Жоспар
6.1 Тоталитаризм
6.2 Авторитаризм
6.3 Демократия
Саяси режим (тәртіп) – саяси билік, қоғамды басқарудың әдіс-тәсілдер жиынтығын, азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерінің демократиялық дәрежесін айтады.
Саяси режим
Антидемократиялық
Демократиялық
Тоталитаризм Авторитаризм
6.1 Тоталитаризм
Тоталитаризм (лат. totalіs – тұтастай, түгелдей) – деспотизмнің бір түрі. Тоталитаризм орнаған мемлекетте қоғам өмірінің барлық саласы биліктің бақылауында болып, адам бостандығы мен конституциялық құқықтары жойылады, оппозиция мен өзге саяси ой өкілдері саяси қуғын-сүргінге ұшыратылады.
* Тоталитаризм терминін алғаш рет 1923-1925 жж. Муссолини қолданды.
Тоталитаризм Негізгі белгілері
Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына, демократиялық ұйымдардың жұмыс істеуіне тыйым салынады
Өндіріс, экономика, білім, мәдениет, бұқаралық ақпарат құралдары, адамдардың жеке өмірі - бәрі тегіс бақылауға алынады.
Жазалау, қуғын-сүргін күшейеді, террорлық полициялық бақылау орнатылады
Билік тек бір партияның қолына шоғырландырылады
Басқаша ойлауға мүмкіндік бермейді.
Қоғамда бір идеология үстемдік етеді
Тоталитаризм Негізгі типтері
Солшыл тоталитаризм
Оңшыл тоталитаризм
сталинизм
Герман нацизмі
Итальян фашизмі
маоизм
Авторитаризм - (гр. 'autoritas' - билік, ықпал ету) – саяси оппозицияға жол бермейтін, бірақ саяси емес салаларда жеке адам мен қоғамның автономиясын сақтайтын бір саяси партияның, адамның немесе адамдар тобының күшті билігі.
Авторитаризм қоғамдық құрылысы ауысып, өтпелі кезеңді басынан кешіп жатқан елдерде, сондай-ақ ұзақ дағдарыста болып жатқан қоғамда пайда болады.
(Мексика, Бразилия, Қазақстан, Ресей, т.б. елдер)
6.2 Авторитаризм
Авторитаризм Негізгі белгілері
Биліктің саяси жетекшінің немесе белгілі бір топтың қолында шоғырлануы
Мемлекет қоғамдық өмірдің тек негізгі және шешуші тұтқаларына ғана ие
Жеке азаматтардың да, қоғамдық-саяси ұйымдардың да саяси құқықтары мен саяси іс-әрекеттерін шектеу және қатаң реттеу
Үлкен репрессиялық аппараттың болмауы
Азаматтарға мемлекет тыйым салмайтын барлық нәрсеге рұқсат беру
Демократияның кейбір элементтерінің болуы (сайлау, парламенттік тартыс)
6.3 Демократия
Демократия - (гр. demos – халық , гр. kratos – билік) «халық билігі» теңдік, құқық, әділдік, еркіндік принциптеріне негізделген мемлекеттік құрылыс
Демократия – бұл адамдар билігі (“of” the people), адамдарды билеу (“by” the people), адамдар үшін билік ету (“for” the people).
А. Линкольн, Геттисбергтегі сөзінен «Демократия - басқарушы шенеуніктерді ауыстыру үшін тұрақты конституциялық мүмкіндіктер беретін саяси жүйе және халықтың көп бөлігіне билікке үміткерлер арасында сайлау арқылы шешімдер қабылдауға ықпал ететін әлеуметтік механизм».
Сеймур Липсет,
американ әлеуметтанушысы
Демократияның негізгі үш ережесі:
заңды және әділ саяси ойын нәтижесінде сайлауда көпшілік орын алған топ, партия немесе коалиция үкіметті басқаруға құқылы
Конституция билікті бір саяси партиядан, топтан немесе коалициядан екіншісіне бейбіт жолмен ауыстыру мүмкіндігіне кепілдік береді
саяси процесті және онымен байланысты әртүрлі институттарды (партиялар, еркін баспасөз және т.б.) легитимдендіретін заңдар жүйесі
Демократиялық саяси режимнің негізгі элементтері:
Саяси бәсекелестік
халық өкілдігінің жүйесі
Жалпыға бірдей сайлау құқығы
бір адам - бір дауыс қағидатын сақтай отырып, тұрақты және мерзімді сайлау
мүмкіндіктер теңдігін жүзеге асыру үшін адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарының кепілі
Азаматтық қоғамның дамуы
Көпшіліктің билігі және азшылықтың құқықтарын қорғау
Демократия Негізгі белгілері
мемлекеттік биліктің өкілетті органдарын және жергілікті өзін-өзі басқаруды жалпыға бірдей, тікелей сайлау арқылы жасырын дауыс беру арқылы сайлау
парламенттің жалпы үкімет үшін заң шығаруға айрықша құқығы
көппартиялық жүйе, партиялық жүйеде қолданыстағы жүйенің негізінде тұрған да, оны жоққа шығаратын да, бірақ Конституция шеңберінде әрекет ететін саяси партиялардың болуы
азшылықтың мүдделері мен құқықтарын сақтай отырып, көпшілік дауыспен саяси шешімдер қабылдау
заң шығарушы, атқарушы және сот билігінің бөлінуі, олардың арасындағы қатынастарда ұстамдылық пен тепе-теңдік механизмінің болуы
Демократия Жұмыс істеу кепілдіктері
азаматтық қоғам тарапынан мемлекеттік органдар мен аппараттардың қызметіне бақылау жүйесін құру
билікті иеленумен байланысты артықшылықтар жүйесін жою
азаматтардың теңдігінің кепілдіктері, әр адамның билікті, оның кез-келген өкілін сынға алу құқығын тану
депутаттарды қайтарып алу және лауазымды тұлғаларды ауыстыру рәсімінің болуы
азаматтарды уақытылы толық саяси ақпараттандыру үшін мүмкіндіктердің болуы