ерекшеліктері.
Ортағасырлық араб-мұсылман философиясы. Ортағасырлық христиан философиясы.
Түркі дүниетанымы, өкілдері. Түркі мәдениетіндегі философиялық ой-толғаудың өзіндік қырлары.
Қайта өрлеу дәуірі философиясы. Жаңа заман философиясы: ағылшын, француз, неміс философиясы. Орыс философиясы. Қазақ философиясы.
Постклассикалық батыс философиясы. Қазіргі заманғы философияның негізгі бағыттары.


ДҮНИЕНІ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ТҮСІНУДІҢ НЕГІЗДЕРІ


Болмыс мәселесі. Онтология және метафизика
Болмыс және тіршілік. Мән және бар болу. Болмыс бәрін қамтиды: материалдық заттар, олардың қасиеттері, қатынастары мен байланыстары, сонымен қатар, рухани құбылыстар, сана фактілері мен феномендері. Объективті және субъективті шындық.
Онтология – болмыс туралы ілім. Бар болудың онтологиялық құрылымы.
Болмыс және бейболмыс. Болмыстың түрлері. Субстанция мәселесі. Болмыстың түнегіздік бастамасы. «Материя» ұғымы. Материалдық әлем болмысы. Қозғалыс, кеңістік және уақыт.
Философияның негізгі ұғымдары: дүние, заман, мән, құбылыс, мазмұн, форма, жалпы, жеке, бүтін, бөлік, сан, сапа, өлшем, терістеу, себеп, салдар, қажеттілік, кездейсоқтық, мүмкіндік, шындық. Болмыс және Абсолют. Құдай-әлем қатынасы мәселесі.
«Идея» ұғымы. Болмыс пен ойлау арақатынасы мәселесі. Идея және рухани құндылықтар болмысы. Виртуалды шындықты философиялық зерделеу пәні ретінде талдау.


Сана және тіл
Жан, ақыл, парасат, рух. Рух және адамның рухани қызметінің табиғаты. Тәндік және руханилық.
Сананы онтологиялық мәселе ретінде түсіну. Сана фактілері. Сана феномендері. Сананың қалыптасуын анықтайтын факторлар. Антропосоциогенез. Сананың шығу тегі мен мәні: негізгі концепциялар. Шығыс философиясындағы сана мәселесі. Сана құрылымы. Бейсаналық, сана, санадан жоғары. Сананың сезімдік-перцептілік, эмоциялық, құндылықтық-мотивациялық, жігерлік, логикалық компоненттері. Бейсаналықтың философиядағы негізгі концепциялары. Сана және өзіндік сана. Қазақстандық тұлға санасының ашықтығы: әлемдік үдерістерді түсіну, өзгерістерге дайын болу, алдыңғы қатарлы елдердің тәжірибесінен үйренуге қабілеттілік. Сана және ұлттық сана-сезім. Қазіргі Қазақстанның рухани жаңғыру аясындағы ұлттық сана-сезім. Рухани жаңғыру – ұлттық сананың әртүрлі полюстерінің ымыраға келуі.
Ойлау және тіл. Тілдің шығу тегінің антиномиялары. Вербалды және вербалды емес ойлау. Тіл және ұлт. Латын графикасына көшудің қазақ ұлты мен қазақ тілінің дамуындағы рөлі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет