Саяси мәдениет: түсінігі, құрылымы, функциялары


Саяси мәдениеттiң жiктелуi



бет2/3
Дата14.10.2023
өлшемі25,2 Kb.
#114573
1   2   3
Байланысты:
10 дәріс. Саяси мәдениет

1.Саяси мәдениеттiң жiктелуi. Қоғамдық жағдайға және ондағы қалыптасқан саяси үлгiлер мен ережелерге байланысты әр елдiң саяси мәдениетi өзгешеленедi, ерекшеленедi. Ал, оларды анықтау үшiн ең алдымен, кең мағынадағы эмпирикалық зерттеулер жүргiзу керек, содан соң ғана салыстырмалы-саяси талдау арқылы ерекшелiктерiн сипаттауға болады.
Соңғы кезеңдерде саяси мәдениеттi дамыған, не дамымаған ел деп екiге бөлу арқылы олардың деңгейiн анықтау саясаттанушылардың арасында кең тарай бастады. Бұл жiктеудiң өлшемi көбiнесе мемлекеттiң жалпы даму деңгейiмен байланыстырылады. Мәселен, АҚШ, Германия, Франция, Англия дамыған саяси мәдениеттерге ие десе, көптеген елдердi оған жатқызбайды.
Саяси мәдениеттiң саясаттануда үлкен модельдерiбар: тоталитарлы, авторитарлы және либералды-демократиялық.
Тоталитарлы қоғамның кезiнде мемлекеттiк билiк барынша тұтастанып, қоғам мүшелерi қатаң бақылауға алынады. Фашистiк және коммунистiк типтегi тоталитарлы қоғамдар көсем (лидер) басқаратын саяси билiктi әмбебаптандырады. Тоталитарлық үрдiстер экономикалық қатынастардағы шаруашылық субъектiлер «этатизациялануын» сипаттайды. Бұл жердегi негiзгi аргумент-тиiмдiлiктi арттыру. Бұл мағынада қоғам кейбiр экономикалық жетiстiктерге де жетедi.
Авторитарлық (өктемшiлдiлiк) қазiргi кезеңде өзiнiң тарихи «ататегi» – автократия мен тираниядан сапалы түрде айырмашылықтарға ие болған. Өйткенi ежелгi заманда билiктi аздаған адамдар көп емес кiсiлердiң мүддесiне орай жүргiзсе, қазiргi авторитарлық көпшiлiктiң атынан топ күйiнде билiктi жүргiзедi. Сөйтiп, деспоттық принциптерiне сүйенген қоғам бiрте-бiрте ендi халықты алдап-сұлдап (манипуляция) билiк жүргiзуге ауысқан. Жаңарудың ең оңай түрi «халық мүддесiн» қорғау жайлы науқанды iс-әрекеттер жасау екенiн авторитарлы типiндегi мемлекеттердiң басқару органдары жақсы түсiнiп алған. Бұл әлеуметтiк-саяси өзгерiстердiң түптамыры XX ғасырдағы әлеуметтiк революция-лармен астасып жатады.
Либералды-демократиялық модельдегi саяси мәдениет пiкiрлер алуан түрлiлiгiн жоққа шығармайды, есесiне қарама-қарсылық жақтың қарсы ұстанымдарынан тиiмдi ортақ ойды iздейдi. Бұл саяси шешiмдегi сыңаржақтылықтан қорғайды. Бiрақ, бұл да идеологияның бiрi болғандықтан, оның кемшiлiктерi де бар. Мәселен, қоғамдағы барлық мәселелердi шешуге болады деген желеумен тарихи қалыптасқан дәстүрлi құндылықтардың құнарлы жақтары да ұмытылып кететiн кездерi де болады. Өйткенi, бұндай саяси мәдениет әлемдiк кеңiстiктегi саяси тәжiрибенiң кейбiр үрдiстi тұстарын механикалық түрде қабылдап, әлеуметтiк-тарихи ортада қалыптасқан ұлттық және дiлдiк ерекшелiктердi ескермеуi де мүмкiн. Бұл нақты тарихи қарастыруды қажет ететiн жағдай.
Саяси мәдениеттi кейбiр зерттеушiлер басқа түрде жiктеп, олармен құндылықтық бағдарлардың байланысын анықтап жүр. Мәселен, Габриэль Алмонд пен Сидней Вербаөздерiнiң «Азаматтық мәдениет» (1963ж.) деген еңбектерiнде саяси мәдениеттiң типологиясын жасай отырып, оларды қоғамдағы негiзгi саяси құндылықтармен тығыз байланыста болатынын көрсетедi. Бұл зерттеушiлер АҚШ, Англия, Германия, Мексика және Италия елдерiнде кең тараған саяси құндылықтарға компаративистiк талдау арқылы саяси мәдениеттiң үш типiн анықтайды. Бiрiншi типтi патриархалды деп атайды. Бұл тип қоғам мүшелерiнiң саяси өмiрге қызығушылық танытпайтындығымен ерекшеленедi. Әсiресе, осындай жағдай Африканың тайпалық қауымдастықтарында, кейбiр елдердегi автономиялық елдi мекендерде жиi кездеседi. Олар негiзiнен өздерiнiң iшкi тайпалық дiндерiнiң қалыптарымен, әлеуметтiк шектеулерiмен өмiр сүргендi қалайды. Саяси өмiрдiң мемлекеттiк деңгейi өкiлдерiн көп алаңдатпайды, күнделiктi тiршiлiктiң ауқымынан шыға алмайды.
Екiншi типтi мақұлдаушылар деп атайды. Бұл саяси мәдениеттiң құрылымына мемлекеттегi заңды мақұлдаушы, оған толық бағынушы азаматтардың iс-қимылын жатқызамыз. Олар қоғамның саяси өмiрiне аздап қатысады (сайлауға барады, ақпарат құралдарында айтылатын деректермен таныс). Бiрақ, бұл азаматтар енжар түрде жоғарыдан айтылған нұсқауларды орындауды ғана мақсат етiп, өзiнiң жеке басының саясатқа тiкелей араласуын қаламайды. Бұл авторитарлы қоғамда кеңiнен тараған саяси мәдениеттiң формасы.
Үшiншi типке саяси мәдениеттi белсендiтүрде дамытушылар жатады. Бұл азаматтар саяси процестегi барлық өзгерiстерге қатысып отырады. Қоғамның әрбiр саяси қадамын қадағалап, ондағы саяси оқиғалар жайлы өз пiкiрлерiн түйiндейдi. Әрине, бұл үш типтi де бiр қоғамнан кездестiруге болады және олар бiр-бiрiн толықтырып, бiр қоғамның тұтас саяси мәдениетiн анықтайды. Тек даму деңгейi биiктеген сайын әрбiр мемлекетте үшiншi типке жататындардың саны көбейе түседi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет