Сбор и подготовка нефти на промыслах


Табиғи газдың физикалық қасиеттері



бет3/6
Дата15.12.2023
өлшемі243 Kb.
#138741
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Л.2. ОНГД

Табиғи газдың физикалық қасиеттері

  • Тығыздығы: 0,7-ден 1,0 кг/м³ дейін (құрғақ газ тәріздес); 400 кг/м³ (сұйық).
  • Өздігінен жану температурасы: 650 °C;
  • Газдың ауамен біріккен өрт қауіпті қоспа концентрациясы 4 %-дан 16 %-дейін;
  • Меншікті жану жылуы: 28—46 МДж/м³ (6,7—11,0 Мкал/м³);
  • Іштен жану қозғалтқыштарында қолданған кездегі октан саны: 120—130.
  • Ауадан 1,8 есе жеңіл, сондықтан ауаға ағып шыққан кезде төменде емес, жоғарыға қарай көтеріліп жиналады.
  •  

3. Мұнай және газ кенорындарын іздеу мәселелері

  • Іздеу-барлау жұмыстарының мақсаты мұнай және газдың кәсіпшілік кеніштерін анықтау, бағалау және игеруге дайындау болып табылады.
  • Іздеу-барлау жұмыстары кезінде геологиялық, геофизикалық, гидрогеологиялық әдістер, сондай-ақ ұңғымаларды бұрғылау және оларды зерттеу қолданылады.
  • Геологиялық әдістер. Геологиялық түсірілім жасау іздеу жұмыстарының барлық қалған түрлерінен алдын орындалады. Ол үшін геологтар зерттелетін аудандарға шығып, зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Бұл кезде олар тау жыныстарының қабаттарын, олардың құрамын және еңкею бұрыштарын зерттейді. Түбірлі тау жыныстарды талдау үшін тереңдігі 3 см шурфтар қазылады. Ал терең орналасқан тау жыныстары туралы мәліметті алу үшін тереңдігі 600 м дейін ұңғымалар бұрғыланады.
  • Геологиялық карта – бұл тау жыныстарының жер бетіне шығу проекциясы. Антиклиналь геологиялық картада овал пішінді (үлкен нүкте) түрде болады, оның ортасында көне тау жыныстар , ал шет жағында – жас тау жыныстар орналасады. Алайда геологиялық түсірілімдер қаншалықты нақты жасалса да, олар тек тау жыныстарының жоғарғы бөлігінің құрылысы туралы мәліметті Бере алады. Едәуір терең тау жыныстарды зерттеу үшін геофизикалық әдістер қолданылады.

Геофизикалық әдістер

  • Геофизикалық әдістерге сейсмобарлау, электробарлау, гравитациялы барлау және магнитті барлау жатады.
  • Сейсмикалық барлау жер қыртысында жасанды тудырылатын серпімді толқындардың таралу заңдылықтарын қолдануға негізделген. Толқындар келесі тәсілдердің бірімен тудырылады: тереңдігі 30 м дейін ұңғымаларда арнайы зараядтарды жару арқылы; вибраторлармен; жарылыс энергиясының механикалық энергияға түрленуімен.
  • Электрлі барлау тау жыныстарының түрлі электр өткізгіштігіне негізделген. Осылайша, тұзды минералданған суға қаныққан граниттер, әктастар, құмтастар электр тогын жақсы өткізеді, ал мұнаймен қаныққан саздар мен құматстардың электр өткізгіштігі өте төмен болады.
  • Гравитациялық барлау жер бетіндегі ауырлық күшінің тау жынысының тығыздығынан тәуелділігі. Мұнай немесе газға қаныққан тау жыныстардың тығыздығы суға қаныққан тау жыныстарға қарағанда төмен болады. Гравитациялы барлаудың тапсырмасы ауырлық күші аномальды төмен орындарды анықтау болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет