Сбор и подготовка нефти на промыслах


Іздеу-барлау жұмыстарының кезеңдері



бет5/6
Дата15.12.2023
өлшемі243 Kb.
#138741
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Л.2. ОНГД

Іздеу-барлау жұмыстарының кезеңдері

  • Іздеу-барлау жұмыстары екі кезеңде орындалады: іздеу және барлау.
  • Іздеу кезеңі үш кезеңнен тұрады:
  • аймақтық геологиялық геофизикалық жұмыстар;
  • терең іздеу бұрғылау жұмыстарына алаңдарды дайындау;
  • кенорындарды іздеу.
  • Бірінші кезеңде геологиялық және геофизикалық әдістермен мүмкін мұнайгаз аймақтары анықталады, олардың қоры бағаланады және ары қарай іздеу жұмыстары үшін бірінші қатарлы аудандар орнатылады. Екінші кезеңде геологиялық және геофизикалық әдістермен мұнайгаз аймақтарының едәуір нақты зерттеулері жүргізіледі. Бұл кезде сесмобарлауға үлкен көңіл бөлінеді, ол үлкен тереңдіктерге дейінгі жер қыртысының құрылымын зерттеуге мүмкіндік береді.
  • Іздеудің үшінші кезеңінде кенорынды ашу мақсатында іздеу ұңғымаларын бұрғылау жүргізіледі. Бірінші іздеу ұңғымалары шөгінді тау жыныстардың барлық қалындығын зерттеу үшін әдеттегідей, максималды тереңдікке бұрғылайды. Содан соң кенорынның әр қабатын жоғарыдан бастап кезекпе-кезек барлайды. Берілген жұмыстар нәтижесі бойынша қайта ашылған кенорындардың қорын алдын ала бағалау жүргізіліп, оларды ары қарай игеру бойынша ұсыныстар беріледі.

Мұнай мен газ кеніштерінің классификациясы

  • Мұнай және газ кеніші деп тұтқыш тау жыныстарға жиналған мұнай мен газдың кез-келген табиғи жиынтығын айтамыз. Кеніштер кәсіпшілік және кәсіпшілік емес болып бөлінеді.
  • Кенорын деп бір кенішті немесе кеніштер тобын айтамыз. Кеніштер мен кенорындардың біркелкі классификациясын құру үлкен тәжірибелік және теориялық мәнге ие.
  • Мұнай мен газ кеніштерін классификациялау кезінде көмірсутегі құрамы, тұтқыш рельефінің пішіні, тұтқыш типі, экран типі, дебит мәні және коллекторлар типі сияқты көрсеткіштер ескеріледі.
  • Көмірсутегі құрамы бойынша кеніштер 10 класқа бөлінеді: мұнайлы, газды, газконденсатты, эмульсиялы, газ бүркемесі бар мұнайлы, газконденсатты бүркемесі бар мұнайлы, мұнай оторочкасы бар газды, мұнайлы оторочкасы бар газконденсатты, газ бүркемесі бар эмульсиялы, газконденсатты бүркемесі бар эмульстялы. Сипатталған кластар кеніш құрамы бойынша біртектіге жатады, оның шегіндегі кез-келген нүктеде көмірсутегілердің физика-химиялық қасиеті шамамен бірдей болады. Қалған алты класта көмірсутегілер қабат жағдайында бір уақытта сұйық та, газ тәрізді де күйде болады. Кеніштердің мұндай кластардың екі атауы болады. Бұл кезде бірінші орынға көмірсутегілер қосылыс кешенінің аты қойылады, олардың геологиялық қоры кеніштегі жалпы көмірсутегілер қорының 50% жоғары көлемді құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет