Саяси ойлар тарихындағы басқарудың "дұрыс" және "бұрыс" формалары



Дата13.12.2022
өлшемі0,79 Mb.
#57092
Байланысты:
сож

 Саяси ойлар тарихындағы басқарудың "дұрыс" және "бұрыс" формалары

Орындаған: Тоқтағанов Жарас

Тексерген:Дарын Каукенович

Топ:

Жоспар


Ежелгі Греция және ежелгі Римнің саяси ойлары.
01
Орта ғасырдағы ой.
02
Жаңа уақыт заманыныдағы саяси ойлардың дамуы.
03

Батыс елдер ішінде саяси идеялар ежелгі гректерде қатты дамыды. Онда қоғам шығыс елдер мен салыстырғанда онда көп жағдайда қарама-қарсы өрістеді.Саяси ұйым түрін жеке мемлекет болып қалған калалар құрды. Патшалық өкіметтің орнына аристократиялық және құл иеленушілік демократиялық орын алды.Көне гректерде саяси ғылымға мол мұра қалдырған ойшылдар өте көп. Олардың ішінде ең көрнекті Платон мен Аристотель.

Платон

  • Платон атақты философ Сократтың мектебінде оқып, оның үздік шәкірті болды. Ол қаза болғаннан кейін қатты қайғырып, біраз елдерді аралады. Кейін Афиныға келіп өз мектебін-академияны ашты. Платонның 200-ден астам еңбектері бар.Олардың ішінде біздің ғылымымызға тікелей қатысы бар шығармалар “Мемлекет”, “Саясатшы”, “Заңдар”, “Парменид”.

Платон қоғамды үш сословиеге бөлді:


әкімдер
қорғаушылар
өндірушілер
Әкімдерге- фәлсафашыларды жатқызды. Олар табиғатынан шындықты, ақиқатты, игілік идеясын саралап, танып-білуге қабілетті, икемді болуы керек.
Әкімдерге- фәлсафашыларды жатқызды. Олар табиғатынан шындықты, ақиқатты, игілік идеясын саралап, танып-білуге қабілетті, икемді болуы керек.
Қорғаушылар- олар әкімдердің ой, ниеттерін іске асырады, мемлекетті қорғайды.
Өндірушілер- өмірге керекті қаржыларды тауып, мемлекетті материалдық жағынан қамтамасыз етеді. Олар билеу ісіне араласпайды.

Платон мемлекеттік құрылысты 5 түрге бөлді:


аристократия
тимократия
олигархия
демократия
тирания
Бұлардың ішінде ең жақсысына аристократиялық мемлекетті жатқызды. Онда ақыл-естілік, парасаттылық билейді, оның прициптері-адамгершілік ар-намыс деп санады.
Ертедегі гректердің саяси ой-пікірлерін одан әрі дамытып, фәлсафасын шыңына жеткізген ұлы ойшыл Аристотель.
  • Аристотель Афиныға оралып, өз мектебін ашты. Осында ол бірінші рет саяси ғылымды пән ретінде кіргізіп, өзі сабақ берді. Аристотельді саясаттанудың әкесі дейтіні осыдан.
  • Саясаттануға қатысты “Саясат”, “Афиналық полития”, “Этика” деген еңбектері бар.

Саяси ойдың даму тарихында айтарлықтай із қалдырған ежелгі Рим болды. Онда әсіресе атақты шешен, мемлекет қайраткері және ойшыл Марк Туллий Цицерон өмір сүрді.
Цицерон мелекеттің құрылым түрі оны басқарушының “мінезі мен еркіне” байланысты болады деп түсіндірді.

Цицерон мүліктік идеясына қарсы болды, қоғамдық-саяси қатынастарда әлеуметтік жіктелу мен теңсіздікті әділеттілік деп санады.Саяси ой тарихында орта ғасырлардағы феодалдық қоғамның орны ерекше. Батыс Еуропада феодализм мың жылдан артыққа созылды.Бұл заманда христиан дініне көп еңбек сіңірген Аврелий Августин еді. Ол христиан фәлсафасының негізгі қағидаларын зерттеп, жетілдірді. Оның саяси көзқарастары “Құдай қаласы туралы” деген еңбегінде баяндалған.А.Августин

Христиан дінінің саяси теориясын жасап, оны шыңына жеткізген монах Фома Аквинский болды.Оның саяси көзқарастары “Билеушілердің басқаруы туралы”, “Тиологияның жиынтығы” деген еңбектерінде қаралды. Аквинский өз шығармаларында Аристотельді көзқараcтарын католик дінінің қағидаларына бейімдегісі келді. Фоманың ойынша, билік құдайдың құдіретімен орнайды. Сондықтан патшалық билік жоғары діни билікке бағынуы керек. Оның түсіндіруінше, аспанда құдай, жерде рим папасы билеуі тиіс.

Қайта өрлеу дәуірінің көрнекті өкілі буржуазиялық саяси ғылымның негізін салушы Никколо Макиавелли болды. Оның атақты шығармалары “Патша”, “Флоренцияның тарихы”. Макиавелли діни көзқарасқа қарсы болды. Шындықтың белгісі сенім емес, тәжірбие деп білді. Ол мемлекет деген атауды ғылымға, әдебиетке бірінші болып кіргізді.

ХVII ғасырда буржуазиялық революция Еуропа көлемінде ең бірінші Англияда болды.Ол феодолизмге күйрете соққы беріп, капиталистік қатынастардың дамуына жол ашты. Бұл дәуірінің көрнекті өкілдерінің бірі ағылшын ойшылы Томас Гоббс еді. Оның ойынша, мемлекет қоғамдық келісімнің негізінде жалпыға бірдей бейбіт өмір мен қауіпсіздік пайда болды.

Франциядағы буржуазиялық революцияның көрнекті өкілі Шарль Луи Монтескье болды. Ол әр халықтың адамгершілік бейнесі, оның заңдарының айырмашылығын, қоғамның дамуын географиялық ортаға байланыстырды. Бостандық-заң неге ерік берсе, соны істеу. Саяси бостандық экономиканың, өндірістің, сауданың дамуына әсер етеді. Ол сөз, баспа сөз, ұждан бостандығын жақтады. Ммлекет азаматтарды өмірге қажетті қаражаттар мен қамтамасыз етуге міндетті. Бостандықты баянды ету мақсатында және төңкерістерге жол бермеу үшін билікті заң шығаратын, атқарушы және сот билігі етіп бөлу керек деді.

XVII-XVII ғасырларда Солтүстік Американың Атлантикалық жағалауы Британия колонияларына айналды.Колониялар метрополиялардан толық тәуелді болатын.1775-1783 жылдары Америка халқының ағылшындарға қарсы тәуелсіздік үшін азаматтық соғысы басталды. Бұл соғыс демократиялық идеялардың дамуына қуатты түрткі болды. ХХ ғасырда феодализм ыдырады, капитлизм орнады.

Пайдаланған әдебиеттер


Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.
уикипедия

Назарларыңызға рақмет!!��



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет