Мұнайды қамтитын тау жыныстары үлкен кеуектілікке ие. Өз бойында сұйықтық пен газдардың еркін қозғалысы мен жиналуын қамтамасыз ететін тау жыныстар коллекторлар деп аталады. Коллекторлардың кеуектілігі түйіршіктердің іріктелуіне, олардың пішіні мен орналасуына, сондай-ақ цементтің болуына тәуелді болады. Тау жыныстарының өткізгіштігі кеуектер көлемімен және олардың бір-бірімен байланысуымен анықталады. Мұнайдың басты коллекторлары құмдар, құмайттар, конгломераттар, доломиттер, әктастар және басқа да өткізгіштігі жақсы тау жыныстар болып табылады.
Көбінде мұнай кеніші коллектордың бір бөлігін ғана алады, сондықтан тау жынысының кеуектілік сипаты мен цементтелу дәрежесіне тәуелді кеніш бойында бөлек аймақтардың мұнайға қанығуы бөлек болады. Кейде бл себеппен кеніштің өнімсіз аймақтарының бар болуы негізделеді. Әдетте кеніштегі мұнай сумен қатар жүреді, бұл су кенішті қабаттардың құлауы бойынша төмен қарай немесе толық табаны бойынша шектейді.
2. Табиғи газ кенорны
Табиғи газ кенорны — бұл белгілі бір территорияда газ бен газконденсатты кеніштердің жиынтығы. Әдетте ол бірнеше жүздеген километрді алып жатады, оны игеру үшін газ ұңғымалары қолданылады.
Табиғи газ — органикалық заттардың анаэробты ыдырауы кезінде жер қабаттарында түзілген. газдар қоспасы.
Табиғи газ пайдалы қазбаларға жатады. Табиғи газ қабат жағдайында газ тәріздес күйде болады, яғни бөлек жиынтықтар немесе мұнай кенорнындағы газ бүркемесі түрінде немесе мұнай немесе су құрамында еріген күйде болады. Стандартты жағдайда (101,325 кПа және 20 °С) табиғи газ тек қана газ тәріздес күйде болады. Сондай-ақ табиғи газ табиғи газгидраттар түрінде де бола алады.
Табиғи газдың химиялық құрамы: метан (CH4) — 98 % дейін. Табиғи газдың құрамына сондай-ақ ауыр көмірсутектер кіреді – метан гомологтары: этан (C2H6); пропан (C3H8) бутан (C4H10), сонымен қатар басқа да газдар: сутегі (H2); (H2S); көміртегі оксиді (СО2); азот (N2); гелий (Не).
Таза табиғи газдың түсі мен иісі болмайды. Табиғи газ ілеспе газдан құрамы бойынша ерекшеленеді. Ілеспе газ этан, пропан және бутаннан тұрады. Иіс бойынша газдың шығуын анықтау үшін газ құрамына қатты жағымсыз иісі бар меркаптан сияқты аз мөлшердегі заттар қосады (одоранттар). Көбінесе одоранттар ретінде этилмеркаптандар қолданылады.
Табиғи газдың тасымалдауы мен сақталуын жеңілдету үшін оны сұйылтып, үлкен қысымда салқындатады.