Сборник детских сочинений. Алматы: оф «Балбұлақ-Родник», 2014. 195 с. «Менің ерекше құрбым»



Pdf көрінісі
бет6/18
Дата06.03.2017
өлшемі1,03 Mb.
#8055
түріСборник
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

МЕНІҢ   ЕРЕКШЕ   ҚҰРБЫМ 
50
да жүргенде, оның сөйлегенін көп елемейміз. Бірақ ол сөйлегенде 
ұзақ  сөйлейді,  бірақ  еркін  сөйлемейді,  кейбір  әріптері  түсініксіз. 
Әріптерді  айтқанда,  созып  тұрып  қалады.  Мысалы  "жаратылыста-
ну" сөзінің алғашқы буындарын айтып,"ж-ж-жарат" деп айтады да, 
аузы дірілдеп барып, "т-т-тылыста-тану" деп аяқтайды. Айтқан кезде 
өзінің түрі де бұзылып кетеді. Өзінің тұтығып сөйлейтінін білгендей 
бізден  қысылып  қалады.  Мұның  мән-жайын  сұрағанымда:"Менің 
анам  мен    әкем  мені  жарық  дүниеге  әкелді.  Жарық  дүние  есігін 
ашқан  менің  есімімді  анам  мен  әкем  Махаббат  деп  қойыпты. 
Махаббаттың құдіреттілігінен туған есім екен. Басында бәрі жақсы 
болған, бірақ әкемнің шайтан суға біраз әуестігі болыпты. Шайтан 
судың арбауына түсіп, азғыруымен, қай түлен түрткенін білмеймін, 
әйтеуір, анам екеумізді қыстың қақаған аязында суық қарға тастап 
кетіпті. Оның мақсаты - бізді туысқандарымыздың үйіне апару керек 
болатын.
Бірақ сол кезде қара ниетті екі адаммен кездесіп қалып, асықпай 
әңгімесін  соғып,  олардың  берген  шайтан  суына  алданып,  "қазір 
келемін"деп,  олардың  артынан  тартып  отырыпты.  Ал  қара  ниетті 
екі  кісі  "көмектесіп  жіберші,  осы  жақын  жерде"  деген  соң  әкемді 
ертіп алып кетіпті. Әкемнің бармауына болар еді, бірақ жаман суды 
көрген соң, соған алданып, олармен кетіп қалыпты. Мен ол кезде 4 
айлық жаңа туған нәресте болыппын. Ал әкемнің "қазір келеміне" 
алданған анам екеуміз маң далада босып қала беріппіз...Кейіннен 
дәрігерлердің айтуынша, мойын тамырларыма салқын тиген екен. 
Бұл сөйлеу мүшелеріне де әсер еткен болуы керек. Осыдан болар 
менің  тұтығуымның  себебі".  Бұл  жауапты  естіп,  мейірімсіз  әкенің 
айдалада  анасымен  баласын  тастап  кеткен  іс-әрекетін  көз  алды-
ма  елестетіп,  көзіме  жас  алдым.  "Бас  пайдасын  ойлаған  әкенің 
шайтанның суы жолында өз отбасын тәрк еткені қалай" деген суық 
ойлар санамды қаптап алыпты. 
Дегенмен,  анасының  туысқандарына  қалай  жеткендігін 
қызығушылықпен  білгім  келіп,  енді-енді  сұрайын  дегенде,  оның 
көзінен  мөлдіреп  шығып  келе  жатқан  жасты  көріп,  жүрегім  қарс 
айырылғандай болды. Бәлкім, ата-анасын сағынды ма, әлде өзінің 
нақты сөйлей алмайтынына күйінді ме, кім білсін?! Жан құрбыңның 
қиналып жылап отырғанын көрген кезде жанымды қоярға жер тап-
падым. Тіпті, қалай жұбатарымды да білмедім. Оны құшақтап, мен 
де қосылып жылап алдым. Әкесінен әлі күнге дейін хабар жоқ, ал 
анасы ауырып қайтқанына бір жылдай болып қалыпты.
"Мен дұрыс сөйлей білмесем де өмірге келгеніме еш өкінбеймін. 

МОЙ НЕОБ
Ы
ЧНЫЙ СВЕР
С
ТНИК
51
Олар қазір жоқ болса да, дүниеге әкелген анам мен әкеме рахмет 
айтамын"-деді.  "Бұл  менің  өмірімдегі  зіл-батпан  ауыр  жүк  шығар. 
Менің  әкеме  деген  еш  ренішім  жоқ"-деп,  сөзін  аяқтады.  Мен 
оның бұл сөздерінен кейін жүрегінің мейірімділікке толы екендігін 
байқадым. 
"Өзің  жақсы  болсаң,  айналадағылардың  да  бәрі  жақсы"  дейді 
ғой,  мейірімді  әрі  ақылды  құрбымның  айналасынан  достары 
көбейді.  Сөзге  шорқақтығы  болса  да,  оның  достары  құрбымды 
қатты жақсы көрді.  Мен оның жақын құрбысы болғандықтан, сыр-
ласып, бір-біріміздің тілімізді тауып жүрген жандар едік. Басқаларға 
айта алмаған ойын маған ашық айтады. Бірақ үнемі қағаз бен қалам 
жанында жүретінін байқадым. Мен оның маған айта алмаған ойла-
рын  ішіне  бүгіп,  қағаз  бетіне  түсіретін  болар  деп  ойладым.  Доста-
ры  көп  болса  да,  қаласымақтардың  көбі  Махаббаттың  сөйлегенін 
келеке қылады екен. "Сөйлей білмейсің", "сөйлемеш, жарты әріпті 
жеп  қоймай"  деген  сөздеріне  шыдай  алмай,  күйініп,  оларға  айта 
алмаған  сөздерін  ақ  қағазбен  сырласқандай,  парақтап  отырады. 
Бұл маған айтылған сөз болмаса да, қаласымақтардың сөзі менің де 
ызамды келтіретін. Олардың ыза келтірер іс-әрекеттерін көргендегі 
Махаббаттың арманы-олардан да озу, олардың бұл сөздерін жоққа 
шығару. Сондықтан жастанып жатып кітап оқиды. Кітап оқыса, жан 
дүниесі тынышталардай, бар өшін осы оқуынан алардай! Кітап оқып, 
көп біліп, бәлкім, мол қаражат жинап, басқалармен тең сөйлеуіне 
өзі  жағдай  жасағысы  келетін  шығар.  Дәрігерлерге  қаралғанда, 
олардың айтатыны да - операция жасау. Бірақ мол қаражат керек 
екенін айтады. Басқа бір елге барып, ота жасатып, жақсы сөйлеуіне 
байланысты  барлығын  біліммен  ұштастыратын  шығар.  Бұлардың 
барлығы басқа балалардың мазағын жоққа шығаратындай талпы-
ныс шығар. Иә, бұл жағдай сол балалардың басынан өтпегендіктен 
олар түсінбес, сірә? 
Бір жағынан, осындай жағдай болса, көңілсіз жүретінін байқағам. 
Басқа нәрселерді жасырмай айтса да, олардың әжуалағанын, мазақ 
қылғанын  айтпайтын.  Мен  жалынып,  сұрасам  ғана  айтады.  Екінші 
жағынан, мені біреулер мазақ қылса, мен де ренжитін едім." Біреулер 
сені келеке қылса, қалай шыдап тұрмақсың, қалай ренжімессің, сенің 
ішіңнің алай-дүлей болып жатқанын ол ақылсыздар қалай түсінсін, 
сенің  жан  дүниеңді  қалай  сезінсін?!"  Бұның  барлығы  да    менің 
құрбымның өмірге деген бір бөлек көзқарасын қалыптастырды. 
Менің  құрбым  –  Махаббаттың  өмірде  деген  көзқарасы 
өзгелерден бөлек, ерекше еді.  Басқаларда  жоқ  асыл  қасиет – Ма-
хаббатта бар болатын. Мысалы,  тұтығып сөйлеп, басқалар сияқты 
сөйлей  алмайтынына  өкінсе  де,  өмірге  деген  көзқарастарының 

МЕНІҢ   ЕРЕКШЕ   ҚҰРБЫМ 
52
жақсы  пиғылда  болуы  нәтижесінде  оның  алға  қарай  ұмтылысы  – 
жігерін жасытпады. Мейірімділігімен айналасына шуақ шашты. Ол 
осы  қасиеттерінің  арқасында  ақындық  талантымен  таныла  баста-
ды.  Негізі  бұрыннан  жазады  екен.  Аяқ  астынан  келген  шабытпен 
шамданып,  өлең  жазады  екен.  Әртүрлі  тақырыпта  жазыпты:  отан, 
туған  жер,  ана,  әке  туралы.  Әрқашан  еңбектеніп,  ізденіп  жүрді. 
Осыдан  өлеңдерінің  өте  жақсы  екендігіне  көз  жеткізген  талайлар 
-  Махаббаттың  өнерін  жоғары  бағалады.  Махаббаттың  өлеңдері  
самал желдей барлығын баурап алды. Оның өлеңдері арманының 
құсына қанат бітірді. Өзі армандаған өнер иесі болды. Махаббат өз 
білімінің арқасында өзін кемсіткендерді шаң қақтырып, арманының 
бір бөлшегін орындағандай болды. 
Мен  жоғарыда  айтқанымдай,  әр  адам  дүниеге  өз  несібесімен 
келеді ғой. Өз өмірінің өрнегін қалыптастыратын да солар. 
Адам  баласы  өзінің  айналасындағыларға,  басқа  адамдарға  де-
ген көзқарасын, ниетін өзгертсе, олардың да бұған деген көзқарасы 
өзгереді.  Адам  өзінің  ой-пікірін,  ниетін  түбегейлі  өзгертсе,  оның 
өмірінің мәні де өзгереді. Жаңағы айтылған оқиғалардың  негізінде 
Махаббаттың  өмірге  деген  құлшынысының  арқасында  бәрін  де 
жеңіп,  өзі  жасты  балалардың  мазақ  қылғанына  да  көніп,  ешкімге 
кек сақтап, өш алуды ойламаған құрбымның іс-әрекетіне қарасаң, 
басқаларға үлгі боларлықтай. Жүрегі мейірімге толы жандардың бәрі 
қасымызда жүр екен, ал кейбіреулері оны елемейді ғой! Қасымызда 
жүрген  жақсы  адамдардың  жан  дүниесіне  үңілмей,  сыртқы 
келбетіне қарайтын жандар толып жатыр. Құрбымның арманының 
орындалып  келе  жатқанына  қуаныштымын.  Дейтұрғанмен,    мен 
оның  қасында  үнемі  болмаймын  ғой.  Ол  ертең  мектепті  аяқтап, 
жақсы оқу орнына түсіп кеткенін қалаймын, бірақ сол жерде тағы 
да  оны  басқа  біреулер  мазақ  етпесе  екен  деймін.  Ол  қиналмаса 
екен, білім-ғылымды артына ілестіріп жүре берсе екен деп тілеймін. 
Арманының шыңына жетсе екен деген тілектемін. 
Әрбір  адамның  әлемде  бір  бөлшегі  бар.  Жанымызда  жүрген 
жақсы  адамдардың  көңіліне  қаяу  түсірмей,  жан  дүниесіне  үңіле 
білейік!   Өйткені, олар да – пенде...
ІІІ орын
Тукенов Ернар    
                                                   

МОЙ НЕОБ
Ы
ЧНЫЙ СВЕР
С
ТНИК
53
 
 
10 сынып,  
  
 
Қарағанды облыстық тірек-қимыл
  
 
аппараты зақымдалған балаларға 
   
 
арналған мектеп-интернат, КММ
Менің ерекше құрбым
Адам баласының табиғаты өте қызық... Біреулер тойып секіреді, 
біреулер  тоңып  секіреді,  дегендей  біреулер  туғаннан  үлде  мен 
бүлдеге  оранып,денсаулығының  арқасында  уайымсыз,  қайғысыз 
күн  кешеді.  Енді  біреулерін  «ер»,  «қаһарман»  деседе  тұрарлық. 
Себебі,олар табиғат ананың «денсаулық» атты ұлы сыйынан толық 
тата алмай өмір сүріп жүргендер қаншама. Осы орайда менің ерек-
ше  құрбым  ойыма  орала  береді.  Есімі  –Арайлым,  аты  затына  сай. 
Осы құрбым жан-жағына «арайын» төгіп тұратындай. Арайлымның 
оқуға  ықыласы,  білім  алуға  құштарлығы  ұстаздарды  риза  қылып, 
оқушыларды  қызықтыратын.  Оқу  мен  өнерді  бірдей  алып  жүреді. 
Мектеп  ішілік  іш-шаралардың  Арайлымсыз  өтетіні  кем  де  кем. 
Өзі  жүргізуші  болып,  өзі  ән  айтып,  өзі  би  билеуден  жалықпайтын. 
Арайлымның ерекше бір қыры-ол  оның спортқа бейімділігі. Ұлттық 
ойынымыз  тоғыз  құмалақты  ұната  ойнайтын,  әсіресе  суда  жүзуде 
алдына жан салмайды.
Қасындағылардың  бір  сөзін  жерге  тастамайтын  ол  үлкенге 
құрмет, кішіге ізет білдіріп, үнемі қиналғандардың қасынан табыла-
ды...
ЫНТАЛАНДЫРУ  9-10 сынып
(Шығармалардан үзінді)
Бекболатова Әсемгүл   
                               
 
 
15 жас, 9 сынып
 
 
БҚО, Жәнібек ауданы,                                                                                                                                          
       
 
Тау  ауылдық округі,
 
 
ЖББ Тау орта мектебі

МЕНІҢ   ЕРЕКШЕ   ҚҰРБЫМ 
54
Менің ерекше құрбым
                      Асау өмір арнасында,
                      Шалқып сәби сезімменен.
                      Он жыл мектеп партасында,
                      Бірге отырдым өзіңменен.
 
Осы әнді тыңдаған кезде өзімнің сыныптас құрбым ойыма түсе 
кетті.  Сағынып  қалыппын.  Ол  тоғызыншы  сыныпты  бітіріп,  облыс 
орталығына педагогикалық колледжге оқуға кеткен болатын. Арада 
шамалы  уақыт өтсе де, оны үнемі  сағынып, жоқтап  жүремін.  Мен 
үшін оның орны ерекше. Оның білімге құштарлығы, асыл арманда-
ры, қайсарлығы, батылдығы, алғырлығы, намысқойлығы мені ерек-
ше қызықтырады. 
Құрбым екеуміз кішкентай кезімізден бастап-ақ тіл табысып, до-
стасып  кеттік.  Әрдайым  екеуміздің  жұбымыз  жазылмайтын.  Мек-
тепте  болатын  шараларда  мен  мәнерлеп  өлең  оқысам  ол  менің 
жанкүйерім  болып,  алдыңғы  қатарда  отырар  еді.  Оның  жаны  өте 
нәзік, өзіне ұнаған кинофильмдегі кейіпкермен бірге қуанып, бірге 
жылап  отырғанына  талай  мәрте  куә  болғаным  бар.  Жұбымыз  жа-
зылмай  жүрген  бізді    көрген  ауыл  адамдары  ағайынды,  яғни  бір 
үйдің  қыздары  деп  ойлап  қалатын.  Жазғы  демалыс  болды  деп 
біздер  қуанып  жүргенде  ол  –  «енді  үш  ай  бойына  сені  сағынатын 
болдым» - деп мұңайып қалатын, себебі жыл сайынғы демалыста 
оны анасы Гүлжауһар Алматы, Астана қалаларына кезекпен апарып, 
емдеу  курсын  алуға  жатқызып  келетін.  Қызының  құрбыларынан 
кем калмауы үшін ойға-қырға сүйрелеп, қай жерден жанына дауа 
табылады деп жүрген   Гүлжауһар апаның үміті үзілмесе екен деген 
ішкі арманымды құрбыма еш білдіргім келмейді.
Ертазиева Ақерке 
                    
 
 
15 жас, 10 «Б» сынып.
 
 
Ақтөбе қаласы,
 
 
№ 32 мектеп- гимназиясы
  
 
 
 
 
                
Менің ерекше құрбым
 
 
 
 
Тұншықтырып тірлігімді тынымсыз
 
 
 
 
Тас төбемнен төнді тағы түн үнсіз
 
 
 
 
Маған қарап мұңаяды мың жұлдыз

МОЙ НЕОБ
Ы
ЧНЫЙ СВЕР
С
ТНИК
55
 
 
 
 
Жетімсіреп менің мөлдір мұңымсыз
 
 
 
 
Қалқаман Сарин
Адам баласы дүние есігін ашқанда, негізінен дені сау, он екі мүшесі 
түгел, есту, көру, түйсіну, сезу, ойлау қабілеттерімен туылуға құқылы. 
Айналаны қоршаған орта мен түрлі жағымсыз факторлардың әсер 
етуінен  адам  түрлі  өзгерістерге  ұшырайды.  Кейбірі  ата  –  анадан, 
мектептен  алған  дұрыс  тәрбиеден  түрлі  мамандықты  меңгеріп, 
өмірден  өз  орнын  табады.  Кейбірі  қатал  тағдырға  тап  болады. 
Өмірге  келгенде  көзі  көрмей,  не  құлағы  естімей  кем  болып  туы-
лады.  Қол-  аяғы  сал,  немесе  мойын  сүйегі  басын  ұстай  алмайтын 
дертпен өмірге келеді. Бұл, әрине, ата – анаға да, мүгедек балаға да 
ауыр соққы. Бірақ тағдырға не шара! Кейбір жастар өз- өзіне қастық 
жасап, ішімдік пен нашаға үйірсек болып, ақыр соңында мүгедек са-
натына қосылады. Бұларды айтпағанда, жол апатына ұшырап, кем-
тар болғандар саны да күн санап артып келеді.
 
 
Бастауыш сыныпта жүргенде:
 
 
«Сен оны құрметте,
 
 
Түсіндің бе қарағым?
 
 
Ол ақшаға сатқан жоқ
 
 
Тізеден кесіп аяғын»
-  деген  өлең  жолдарын  оқығаным  есімде.  Ұстазымыз  сабақта 
Ұлы  Отан  соғысында,  бейбіт  өмірде  шайқаста  мүгедек  болғандар 
туралы талай әңгіме айтқан еді. Сол кезде көшеде мүгедектер арба-
сына таңылған адамды көргенде, көзіме сұрапыл соғыс елестейтін.
Қай  адам  әдемі  болғысы  келмейді  дейсіз!  Бір  қолы,  не  аяғы 
жоқ, көзі көрмейтін, не өз бетімен жүре алмайтын адам, мен сон-
дай болайын демеген шығар. Оларға күліп, кекесінмен қарағандар 
өздерінің де солай болып  қалмасына кепілдік бере ала ма?
Жаратқан ием мүгедекке денсаулық бермегенмен талант, дарын 
берген. Кейбір мүгедектер сау адамнан да қабілетті...   
Үкімет тарапынан мүгедектерге азды- көпті жеңілдіктер жасалу-
да. Спорт комитеті әртүрлі жарыстар өткізеді. Мәдениет саласы да 
би жарысы, әншілер жарысы секілді шаралар ұйымдастырады...
 
Құдайбергенов Ерік  
                               
 
 
15 жас, 9 сынып, БҚО 
 
 
Сырым ауданы, Бұлдырты  ауылы. 
 
  
 
Бұлдырты ЖББ мектеп  
 
 
 
           

МЕНІҢ   ЕРЕКШЕ   ҚҰРБЫМ 
56
                     
Менің ерекше құрбым
Әлі есімде... 2004 жылы Білім күні 1-сыныпқа қадам басып, алғаш 
мектеп есігін ашып, әліппені қолға алған балалық шағымыз бола-
тын. Әрбір оқушы ерекше сезімге бөленіп, жүздері бал-бұл жайнап 
алғашқы  ұстазынан  әліппені  алып,  партаға  отыруға  асығуда.  Осы 
кезде  Әйгерім  де  оқушылармен  бірге  әліппені  алып,  сыныптағы 
қаз-қатар  тізілген  партаның  екінші  қатарында  менің  қасыма  келіп 
отырды.  Әйгерімнің  көз  жанары  күлімдеп,  қолындағы  әліппенің 
әр парағына назар аударып, өзінің оқуға деген ынта-ықыласының 
ерекше екенін аңғартты. Ол оқуда алдына жан салмайтын, тәртіпті 
де  ибалы  қыз  екенін  білімге  құштарлығымен,  қызығушылығын  
танытты.  Бойында  қызға  тән  сұлулық  пен  әдеміліктен  өзгеше 
парасаттылық,  кеңпейілділік,  ақылдылық  пен  білімділік  қасиеті  су 
астында  тұнып  тұрған  маржандай.  Көңілі  арайлап  атқан  таң  мен 
қызарып  батқан  кеш  секілді.  Егер  қуанышты  болса,  жүзіне  күлкі 
үйіріліп,  жайдарлы  боп  жүреді,  ал  көңіл-күйі    жоқ  болса,  реніші 
көзінен-ақ байқалып тұрады. «Қыз мінезінде ұяндық пен әдеп бір 
кездессе  біріне-бірі  жасырыңқырап  тұрады»-деп  Ғабит  Мүсірепов 
атамыз айтқандай, ұяңдық пен әдеп әрбір қазақтың қаракөздеріне 
тән.  Сол  мінез  менің  құрбымның  бойына  сіңген.  Сонымен  қатар, 
адамгершілігі мол, тәрбиелі, өнегелі, ақылына көркі сай жан...                                                              
Қосымбетова Құралай
                      
 
 
9 сынып, №30 мектеп  
 
 
БҚО Орал қаласы
 
 
 
 
                        
Менің ерекше құрбым
Біздің  сынып  өте  үлкен,  отыз  оқушыдан  тұрады.  Жиырма  сегіз 
оқушы  ғана  мектеп  табалдырығына  келіп  оқып,  білім  алады. 
Құрманғазиев Нұрхат пен Құрманғазиев Нұрхан атты егіз сыныптас 

МОЙ НЕОБ
Ы
ЧНЫЙ СВЕР
С
ТНИК
57
достарымды туа біткен аурулары, құдды қос аяғын тұсап қойғандай, 
мектепке  жібермейді.  Ақ  халатты  абзал  жандардың  айтуынша, 
олардың  сүйегіне  кальций  жетіспейді-мыс.  Сол  себепті  сүйектері 
сынғыш,  әлсіз  әрі  сәбидікіндей  нәзік.  Өздері  сондай  ап-арық, 
бойшаң.  Ауыр  қимыл  жасаса  не  әлдекіммен  соқтығысып  қалса, 
сүйектері  сынып  немесе  шығып  кетуі  ғажап  емеc.  Олар  құстың 
кішкентай балапаны сияқты, қанаттары қатаймаған, әлсіз болса да, 
көкке самғауға құштар.
Мүгедектер  қатарына  қосылған  жандар  болса  да,  жүректері, 
ой-өрістері мүгедек емес. Олар мейірімді, ақкөңіл, жомарт, батыл, 
көңілді сыпайы, мықты балалар...
Насіпкалиев Мейрамбек  
                   
 
 
15 жас, ЗЖОББМ 10 сынып.
  
 
БҚО Зеленов ауданы                          
      
 
 
Менің ерекше құрбым
     
Бұл  өмірде  байлық  бермесе  де  денсаулық  берсін.Денсаулық  
ол біздің ең басты байлығымыз. Сол байлықтың қадірін тек соған 
мұқтаж жандар ғана біледі. Бұл өмірде байлық бермеседе денсаулық 
берсін. Денсаулық жайлы айта отырып өзімнің жан досым Маралға 
арнап  «Менің  ерекше  құрбым»  атты  шығарма  жазғалы  отырмын. 
Осы  шығарманы  жазар  алдында  Маралға  барып  өз  ойымды  яғни 
«осындай  байқау  болғалы  жатыр,  менде  дос  көп  болсада  сен 
ішіндегі  ерекше  досымсың  ғой,  сен  туралы    жазайын  деп  едім»,  - 
дедім, ол келіскендей болды.
Міне біз Марал екеуіміздің адал достығымыздың жалғасып келе 
жатқанына он жыл болды десем қателеспеймін.
Марал  өте ерекше дос, ол туралы айтуға көкірегің толып тұрса да 
тілмен жеткізу мүмкін емес, қағаз жүзінде жазуға тырысайын.
Марал тоғыз жасында төбеден құлап, жүру қабілетінен айырыл-
ды. Айырылды деп айтуға да болмайды, жас қой әліде жазылып ке-
тер деп сенемін. 
Марал  екеуміз  кішкентайымыздан  бірге  өстік,  бірге  балалар 
бақшасына  бардық,  бірге  жүрген,бірге  болған  күндеріміз  көп. 
Қолымызға  түскен  нәрселерді  бөлісіп  жүрдік,  ата-  аналарымызда 
көршілес, араласып- құраласып жүрген жандар.
Марал  мынандай  жағдайға  душар  болғалы  менің  де    өмірдегі 
қызықтарға  әуестігім  басылып  қалғандай.  Бар  бос  уақытымды 

МЕНІҢ   ЕРЕКШЕ   ҚҰРБЫМ 
58
Маралға арнаймын, қалайда оның көңілін көтеріп отырғым келеді 
де тұрады. Бірде Маралға барып ұзақ уақыт отырып қалыппын, бір 
нәрсемен айналысып қалсаң уақыттың қалай өтіп кеткенін де сез-
бей қалады екенсің, Маралдың анасы «Мейрамбек біраз уақыт бол-
ды сабағыңды қарау керек, Сен тек өзің үшін емес Марал үшін де 
оқисың ғой» деді.
БАЙҚАУҒА  ҚАТЫСҚАН  ШЫҒАРМАЛАРДАН  ҮЗІНДІЛЕР
 
Ахметқазы Альвина
                                               
 
 
16 жас, 10 сынып.
 
 
Алматы қ., Мкр. Айнабулақ – 3, 
 
 
КММ  №2 «Аяқ – қолы кемтар балаларға  
 
 
         арналған арнайы (түзету) мектеп - интернаты»
Менің ерекше құрбым
  «Жүз  сомың  болғанша,  бір  досың  болсын»-  демекші,  әр 
адамның  өмірінде  достың  орны  ерекше.  Досың  әрқашан  сенің 
жаныңнан  табылады,  қайғың  мен  қуанышыңды  бөлісе  біледі,  сен 
үшін  шын  мәнінде  уайымдайды.  Жаныңда  жақсы  досың  болса, 
қуанышың  мәнді,  ал  қиындықтар  соншалықты  да  қиын  еместей 
болып көрінеді. Досы бар адам шын мәнінде бақытты. Сондықтан 
да мен өзімді бақытты сезінемін. Себебі, жанымда арқа сүйер, иық 
тірестірер достарым бар.  Ал сол достарымның ішіндегі ең ерекше 
құрбым жайында мен әрдайым бір тылсым толғаныспен айтамын. 
Оның  есімі  Ақерке.  Ол  екеуіміз  бір  сыныпта  оқимыз.  Оны  алғаш 
мектеп  табалдырығын  аттап  келгенде  көріп,  бірден  бауыр  басқан 
болатынмын.  Сол  кезден  бастап  жұбымыз  жазылмастай  достар-
мыз.  Ақерке  қарапайым  қазақ  отбасында  дүниеге  келген.  Туыла 
салысымен  оны  дәрігерлер  қолдарынан  түсіріп  алғандықтан  аяқ-
қолы кемтар болып қалған.Оның анасы қызының дені сау болғанын 
қалап, ауруханалардың табалдырықтарын тоздырған. Ес біле келе 
Ақерке өзінің басқалар секілді емес екендігін түсіне бастаған, алай-
да еңсесін түсірмей, алға қарай ұмтыла береді. Ол кішкентай болған 
күннің  өзінде  ата-анасына  «мен  әлі-ақ  үлкен  қыз  боламын,  денім 
сау  болады,  сіздерді  әрдайым  қуантатын  боламын»  -  дейді  екен. 

МОЙ НЕОБ
Ы
ЧНЫЙ СВЕР
С
ТНИК
59
Амалдары  таусыла  бастаған  ата-ана  қыздарынан  мұндай  сөздерді 
естіген соң қажырланып, үміттерін еш үзбейді. Ал қазір Ақерке өзінің 
кемшіліктері үшін ешкімді кінәламайды. Өткен күндері үшін өкінбей, 
тек алға қарай жүруге ұмтылады. Өз басым оған қарап таңданамын. 
Кішкене ғана дене бітіміне қарамастан, ол ер мінезді қыз. Тағдыры 
ауыр болса да, Ақерке әрдайым жайдары көңіл-күйінен тайған емес. 
Ол  күлгенді  өте  жақсы  көреді  және  жанындағылардың  да  көңіл-
күйлерін көтеріп жүруге тырысады. Ал кейбір адамдар оның көңіл-
күйінің ылғи көтеріңкі болғанын жақтыртпай «сонша күлгені несі», 
-  деп  жатады.  Бірақ  ол  оны  көңіліне  мүлдем  алмайды.  Жай  ғана 
жымиып «күлкі - өмірді ұзартады» - деп жауап береді. Болашақта 
Ақерке  әнші  болуды  армандайды.  Себебі  ол  ән  айтқанды  жақсы 
көреді. Ол ән айтқанда самал жел маңдайыңды сипап өткендей бо-
лып, керемет күй кешесің. Даусының зор болғаны соншалық, оны-
мен бірге әнді бес адам қосылып айтса да, Ақеркенің даусы міндетті 
түрде  ерекшеленіп,  жарқын-жарқын  шығып  тұрады.  Оның  өмірге 
деген  құштарлығы  басқалардан  ерекше.  Ол  әр  таңын  бір  үмітпен 
атқызып,  бір  үмітпен  күнді  батырады.  Қызығушылығы  да  өте  көп. 
Аяқ-қолының кемшілігіне қарамастан ол еңсесін түсірмей, өзіне де-
ген сенімділігін арттырмаса, еш уақытта кеміткен емес. Адалдықты 
жаны сүйетін ол достыққа ерекше мән береді. Қиындыққа тап болған 
кез-келген  досына  көмектесуге  асық  болып  тұрады.  Болашақта 
Ақеркенің барлық армандары орындалып, өмірдегі беделді орнын 
алуына шын жүректен тілектеспіз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет