МЕНІҢ ЕРЕКШЕ ҚҰРБЫМ
70
Бисембай Орнай
13 жаста, 8 «б» сынып
Атырау қаласы,
Облыстық дарынды балалар мектеп-интернаты
Барлық зағип, мүгедек жандарға үлгі көрсетіп, қиыншылыққа
мойымай, беріспей, өмірде өз мақсаттарына жете білген жас ба-
лалар «Сәт»тобы туралы айтып кеткім келеді. Бұл балалар жарық
дүниені көздерімен көре алмаса да, кішкентай ғана мейірімді
жүректерімен адамға жылу бере алады. Олар өздерінің қуанышын
да, мұңын да әндерімен бөлісіп, халықтың жүрегінен орын тапқан.
Бірлікқызы Ғазиза
11 жаста,6 сынып,
Әйтеке би ауд., Комсомол ауылы.
Т.Жүргенов атындағы орта мектеп
Мен Айжанмен танысқаннан кейін, бірден достасып кеттік.
Бұрыннан бір- бірімізді білмесекте, біз екеуміз жұбы мыз жазылмас
құрбыларға айналдақ.
Таусылмайды жырымыз,
Еш солмайды гүліміз.
Көріспесек сағындық,
Бірімізді-біріміз.
Гайсин Амир
12 жас, 6 "а"- сынып,
БҚО, Орал қаласы, №34 мектеп-гимназиясы
Менің ерекше құрбым
“Доссыз өмір, тұзсыз ас”- демекші, менің өмірім ерекше деп са-
наймын. Өйткені, менің өмірімде ерекше досым бар. Оның аты-
Ернұр. Ернұр өте ақылды, білімді, зерек бала. Кішкентай кезінде,
МОЙ НЕОБ
Ы
ЧНЫЙ СВЕР
С
ТНИК
71
балалықтың жетегінде жүрген шағында Ернұр байқаусызда бір
жанарынан айырылған. Ол бала кезінде қолөнерге жақын болған
екен. Бір күні анасының айтқанына құлақ аспай қайшымен қағаз
қиып отырған кезде көзіне қайшы тиіп кетеді. Содан бір көзі көрмей
қалды. Қазіргі кезде сол қылығы үшін қатты өкінетінін айтады. Бірақ
бәрі де Алланың ісі емес пе?! Ернұр бұл үшін налып өмірден түңілген
емес. Қашан көрсем де жадырап жүргені. Өзі менімен құрдас. Ана-
сы жұмысқа кетерде, үйінде ешкім болмаған жағдайда оны біздің
үйге қалдырып кетеді. Екеуміз ойнаймыз, әңгіме айтамыз. Ол өзін
мүсіркегенді ұнатпайды. Өзін тең көріп ойнағанды жақсы көреді.
Оны мұғалімдер үйіне келіп оқытады. Сабақ үлгерімі де өте жақсы.
Зеректігі сонша бір оқытқан сабақты лезде миына тоқып алады.
Еліміздің ертеңі білімді жастар қолында демей ме? Ертеңгі күні
Ернұр елдің елеулі азаматы болады деп сенемін.
Гиззатова Аида
11 жас, 6 сынып, БҚО, Жәнібек
ауданы, Қамысты ауылы
Е. Ниетқалиев атындағы ЖББОМ
Тағдырдың маңдайыңа жазғаны сол болса не шара? Басыңа
қандайда бір іс түссе оған істер амалың жоқ, көндігесің. Ондай
адамдардың санатында менің сүйікті досым Диана да бар. Ол 11 жа-
ста. Ол осы күнге дейін өзі секілді балалармен ойнап – күліп жүріп
еді. Ал енді тағдырдың басқа салуымен ойнап жүрген Диана бір биік
дуалдан құлап, жамбасына зақым келіп, соның зардабынан жүре
алмай қалған. Диана жүре алмай қалғандықтан бұл оқиға оның
жүрегіне қатты батты. Терезеден ойнап жүрген балаларға қарап,
олармен енді қосылып ойнай алмайтындығын ойласа, еріксіз
көзіне жас келеді. Алайда менің бір байқағаным Диана темір арбаға
жығылған соң ендігі әрі жүре алмайтындығына емес, бәрінен бұрын
ол өзге балалар секілді мектепке бара алмайтындығына қиналады.
Ғизатолла Мирас
8 сынып оқушысы Атырау қаласы
МЕНІҢ ЕРЕКШЕ ҚҰРБЫМ
72
Н.Тілендиев атындағы
Кіші өнер акдемиясы
...Кім де кім болмасын кез-келген аяғы жоқ, қолы жоқ мүгедек
адамдарды кемсітіп қоғамнан шеттетуге құқысы жоқ. Олар да алла
тағаланың жаратқан бір пендесі,оларда адам. Керісінше олардың
өмірге деген талпынысын оятып, ерік-жігер беру қажет. Сонда ғана
олар талпынып, емделіп жазылып кетуге, аяғынан нық тұруға тырмы-
сады. Мысалы; Аяғы сынып мүгедектер арбасында отыратын адам-
ды дүниеден түңілген шағында үміттендіріп, аяғынан нық тұруға
көмектессең, ол адамның үкілеген үміті жарқылдай түседі. Міне,
сол секілді әр адамның қоғаммен ашық жарқын араласып,сауығып
кетуіне қол ұшын беріп көмектесу қажет.
Дүниеде адам аман сау жүргеніне тәуба қылып, шүкіршілік ету
керек.
Мұңайма сен мүгедек болдым мен деп,
Достарың бар жүреді сені жебеп
Бес күндік фәни жалған оңай емес
Түңілме сен қоғамнан кетпе бөлек.
Ерланқызы Зарина
8 «в» сынып,
БҚО, Орал қаласы,
№30. ОЖББ мектеп
Менің ерекше құрбым
Менің де өз аяғымен жер басып, ойнап - күліп, рахаттана жүгіріп,
билегісі келетін құрбым бар. Дүние есігін ашқалы бері мүгедек.
Есімі- Алижан. Бірақ өмірге деген құштарлығы мүлдем ерек. Өзінің
қатарластарына қарғанда, өмір туралы, жалпы адамзат өмірі тура-
лы көп ойлайды. Алижан ешқашан «аяғым кем» деп, налыған емес.
Қашан да ізденіс пен талпыныс үстінде жүреді. Өзгелерден қалмай
білімін алып, ән үйірмесіне де барады. Бос уақытында Мұқағали
ақынның шабыт кернер өлеңдерін серік қылып, жабырқау жүректі
бір жұбатып та алады. Сырт көзбен қарағанда жүзі жайдары, көңілі
МОЙ НЕОБ
Ы
ЧНЫЙ СВЕР
С
ТНИК
73
көтеріңкі, ән айтып өзгелерге қуныш сыйлар қыз секілді. Ал шын
мәнінде, жүрегі қайғыға қамалған.
Жетпісбаева Аида
14 ж., 8 сынып
Атырау қ.
Н.Тілендиев атындағы Кіші өнер академиясы
Өкпелісің ғой, білемін құрбым, білемін,
Кекшіл емес ең, кінәмді мүмкін кешерсің.
Тірліктің тынбас тауқыметімен өлшенген,
Алтындай уақыт қай жыртығыма жетерсің.
Сендегі нәзік, сыршыл жүректі сағынам,
Сағынам кейбір балалық шақтың бейқамын.
Жалбызын теріп, асыр сап өскен арықтың,
Мәңгілік неге қызғалдағы болып қалмадым?
Жақсы құрбым – ау, сол күндер қайда баяғы,
Арманмен қарсы алатын едік әр таңды.
Сырдың жағасын жағалап жүрген шығар – ау,
Бойжеткен күндер бой түзеп қалған шақтағы.
Сағындым сені, сағындым мектеп партасын,
Сыр қылушы едік, бала күндердің бал шағын.
Адасып жүрміз бе, армандарымызды аңғармай,
Түсінбей берген тағдырдың тылсым картасын.
Жан құрбым менің – балғындығымның белгісі,
Ер жетіп қалдық келмейді көңіл сенгісі.
Сағынсаң мені, сәбилерге қара бейкүнә,
Періште шақтың періште куәгерлері.
Өзіңмен ылғи ойша сырласып жүремін,
Оңаша ғана көзімнің жасын шылап ап.
Сен менің көңіл көкжиегіндегі күнімсің,
Тұратын мені, ғұмыр бойына шуақтап.
Есетова Камила
МЕНІҢ ЕРЕКШЕ ҚҰРБЫМ
74
6 сынып оқушысы ,
Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы
Подстепный № 1 ЖООБМ
Мен өмірде ең жаныма жақын құрбым – Айнур. Ол өте ақылды,
әдемі қыз. Біздің ауылда қазақ мектебінде оқиды. Құрбым екеуміз
балалық шағымыздан бірге өсіп, ойнап күлген күндерімізді мәңгі
есімізге аламыз. Құрбым өмірде жол апатының салдарынан аяғынан
сал болып қалса да, мен ол досымды ерекше мақтанышпен мақтан
тұтамын. Ол аяғында кінәрат болса да, өзін мүмкіндігі шектеулі
адамдар сияқты сезінбей өмірге құштарлығы артып отырады. Өзі
әнші, сурет салғанды жақсы көретін.оның бойындағы талантты
мұғалімдері аша білді. Ол үйден оқып жатыр. Ол ешқашан өмірдің
сынағына төтеп бермейді. Өйткені мен оны әрқашан қуантып оты-
рамын. Біз достарымызбен мейрамдарда құрбымызды құттықтауға
барамыз, құрбымның ата – аналарымен саябақтарға барып де-
маламыз. Ата – аналары қыздарын ешқашан ренжітпейді. Олар
әрқашанда қатарынан кем қылмай бағып өсіреді. Құрбым ауылда
ұйымдастыралатын сурет көрмесіне қатысып, сюжетті сурет салып,
ол мүмкіндігі шектеулі балаларға өмірді өз көздерімен қалай көру
керек екендігін көрсеткен.
Муханбетжан Гүлсана
11 жас, 6 «б сынып, Атырау қ.
Облыстық дарынды
балалар мектеп-интернаты
Мүгедектерге бүкіл халық атынан,әлем атынан үлкен қолдау
қажет.Оларға деген сый-құрмет жоғары болғаны жөн.Өйткені
олар нағыз өмірдің не екенін және қалай өмір сүру керектігін
білетін,түсінетін адал да ардақты жандар!
Рахметова Асель
13 жаста, 8 «б» сынып
МОЙ НЕОБ
Ы
ЧНЫЙ СВЕР
С
ТНИК
75
Атырау қаласы
Облыстық дарынды балалар мектеп-интернаты
...Менің мүгедек балаларға қатты-қатты көмектескім келетін.
Әттең сондай кезеңдерде ақшам болғанда оларға қол ұшымды бе-
рер едім. Ақиық ақын Мұқағали Мақатаев:
Өмір дейтін тағатсыз бір қозғалыс
Өмір дейтін өлемін деп қарамау, - дегендей,
ешқашан ауырамын, ертең өлемін деп өмір сүрмеу керек. Керісінше
тіршілік жасап, өмір сүруге тырысуымыз қажет деп ойлаймын. Сау
адамдарға қарағанда мүгедек адамдар да өмір сүруге талпынып,
қиыншылықтың бәріне төзіп,тіршілігін жалғастырып жатыр емес пе.
Сондықтан да, дүниеге адам болып келгесін, дүниеден адам болып
өтейік.
Лукпанова Аяулым
13 жас,7 сынып, БҚО, Жәнібек ауд.
ЖББ орта мектеп
Панам менің, достарым,
Ақпейілсіз, адалсыз.
Туғандайсыз ел үшін
Бір ісің жоқ жарамсыз.
Өздерің жүрсің қасымда
Үйретемін бәрін де
Мен аяймын өмірде
Мүгедек боп қалғанын!
Менің құрбым Темірхан тек құрбым емес інім, досым деп айта
аламын. Ол өте ақылды, мейірімді. Дос болған соң сырласқан өте
тамаша! Бір жаманы, мүгедек болып қалғаны өте өкінішті! Мен до-
сыма мынадай өлең шығарған едім:
Дос дегенің әрқашан да жаны асыл,
Дос дегенің-аузы берік сыр сандық,
Сыр сандықта сақталады бар асыл.
Ондай досты бақытым деп есепте,
Бірақ досым осындай егемен елде, тәуелсіз жерде туғаны үшін
мақтан етеді.
МЕНІҢ ЕРЕКШЕ ҚҰРБЫМ
76
Орынбасарова Дина
9 сынып, № 30 мектеп
БКО, Орал қ.
Менің ерекше құрбым
Менің ерекше құрбым -Асыл, толық аты-жөні Сәрсенова Асыл.
Ол тағдырдың тауқыметіне тап келген мүмкіндігі шектеулі кемтар
балалардың бірі болып, өмірге бейімделуі де, өнерде өзін көрсетуі
де оңай емес. Ол 1998 жылы Орал қаласында дүниеге келді. Ол эпи-
лепсия ауруымен ауырады. Өзі сондай сезімтал адам, ол барлық
болып жатқан жағдайды жүрегіне жақын алып, қатты ойлайды,
сондықтан ол кейде солай ауырып қалады. Ол өзіне ұнамайтын
адаммен сөйлеспейді, мінезі кішкене жасқаншақтау. Ол біздің
сыныпта тек менімен және Құралай атты қызбен ғана өте жақсы
сөйлеседі. Үшеуіміз өте жақын құрбы болып кеттік. Біз Асылдың
көңіл- күйі болмағанын іштей сезіп, қасына барып не болғанын
сұраймыз, сол кезде ол неге көңіл - күйі жоқ екенін айтады. Біз
оның көңіл - күйін көтеруге тырысамыз. Оның ауыратын ауруы жа-
зылмайтын ауру. Бірақ, ол солай ауыратынын білсе де, көңіл-күйін
түсірмейді. Ол әрдайым жазылып кетуге тырысып жүреді
Сағынғали Арайлым
14 ж., 9 сынып оқушысы, БҚО,
Сырым ауданы, Аяқкөл ауылы,
ЖББ Қосаба орта мек.
Менің ерекше құрбым
Адамзатта не тәтті: аста - тұз тәтті, адамда - дос тәтті- деп Сырым
Датұлы айтқандай өз досыма мына өлең шумақтарын арнаймын.
Достығымыз достар арылмасын,
Пейіліміз кеңейсін тарылмасын,
Жиі-жиі бас қосып сыр шерітссек
Жүрегіміз қалайша жарылмасын.
МОЙ НЕОБ
Ы
ЧНЫЙ СВЕР
С
ТНИК
77
Күніміз күлкілі бола берсін,
қуанышқа көңіліміз тола берсін,
нұрлы аспан астында, аясында,
басымызға бақ келіп қона берсін,
Зұлымдықтан әрқашан жиренейік,
адалдықты сүюді үйренейік,
бірлікпенен тірлікті ұштастырып,
бір әдемі ғажайып, күйге енейік.
Берсе берді, бермесе санаспайық,
болмайтынға ұрысып таласпайық,
арамызда алаяқ біреу болса
оны қатар ортадан аластайық
Жасамайық қиянат кісі кетім
байлық мансап кісіні ісіретін
қанағатсыз адамдар ойласаңдар
абыройын кісінің түсіретін –
-дей келе осы шығармамды түйіндеймін.
Нұрабалина Әселім
12 жас, 7а сынып.
БҚО,Сырым ауданы,
Ж.Досмұхамедов атындағы
ЖББОМ-балабақша кешені
Менің ерекше құрбым
Досым, саған сенемін, сеніп өтем,
Жолы бөтен демеймін, жөні бөтен.
Достық деген өмірдің көрігі екен
Достық деген адамның серігі екен, – деп Мұқағали Мақатаев ата-
мыз жырлап кеткендей, адам баласының әр біреуінде досы, яғни,
құрбысы болады. Қиналғанда қасыңнан табылатын, қиындықта
көмектесетін жан – ол құрбы. Менің де қалың жұрт сияқты ерек-
ше құрбыларым бар. Есімдері Салтанат, Аягөз, Ақбота, Рима,
Ақжан. Солардың ішінде ерекше мән бөлетін құрбыларым Ақжан
мен Ақбота. Ақжан жөнінде жазар болсам, ол негізі 7-ші сыныпта
бізбен бірге оқуы керек, бірақ науқастығынан 6-шы сыныпта оқиды.
Екеуміз мектепке бірге барып, бірге келетін сәтті асыға күтемін.
Себебі, Ақжан үйден оқиды. Өзі өте мейірімді, қайырымды, сұлу
МЕНІҢ ЕРЕКШЕ ҚҰРБЫМ
78
да инабатты. Оның сырқаты кішкентай кезінде ата-анасы оған
қатты дауыс көтеріп ұрысқаннан басталған екен. Ол өнерлі, тамыл-
жытып ән салғанда дүйім жұртты өзіне баурап алады. Мектеп-
те ұйымдастырылатын түрлі шараларға келіп, белсене атсалысып
тұрады. Сабағында жақсы деген бағамен оқиды. Ол науқастығына,
өмірдің қиын соқпағына қарамастан, қайсарлы, өмірге деген
құштарлығының арқасында өмір сүріп келеді.
Матышова Жанерке
11 жас, 5 сынып.
БҚО, Сырым ауданы,
ЖББ Бұлдырты орта мектебі
Менің ерекше құрбым
Адамның нәр беретін тамыры да сән беретін жапырағы да –бала.
Бала бауыр етің. Бауырынан өрбіген жаратқан иеміздің ұлы сыйы
жаратылысынан кінәрәт туындаса, оған төтеп беру қандай жан
болмасын өте қиын. Сондай жанның бірі менің жан досым – Ай-
бат. Ол менің досым, әрі көршім. Оның өмірге келгелі бір оң қолы
қимылдамайды. Мен оны ешқашан кемісітіп бөлектеген емеспін.
Айбаттың қабілеті ерекше. Әсіресе есте сақтауы мен сезімталдығы
ерекше. Өзі топ-томпақ. Оған Бақыт деген мүғалім үйден оқытып,
білім береді. Ол кішкентайынан жаман қылықтар көрсеткен емес.
Бақыт апай Айбаттың жақсы есеп шығаратынына, мәдениетті
сөйлейтініне үлкен мән бере отырып, басқада өз білгенін айтып
отырады. Қазіргі таңда 2000-нан астам мүмкіндігі шектеулі балалар
бар. Мен Айбаттың анасының төзімділігіне бас иемін. Себебі сон-
дай баланы «қайтсемде ауруынан айықтырамын», - деп шырылдап
жаны қалмай жүреді.
Мақсотов Оралбек
15 жас, 9 сынып,
БҚО, Сырым ауданы,
ЖББ Қособа орта мектеп-балабақша кешені
МОЙ НЕОБ
Ы
ЧНЫЙ СВЕР
С
ТНИК
79
Досың болған қандай ғажап
...Дос болсаң берік бол, досыңа серік бол-деп аталарымыз
айтқандай, әрине менің сыныптас достарым көп, бірақ өзіме
жақын тартатын жан досым –Жанадым. Ол білімді парасатты және
адалдық қасиеті мол. Білгенімізді бір-бірімізге үйретуге тырыса-
мыз. Ешқашанда ренжіскен, кек сақтаған уақытымыз болған жоқ.
Менің досымның бір ғана өзі қысылып қымтырылатын басында
бір дерті бар, ол сабақ айтқанда тұтығып қалады. Жанадым өзінің
осы кемшілігіне қарамастан кітапханадағы кештерге, мектеп ішілік
кештерге де белсене қатысады. Кей кездері осы кемшілігі білінбей,
берген тапсырманы қалтқысыз орындап шығады, ал кейде тұтығып
жаттаған өлеңін оқи алмай қатты қысылып, қымтырылып қалады,
осы кездерде мен өз досыма демеу болып жанынан табыламын.
Ғилымханова Ақерке
11 жас, 5 сынып,
БҚО, Жаңақала ауданы,
№2 Жаңақала ЖББОМ
Менің ерекше құрбым
«Балаларға өмір сыйла» бағдарламасы бойынша ауру-сырқаудан
зардап шегіп, өмірімен арпалысып жатқан, бізден көмек сұрайтын
балдырғандар өте көп. Егер сол адамдарға қолымыздан келгенше
көмек қолын созып, жәрдемдессек нұр үстіне нұр болатын еді?!
Мен қазір сол құрбымды сағынамын. Кейбір адамдар басы-
на іс түскен құрбысын тастап та кетеді. Мүгедек адаммен неге дос
боласың дегендей таңырқай қарайды. «Тағдырдың сыйы» дегенді
енді түсініп жүргендеймін. Ондай жандардың да өзінше ой пікірі,
өмірге құштарлығы, өнерге бейімділігі бар.
Ғилымғалиева Нұрай
14 жас, 8 сынып,
Атырау қаласы,
Н.Тілендиев атындағы
Кіші өнер академиясы
Менің ерекше құрбым
МЕНІҢ ЕРЕКШЕ ҚҰРБЫМ
80
Азиза жүре алмайды. Біз оның көңілін аулау үшін үнемі көңілін
көтеріп тұрамыз, сырымен бөлісеміз. Анасы Азизаны шет елге апа-
рып емдеткісі келеді. Қаржының тапшылығынан, өкінішке орай,
мүмкіншілік жоқ.
Мүгедек деп айтуға аузым бармайды, тәп-тәтті, сүп-сүйкімді 1 жа-
сар бауырым Саят дәрігерлердің айтуы бойынша сал ауруымен ау-
рады. Оны көрген сайын үй ішімізбен жүрегіміз қан жылап тұрады.
Алайда, біз оны ешқашан кемсітпейміз. Саятты көрмесек сағынып,
іздеп тұрамыз. Аллахтан оның жазылып кетуін тілеймін.
Жумагелдиева Толғанай
8 сынып
Атырау қаласы,
Н.Тілендиев атындағы Кіші өнер академиясы
Әрине, мүгедек адамның жанын түсіну оңай емес. Олар бізбен
қатар тіршілік жасаса да, өзге ойда өмір сүреді. Яғни, өз кемістігінен
ұялады. Өз кемістіктерін өмірдің қатал сынағы деп қабылдаса да,
біреуі бұл қаталдыққа төтеп береді, біреуі көндіге алмай, сағы
сынады. Әттең, өмірде мүгедек жандар болмаса ғой. Өмір тіптен
басқаша болар ма еді...
Тұжырым ретінде айтарым, дос болыңыздар, дос бола біліңіздер.
Мейлі ол қандай адам болса да.
Мына өлең шумақтарымды мүгедек жандардың жанына жылу
себу үшін арнағым келеді.
Құр сөзбенен құрғатпай көздің жасын,
Өтіп жатқан мынау бір қыс пен жазың.
«Мүгедекпін, енді адам емеспін»деп
Жылама,әрқашан ұмтыл алға тек.
Тағдыр солай
Болғанымен қиын сенің тағдырың,
Білем,білем
Жазылмас жараң,айтылмас мұңың бар сенің
Сонда да жасымашы, көтерші сен басыңды
Егілме, жетер енді сүрт жасыңды.
МОЙ НЕОБ
Ы
ЧНЫЙ СВЕР
С
ТНИК
81
Достарыңызбен бөлісу: |