Демократия теңдік болған жерде ғана болады. Мұнда барлық салада – заң шығару, оны орындауда, т.с.с. теңдік болады. Демократияда әділет болуы керек. Мұнда да қоғамның барлық саласында әділет болуы тиіс. Демократияда сонымен қатар бостандық, еркіндік болуы керек. Сонымен, демократия деп халық билігі, теңдік, құқық, әділдік, еркіндік принциптеріне негізделген мемлекеттік құрылысты айтады.

Демократияның түрлері
Делегативті демократия - гибридті режимдердің негізгі түрлерінің бірі.
Идентитарлы демократия - халық еркі мен мемлекет әрекеттерінің теңдігіне негізделген демократия концепциясы.
Тікелей демократия- халықтың жалпы мемлекеттік және жергілікті ауқымда билікті тікелей жүзеге асыруы, халықтың өзінін (көбінесе сайлаушы азаматтармен) жалпы және жергілікті сипаттағы шешім қабылдауы. Мұндай форманың негізгілерінің бірі референдум.
.
Өкілдік демократия - халықтың билікті өзі таңдаған мемлекеттік органдар арқылы жүргізуі. Халық билігінің негізгі екі түрінің бірі (екінші түрі тікелей демократия). Қазіргі демократиялық қоғамда осы екі түр өзара бірін-бірі толықтырады. Заңды күші тұрғысынан басымдыққа тікелей демократия жолымен қабылданған шешімдер ие болады
Демократия (грек. δημοκρατία "халық билігі") — биліктің жалғыз көзі халық болып табылатын саяси режим. Билік халықтың еркі мен мүддесі үшін жүзеге асырылады. Қарапайым тілмен айтқанда, демократия деп қатысушылардың процестің нәтижесіне бірдей әсер ететін ұжымдық шешім қабылдау әдісі түсініледі.
Демократиялық саяси режимнің басты ерекшелігі - азаматтардың мемлекеттің саяси өміріне тікелей қатысу мүмкіндігі.