Тау жыныстар – жер қыртысында өздігінен дене түзейтін минералды құрамы тұрақты минералдардың табиғи жиынтығы. Жер тау жыныстарынан тұрады.
Пйда болуы бойынша тау жыныстар үш топқа бөлінеді: магмалық (эффузивті және интрузивті), шөгінді және метаморфты. Метаморфты және магмалық тау жыныстар жер қыртысының 90% құрайды, алайда, қазіргі материктер ауданында олардың орналасуы үлкен емес. Қалған 10% шөгінді тау жыныстарына тиесілі, олар жер бетінің 75% алады.
Магмалық тау жыныстар өзінің пайда болуы бойынша эффузивті және интрузивті болып бөлінеді. Эффузивті (жанартау) тау жыныстар жер бетіне магманың төгілуі нәтижесінде түзіледі. Интрузивті тау жыныстар керісінше, магманың жер қабатында ағуы нәтижесінде түзіледі.
Тау жыныстарын магмалық, метаморфты және шөгінді деп бөлу барлық уақытта анық емес. Шөгінді тау жыныстарда диагенез процесінде, өте төмен температура кезінде минералды түрленулер басталады, алайда тау жыныстарының құрамында жаңадан түзілген гранит болған кезде метаморфты болып есептеледі. Қалыпты қысымдарда метаморфизмнің басталуы 3000С температураға сәйкес келеді.
Бақылау сұрақтары
1. Мұнай кеніші дегеніміз не?
2. Табиғи газ ілеспе газдан химиялық құрамы бойынша немен ерекшеленеді?
3. Қандай тау жыныстар коллекторлар деп аталады?
4. Қандай процестер мұнайдың миграциясына септігін тигізеді?
5. Мұнай кеніші дегеніміз не?
6. Табиғи газ ілеспе газдан химиялық құрамы бойынша немен ерекшеленеді?
7. Қандай тау жыныстар коллекторлар деп аталады?
8. Қандай процестер мұнайдың миграциясына септігін тигізеді?