Сбор и подготовка нефти на промыслах



бет4/6
Дата15.12.2023
өлшемі243 Kb.
#138741
1   2   3   4   5   6

Геофизикалық әдістер

  • Магнитті барлау тау жыныстарының түрлі магнитті өткізгіштігіне негізделген. Біздің планета – бұл үлкен магнит, оның айналасында магнитті өріс орналасқан. Тау жыныстарының құрамы мен мұнай және газдың болуына тәуелді магнитті өріс түрлі дәрежеде өзгереді. Көп жағдайда магнит өлшегіштер ұшақтарғға бекітіледі, олар белгілі бір биіктікте зерттеліп отырған территорияны зерттейді. Аэромагнитті түсірілім биіктігі 200...300м жоғары емес 7 км тереңдікке дейінгі антиклинальдарды анықтайды.
  • Геологиялық және геофизикалық әдістер шөгінді тау жыныстар қабаттарының құрылымын және мұнай мен газдың мүмкін тұтқыштарының бар болуын анықтайды. Алайда тұтқыштың болуы мұнай мен газ кенішінің бар екенін білдіреді. Ұңғыманы бұрғылаусыз анықталған құрылымдардың жалпы санынан мұнай мен газға перспективті құрылымдарды анықтау үшін жер қыртысын зерттеудің гидрогеохимиялық әдістері көмектеседі.

Ұңғымаларды бұрғылау және зерттеу

  • Ұңғымаларды бұрғылау кеніштерді контурлау, мұнайгазды қабаттардың орналасу тереңдігі мен қуатын анықтау мақсатында қолданылады.
  • Сонымен қатар бұрғылау процесінде түрлі тереңдіктегі тау жыныстарының үлгісін цилиндрлі-керн алады. Кернді талдау оның мұнайгаздылығын анықтауға мүмкіндік береді. Алайда ұңғыманың бүкіл ұзындығы бойынша кернді алу тек ерекше жағдайларда алынады. Сондықтан бұрғылау аяқталғаннан кейін ұңғыманы геофизикалық әдістермен зерттеу міндетті процедура болыптабылады.
  • Ұңғыманы зерттеудің ең кең тараған тәсілі – электрокаротаж. Бұл жағдайда ұңғыма ішіне бұрғылау құбырларын шығарғаннан кейін арқанға ілінген тау жыныстарының электрлік қасиеттерін анықтауға мүмкіндік беретін прибор түсіріледі. Өлшеу нәтижелері электрокаротажды диаграмма түрінде беріледі. Оларды оқи отырып, электр кедергісі жоғары мұнайдың бар болуын білдіретін өткізгіш қабаттардың орналасу тереңдігін анықтайды.
  • Электрокаротаждың тәжірибесі құмды-сазды тау жыныстарында мұнайлы қабаттарды сенімді бекітетінін көрсетті, алайда карбонатты шөгінділерде электрокаротаждың мүмкіндіктеррі шектеулі болады. Сондықтан ұңғыманы зерттеудің басқа да әдістері қолданылады: ұңғыманың қимасы бойынша температураның өзгерісі (термиялық әдіс), тау жыныстарындағы дыбыс жылдамдығының өзгерісі (акустикалық әдіс), тау жыныстардың табиғи радиоактивтілігін өлшеу (радиометрлі әдіс) және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет