Сборник детских сочинений. Алматы: оф «Балбұлақ-Родник», 2014. 195 с. «Менің ерекше құрбым»



Pdf көрінісі
бет1/18
Дата06.03.2017
өлшемі1,03 Mb.
#8055
түріСборник
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

АЛМАТЫ, 2014
Алматы, 2014

Проект осуществлен  при финансовой поддержке 
Фонда Сорос-Казахстан
Жоба Сорос – Қазақстан қорының 
қаржыландыру қолдауымен жүзеге асты
Менің  ерекше  құрбым  =  Мой  необычный  сверстник:  Сборник 
детских сочинений. – Алматы: ОФ «Балбұлақ-Родник», 2014. – 195 с.
«Менің  ерекше  құрбым  »  -  «Мой  необычный  сверстник»  С.  Бегалин 
атындағы  мемлекеттік  балалар  кітапханасының  «Балбұлақ  -  Родник»  ҚҚ 
жариялаған республикалық шығармалар байқауы.
  Байқауға  республика  облыстарынан  99  қазақ  тілінде,  63  шығарма 
орыс тілінде келіп түсті. Шығарма саны бойынша басым түскендері Батыс 
Қазақстан,  Қарағанды,  Жамбыл,  Талдықорған,  Атырау,  Шығыс  Қазақстан 
облыстарынан    және  Алматы  қаласынан.  Байқауға  қалалық  және  ауыл 
мектептерінің  11 жаспен 15 жас аралығындағы балалармен қатар мүмкіндігі 
шектеулі  балаларға  арналған  арнайы  мектеп  –  интернатының  балалары 
қатысты.
Республиканский конкурс сочинений «Менің ерекше құрбым» - «Мой 
необычный  сверстник»  был  объявлен  ОФ  «Балбұлақ  -  Родник»,  Государ-
ственной детской библиотекой им. С.Бегалина. 
На конкурс  поступило 99 сочинений  на казахском языке и 63  - на  рус-
ском языке из 10 областей республики. Наибольшее количество сочинений 
прислали  дети  из  Западно-Казахстанской,  Карагандинской,  Жамбылской, 
Талдыкорганской, Атырауской, Восточно-Казахстанской областей и города 
Алматы.   В конкурсе приняли участие  дети в возрасте от  11  до 15 лет из 
городских и сельских школ, а также дети из специальных школ-интернатов 
для детей с ограниченными возможностями.
Қымбатты балалар, құрметті 
ересектер!     

МОЙ НЕОБ
Ы
ЧНЫЙ СВЕР
С
ТНИК
3
                        
Сіздердің  алдарыңызда  ерекше  кітап  –  бұл  айрықша 
балалардың  ерекше  балалар  жайлы  жазған  шығармаларының 
жинағы.  Бұрын  –  соңды  біздің  елімізде  мұндай  балалар  ту-
ралы  айтылмаған  еді.  Олар  жай  ғана  өмір  сүрді,  тіршілік  етті, 
бірақ  ондай  балалар  туралы  үнсіздік  етек  алған  болатын.
«Олардың жағдайын неге ұят санаймыз» - деген ой мені жиі маза-
лап, жанымды тебірентетін. Өмірдің толықтай қабілеттілік өлшеміне 
сәйкес емес құрбыларымыз кімдер? Олар – мүмкіндігі шектеулі ба-
лалар.  Менде  сондай  тағдыр  тауқыметін  тартқан  жанмын.  Бірақ 
менің  бақытыма  қарай:  ерекше  көңіл  бөліп  аялайтын  ата  –  анам 
қасымда болды. Арқа омыртқаларымның зақымданып, аяғымның 
жансызданып  қалуына  қарай  айлап  төсекке  таңылып  жатуыма 
тура  келді.  Анама  әсіресе  әкеме  осындай  сәттерде,  айтарлықтай 
ширақ,  өмірге  құлшынысы  ерекше  перзенттерінің  көз  алдарында 
дәрменсіз  болып  жатуын  көрулері,  әрине  жандарын  ауыртатын.
Біздің жанұямыздың кітапханасы өте бай болатын. Әкем барған 
жерлерінен  бума  толы  түрлі  кітаптар  әкелетін.  Сол  кітаптар  менің 
ең  жақын  достарыма  айналды,  әрі  ішкі  сезімімнің  көлеңкелі 
тұстарын  жеңе  білуге  көмектесті.  Айналамыздағы  адамдардың 
мүсіркеуін,  арнайы  денетаңғышқа  тәуелді,  ақсаңдап  басқан  қызға 
аяушылықпен  қараған  көзқарастарын  жеңуіме  көмекшім  болды.
Сол  кездерден  бастап  «әке  -  көке»  тәрізді  аяушылықты 
ұнатпаймын, 
мүсіркеушілікті 
жаным 
қаламайды. 
Неліктен  ашық  әңгіме  бастауға  шешім  қабылдадым?
Себебі  балалар  –  шығарма  авторлары  -    мүмкін  алғаш  рет 
өздерінің  ерекше  құрбылары  жайлы  жазып,  олардың  ба-
старына  түскен  тағдыр  тауқыметіне  асқан  қайраттылықпен 
жеңе  білетін  жандар  екендігіне  көз  жеткізе  жаза  білген.
Шығарма  жазу  барысында  әр  баланың  мүмкіндігі  шектеулі 
адамдарға 
деген 
көзқарастары 
өзгеріп, 
қайырымдылық, 
адамгершілік  қарым  –  қатынас  жайлы  ойларын  қозғап,  ерек-
ше  замандастарына  үнемі  қолдау  көрсетіп,  көмек  қолын 
созуға, 
шыдамдылықпен 
қайырымдылық 
сезімін 
оятты.     
Барша  балаларға,  әсіресе  мүмкіндігі  шектеулі  жандарға  өзінің 
бойындағы  қажырлылыққа,  мүмкіншілікке,  ертеңгі  жарқырап  жа-
нар  жұлдызына  сенуін  тілеймін!  Өздеріңнің  бар  мүмкіндіктеріңді 
дамытуға талпыныңдар! Біздің заманымыздың көрнекті ақыл иелері, 
ерен  жүйріктер  тобына  жататын  физика  –  теориясы  қоғамындағы 
атақтылардың  бірі  Стивен  Хокингден  өнеге,  үлгі  алып  өсіңіздер. 
Сіздер, оның сал ауруына шалдыққаннан кейін бірнеше отадан өтіп, 
кеңірдек жолы алынып тасталғаннан соң Хокинг сөйлеу   қабілетінен  
айырылғанын    білесіздер  ме?  Хокинг  ешқандай  қиындыққа 

МЕНІҢ   ЕРЕКШЕ   ҚҰРБЫМ 
4
мойынсұнбады!  Сендерде  Берілмеңдер,  қайратты  бола  біліңдер!   
Бәрімізге  денсаулық,  сенімділік,  шыдамдылық,  көтеріңкі 
көңіл  –  күй,  асқақ  арман!  Өмірде  үнемі  түсінушілік,  өздеріңде 
туғандарыңа,  жақындарыңа  қайырымды,  адал  бола  біліңдер.
                                                                     
 
 
Құрметпен София Раева
Дорогие дети, уважаемые взрослые!
Перед Вами особенная книга – это сборник сочинений необыч-
ных детей и о необычных детях.  Раньше в моей стране не говорили 
о таких детях. Они жили, существовали, но о них молчали.
У меня часто возникало ощущение, что их стыдятся. Кто же они – 
нестандартные сверстники?  Это – дети-инвалиды. И я тоже.  Но мне 
очень повезло: у меня были любящие и внимательные родители. Я 
месяцами лежала прикованной к постели из-за позвоночника и па-
ралича ног.  Маме, особенно папе, было очень больно смотреть на 
своего живого, непоседливого ребенка в такие моменты. 
В нашей семье была хорошая библиотека. Папа пачками привоз-
ил  книги  из  разных  городов.  Они  стали  моими  самыми  близкими 
друзьями, книги  помогали мне выдержать  многое – и косые взгля-
ды, и жалостливые взоры при виде ковыляющей девочки в корсете. 
С тех пор я не люблю сю-сю –пу-сю и терпеть не могу, когда меня 
жалеют. Но назвать себя инвалидом, вернее, произнести это слово 
смогла уже совсем взрослым человеком.
Почему я решилась на такой откровенный разговор?
Потому что дети – авторы сочинений – может быть, впервые по-
смотрели на своих необычных сверстников по-новому, как на обыч-
ных детей, только более мужественных, стойко переносящих боли и 
трудности, выпавшие на их долю.
Работа над сочинениями заставила детей задуматься о людях с  
ограниченными возможностями, о добре, теплых, искренних чело-
веческих отношениях, подумать, чем им помочь, натолкнула детей 
на размышления о терпимости, милосердии. И мы очень рады это-
му!
Всем  детям,  особенно  с  ограниченными  возможностями,  хочу 
пожелать веры в свои силы, возможности, в свою звезду! Развивай-
те любые свои способности!  Пусть примером для Вас будет Стивен 

МОЙ НЕОБ
Ы
ЧНЫЙ СВЕР
С
ТНИК
5
Хокинг, один из наиболее  известных широкой общественности фи-
зиков-теоретиков, относящийся к  плеяде  выдающихся умов нашего 
времени.  Знаете ли Вы, что после паралича и серии операций ему 
была удалена трахея, и Хокинг утратил способность говорить. Дру-
зья подарили ему синтезатор речи, который был установлен на его 
кресле-коляске.  Впоследствии подвижность осталась лишь в мими-
ческой мышце щеки, напротив которой был закреплен датчик. С его 
помощью физик управлял компьютером, помогающим  общаться с 
окружающими.
Он не сдался!  Не сдавайтесь и Вы! Здоровья, оптимизма, улыбок 
и терпения нам  всем. Пусть в жизни чаще встречается понимание, 
будьте и сами милосердны к своим родным и близким.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ваша    София  Раева
    
БАЙҚАУДА ЖҮЛДЕ 
АЛҒАН ШЫҒАРМАЛАР ЖИНАҒЫ
5-8 сыныптар
І орын

МЕНІҢ   ЕРЕКШЕ   ҚҰРБЫМ 
6
Тілеужан Абдурахман   
                                 
 
 
14 жас, 8 сынып,
 
 
Ақтөбе қаласы, №32  мектеп-гимназиясы                                                                                                                              
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Менің  ерекше құрбым
 
            
Қолыма қалам алып, шығарма жазуыма себеп болған досым Ай-
дос, шынында, ерекше бала. Бала күннен бірге ойнап, бірге жүргесін 
бе, әлде көзіміз үйренгесін бе, оның бір қолының бүгіліп, оң аяғын 
сүйретіп жүретінін аңғармайтынбыз. 
Тақырыппен танысқаннан кейін мен досым Айдос туралы жазғым 
келіп кетті. Аңғалдығым ба, «Мен сен туралы шығарма жазам» деп 
қалыппын. «Шығарма дейсің бе... Менің дене бітімімде кемдік бар 
ғой» дегені бар емес пе? «Мен сенің бойыңдағы асыл қасиеттерді, 
ақынжандылығыңды,  адалдығыңды  жазам»,  —  дедім.  Досым 
күлімдеп тұрып: «Жарайды», — деді.
Дүниеде шығарма жазу қиын-ақ. Ауызша айтасың-ау, ал жазуға 
келгенде  мойның  жар  бермейді.  Оның  үстіне  шығарма  жазғыш 
Айдостың алдында... . Екі-үш күн ойланып-толғанып жүрдім. Деген-
мен бір отырсам, жазып кететінім бар.
Жазушы  Сайын  Мұратбековтің  «Жусан  иісі»  повесіндегі  Аян 
бейнесі есіме түсті. Ерте есейген Аянның ертегісін есі кетіп тыңдап 
отырған балалар елестеді. Аян мен әңгімеші баланың достығы мені 
Айдоспен жақындастыра түсті. 
Менің досым да әңгімешіл. Көркем әдебиетті көп оқиды. Ертегі, 
батырлар  жыры,  әңгіме  деген  түк  емес  оған.  Әсіресе,  әдебиет 
сабағында  ірі  туындыларды  оқуға  бергенде  мұғалім  «Қане,  құлақ 
құрышын қандырып сабақ айтатын бала бар ма?» дегенде, «құтқар» 
дегендей көзіміздің астымен Айдосқа қараймыз (физика, химиядан 
мен құтқарамын дегендей...).
Айдостың  әдебиетті  оқымайтын  күні  жоқ.  Айдос  не  нәрсені  де 
бабына  келтіріп  айтады.  Арасында  өлең  жолдарын  жатқа  оқиды. 
Дауысының өзі жағымды, әдемі дауыс ырғағымен, көркем тілмен 
жеткізгенде, әлгі  түнде басын  бастап, аяғына  жете  алмай  ұйықтап 
кеткен шығармаңды өзің оқып шыққандай боласың ғой.
Әр пәннің өз қиындығы бар демекші, класс жоғарылаған сайын 
әдебиеттен шығарма жазу да көбейіп барады. Әсіресе, мен сияқты 
физика,  химияны  жақсы  көретін  балаға  оңайға  түспейді.  Қыздар 
қияли ғой, олар қашан да жазады. «Тақырыптан ауытқып кеткенсің» 
деп  жатады  апайымыз.  Ал  Айдос  шығарма  жазудан  да  алдына 
жан  салмайды.  Мұғалімнің  айтуынша,  «Талапқа  сай  жазылған 
тақырыптық  шығармаларын»  айтпағанда,  Айдос  еркін  тақырыпқа 

МОЙ НЕОБ
Ы
ЧНЫЙ СВЕР
С
ТНИК
7
келгенде көсіле жазады. Оның шығармалары жарқын өмірді, адал 
достықты, өмірге құштарлықты паш етеді.
Айдос өмірде де ашық. Үнемі алда жүреді, көшбасшы болғанды 
ұнатады.  Мәжіліс  залында  өтетін  мәдени  шараларда  Айдос 
мәнерлеп  өлең  оқығанда  зал  тынып  қалады.  Біртүрлі,  елді  аузы-
на қарататын қасиеті бар. Қиялыңмен алысқа самғайсың, қанатың 
қатайып, биіктей бересің, биіктей бересің... Түбінде менің досым иә 
жазушы, иә ақын, не шешен болады.
Сабақтан бірге қайтамыз. Жолда «Абай жолын» оқып жатқанын 
айтты.  «Біз  оны  әлі  өткен  жоқпыз  ғой»  деп  қалыппын.  (Әй,  осы 
менің,  осыным...).  Түстен  кейін  екеуміз  кітапханаға  бардық.  Ол 
маған «Абай жолының» бірінші томын алып беріп: «Оқи бер, келесі 
жылы оңай болады», — деді. Екеуміз жарыса оқуға бел байластық. 
Сосын ол шахмат үйірмесіне кетті, мен спорт үйірмесіне кеттім.
Қазіргі балалардың көбі ұялы телефон мен компьютердің алды-
нан шықпайды. Бір қызығы, Айдос досымда ұялы телефон жоқ. Ин-
тернет те қоспаған. «Түбінде кітап оқыған бала озады» деген ата-
анасының қағидасын ұстанады. Айдос оған қуанбаса, ренжімейді. 
Абай  атамыз  айтқандай,  «ой  кеселді  нәрселерден  қашық» 
жүреді.  Түбінде  мақсатына  жетеді.  Айтпақшы,  «Абай  жолының» 
«Қайтқанда»  бөлімін  бітірдім.  Ойын  баласынан  ойлы  бала  болып 
бара жатқандаймын...
Орнымнан  тұрып  терезеге  қарадым.  Алғашқы  қар  жауып  тұр. 
Алғаш рет мен де досым туралы сыр ақтардым.
Теледидарды қостым. Қызық, әлде сәйкестік пе? «Жүрекжарды» 
бағдарламасында жазушы Роза Мұқанова апаймен сұхбат жүріп жа-
тыр  екен.  Семейдегі  атом  бомбасының  зардабын  шеккен  мүгедек 
қыз  туралы  жазылған  «Мәңгілік  бала  бейне»  пьесасы  туралы  ай-
тып  жатыр.  Мені  қыз  тағдыры  бей-жай  қалдырмады.  Алматыға 
барғанда міндетті түрде театрға барып көрем деп ойладым. 
Осы жерден шығармамды аяқтайын дегенде, тағы бір ой қылтың 
ете  қалды.  «Осы  мен  досымды  жақсы  білем  бе?  Мен  білмейтін 
жақтары бар шығар? Шығармам шолақ болып қалған жоқ па? Әлде 
де сұқбаттасып көрейін» деген ой келді.
Ертеңіне  сабақтан  қайтқанда  гүлзардың  ортасымен  келе  жа-
тырмыз.  Досымды  әңгімеге  тартып  келемін.  Айдос  өзінің  атасы 
жайында  қызықты  әңгіме  айтып  берді.  «Менің  атам  әскери  стра-
тег  болған.  Кезінде  Ресей  Федерациясының  армиясында  қызмет 
істеген.  Зейнеткерлікке  шыққасын  Қазақстанға  келген,  —  деп  ба-
стады әңгімесін. — Менің тілім алғашқыда орысша шыға бастады. 
Әлі есімде атамның көне кітапты «оқы» деп бергені. Оқығанымды 
сұрайтын.  Атамның  мақтағаны  қызық,  қабағын  түйіп  отырып 
«дұрыс»  дейді.  Көп  мақтағанды  ұнатпайды.  Атам  мен  әжем  бізге 

МЕНІҢ   ЕРЕКШЕ   ҚҰРБЫМ 
8
кәмпит жегізбейтіні, етті көп жегізетіні есімде.Әжем ауылдан таза сүт, 
айран жіберіп тұрады. Менің осы денсаулығымның күштілігі соның 
арқасында ма деп қалам. Көп ауырмаймын, анау-мынау тұмауратып 
қалсам әжемнің бір қызық емі бар. Жаңа сойылған малдың терісіне 
орап, ыстық құмды жерді дөңгелек қылып қазып жатқызады. «Жер 
керек емес күшті тартады», — дейді. Жақсылап терлетіп емдеп ала-
ды. Атам қызық, үйде де стратег. «Дивизияны қалай орналастыра-
мыз, қала бойына ма, әлде майдан шебіне ме?» — деген сұрақтар 
қояды.  Алғашқыда  шатасып  жүрдім,  кейін  жауаптарым  дұрыс 
болғанда, атамның бар айтатын сөзі — «дұрыс». Сондай тапсырма-
лар  арқылы  атам  менің  стратегиялық  ойлау  қабілетімді  дамытқан 
екен-ау! Атам қазір 73-те, бірақ өзін кәрі санамайды. Шахмат, дойбы 
ойнасақ та, «Қане, құнанмен жарысайық» деп қояды. 
Атам Ресейде қанша қызмет жасаса да, жаны қазақ боп қалған. 
Ол ауылда үнемі жылқы үстінде жүреді. Мені де аяғымды сүйретіп 
сылтып  басатын  болғасын,  арқаң  қисайып  кетпесін  деп,  атқа 
мінгізеді,  тіке  отыруды  үйретеді.  Бірде  мынадай  оқиға  болды.  Ол 
кезде төменгі класта оқимын. Ауылда жүрмін. Құлынымды суаруға 
бардым.  Құлынды  сиырдың  науасына  байлап,  өзім  қырға  шығып, 
балалармен ойнап кеткенмін. Біраздан кейін келсем, құлынымның 
аузы кеуіп, құлап жатыр. Дереу қорыққаннан атама бардым. Атам 
да тұрғыза алмады. «Жер қаз», — деді. Үндемей жер қазып жатыр-
мын. Атам қазылған жерге таза су құйды, құлынның басын құдыққа 
қаратты.  Құлын  жатқан  күйі  су  ішіп,  біраздан  соң  әлін  жиып,  өзі 
тұрды. Атам «Жылқы малы ешқашан сиырдың астауынан су ішпейді. 
Сиыр суды сілекейін ағызып ішеді», — деді. Мұнан кейін құлыным 
менен шошынып жоламай жүрді. Өзімді кінәлі жандай сезіндім.
«Ей, сенің атаң мықты ғой», — деп қоямын мен.
«Атам мені аңға да алып шығады. Мылтық ұстатпағанымен, бірге 
алып жүреді. «Қасқыр көрген адам еш нәрседен қорықпайды. Ба-
тыл болады», — дейді. Бірде атам маған жол қысқарсын деп қызық 
әңгіме айтып берді.
Атам ұрғашы қасқырды атып алады, бірақ өлмейді. Содан атам 
абыржып, әлгі қасқырды арқанмен байлап қораға қамайды. Сөйтсе, 
түнде  қара  қасқырдың  ұлыған  даусы  естіледі.  Үйде  атам  жалғыз 
болған. Қасқыр анадай жерде қарап тұрған, атама шаппаған. Атама 
шапса, ұрғашы қасқырды босататын адам болмас деп ойлаған бо-
лар дейді. Атам қасқырдың тісі батпайды-ау деген қалың киімдерді 
киіп,  әлгі  жаралы  қасқырдың  арқанын  үзіп  жібереді.  Қара  қасқыр 
анадай  жерде  қарап  тұрады.  Ертеңіне  қораға  келсе,  әлгі  қан-қан 
арқанның  қасына  қоян  әкеп  тастаған.  Рақмет  айтқандай,  қасқыр 
әкеліп  тастаған-ау  деп  ойлаған  атам.  Қасқыр  екеш  қасқыр  да 
кешіреді екен ғой деп қалдым». 

МОЙ НЕОБ
Ы
ЧНЫЙ СВЕР
С
ТНИК
9
«Атаң күшті ғой», — деп қызыға түсем. 
«Атам  мақалдарды  көп  біледі»  -  досым.  —  Қонаққа  барғанда 
атам мен әжем міндетті түрде мені ертіп кетеді. Дастарқанға отыр-
масам  да,  атама  сөз  берсе,  «Айдос  бірінші  сөйлейді»,  —  дейді. 
«Ол бала емес пе?», — десе, «Жоқ, ол қазір бала емес», — дейді. 
Әуелгі  кезде  тілек  айтқанда  алдымда  сөйлеген  адамның  сөзін 
қайталағанмын, соным үшін ұялам. Қазір әдебиеттен оқығанымды 
қосып тілек айтамын. Атам мен әжем кейде қалжыңдасып отырады. 
Атам әжемнің соңынан қалмай жүріп алған ғой. «Асау кемпір асау 
шалға бағынады» дейтіні бар атамның. Әжем «Осы шалдан бірдеме 
шығады , тыңдай бер», — дейді. Қызық, атамнан әлдеқашан бірдеме 
шыққан емес пе? Атам қазір 73-те. Бірақ 60-тағы кісі сияқты, ширақ 
қозғалады.  Өзінің  жеке  фирмасы  бар.  Қарағандыда  тұрады.  Руы-
Арғын». 
«Осындай атасы бар, Айдос қандай бақытты», — деп ойладым.
Досым Айдостың ерлік туралы өзіндік пікірі бар. «Ерлік дегеніміз 
біреуді ұру, өлтіру емес. Менің ойымша, жауынгерлік ерлік деген ел 
басына күн туғанда көрсететін ерлік. Ал, бейбіт өмірдегі ерлік еліңе 
қызмет жасап еліңнің атын шығару» — дейді. «Екеуміз қазақша ком-
пьютер  жасап  шығарамыз»  деп  қояды.  Екеуміз  оңаша  отырғанда 
бұл туралы айтатынбыз. Оның тағы бір қабілеті — техниканы жақсы 
оңдай алады. Сөзімнің басында айттым ғой, менің досым осындай 
ерекше жан.
Осындай «стратег» атасы бар Айдостың ерік-жігері мықты. Анасы 
№51 мектепте компьютерден сабақ береді, әкесі заводта мастер бо-
лып жасайды. Жылы ұяның жан жылуына бөленген досым туралы 
жазып шыққан секілдімін. 
 Мен досымды бұрынғыдан да жақсы көріп кеттім...
  Әкем  кейде  бала  кезіндегі  достарын  айтып,  сағынып  отыра-
ды.  Мен  де  кейін  «Айдос  қайда  жүр  екен?  Ондай  бала  ойлаған 
мақсатына жетеді» деп іздейтін шығармын. Жо-жоқ, мен досымнан 
ажырамаймын.
 
ІІ орын
Оразбай Мирамгүл
 
 
8-сынып,
 
 
Батыс Қазақстан облысы,
 
 
Теректы ауданы,
 
 
Юбилейный ауылдық кітапханасы

МЕНІҢ   ЕРЕКШЕ   ҚҰРБЫМ 
10
 
Менің ерекше құрбым
Жаз  мезгілі.  Күн  күліп,  ыссылық  күшейетін  кез.  Балалар, 
оқушылар жазғы демалыста болатынбыз. Жаз-жайдарлы мезгіл. Бұл 
мезгілде  айнала  бәрі  тамаша,  өте  сұлу.  Ағаштар  жапырақтарымен 
көлеңке  түсіріп,  адам  атаулыға  сая  болады.  Күн  ысыған  кез-
де  құм  үстінде  өте  ыстық  болады.  Жалаңаяқ  жүгірсең,  аяқ,  арқа 
қыздырсаң  сондай  керемет.  Өзен,  тас,  ауа  ылғалы  ыстық  болады. 
Осы  күндерде  көп  адамдар  өзен  жағасын  саялайды.  Біздің  ауыл 
шағын болғанымен, табиғаты сондай керемет. Өзеннің жағасында 
отырған адам өзін сабырға шақырып, толқындардан алған әсерін, 
өзінің жан дүниесінің бір әлемінде сақтап қояды. Бала күнімізде сы-
нып қыздары жазық далада жүгіріп, асыр салып ойнайтынбыз. Мен 
әсем даланы, жайқалған гүлдерді, самал желді сезініп өстім.
Достықтың  қадірін  кішкене  кезімде  көп  түсіне  бермейтінмін. 
Мен  1-сынып  бітірген  болатынмын.  Біздің  көшеде  балалар  шуылы 
жақыннан  естіледі.  Сол  шуылды  естіген  кезде  үйде  тыныш  отыра 
алмайсың.  «Ананың  көңілі  балада,  баланың  көңілі  далада»-деген 
осы ғой. Балалардың айқайы, сыңғыр-сыңғыр күлкісі, доптың тар-
сылы, топ болып жүрген қыздардың дауысы біздің ауланың жаны-
нан әсем, жаныңа жақын естіледі.
Сондай күндердің бірі болатын. Үстіме ойын киімімді киіп, қолыма 
добымды  ұстап,  көп  балалардың  бірі  боп  менде  көшеге  шықтым. 
Шыққан  бойда  өз  құрбыларымды,  сыныптастарымды  іздей    ба-
стадым. Сөйтіп енесіне жүгірген төлдей, екі өкпемді қолыма алып, 
біздің  үйден  ұзап  бара  жатқан  құрбыларыма  жүгірдім.  Олар  мені 
көріп күтіп тұрды. Өз құрбыларыма қосылған менің ойымдағы ой 
«қандай ойын ойнасақ екен?» болатын. Мектеп табалдырығын жаңа 
аттаған кез болғасын  ба, мен мектеп өмірін ұнататынмын. Сол кез-
де басыма ақ бантикті жаңа таққан кезім болсада, мамандығымды 
таңдап қойған болатынмын. Ата-анама мен физика пәнінің мұғалімі 
боламын деп айтқан көрінем. Мектепке қадам басқан кезімнен ба-
стап, сыныптас қыздармен мұғалім болып ойнайықшы деп ұсыныс 
тастадым. Қандай ойын ойнайтынымызды шешіп алған біз ойынға 
дайындала бастадық. Өзімізге ұнайтын рөлдер бөліп алдық. Сөйтіп 
ойын  ойнауға  кірісіп  кеттік.  Біздер  шуылдасып,  тіпті  кейде  бір 
ұрысып, бір татуласып, өз шаруасын тындырып жүрген құмырсқалар 
секілді  қызу ойнап жаттық.
Кенеттен  біз  тұратын  көшедегі  сатылып  кеткен  үйге  жаңа  отба-
сы  машиналармен  келіп  тоқтады.  Ойнап  жүрген  балалар  бәріміз  
сол  жаққа  назар  аудардық.  Бәріміздің  ойымыз  «бұл  үйде  бізбен 

МОЙ НЕОБ
Ы
ЧНЫЙ СВЕР
С
ТНИК
11
қатарлас  қыз  тұрса  екен»  болатын.  Ойлағанымыз  сол-ақ  екен  ма-
шинадан  үстіне  ақ  көйлек  киген,  бойы  аласа,дидары  сары,  қара 
көзді,  ұзын  шашты,  бізбен  жасы  шамалас    кішкене  қыз  машина-
дан  секіріп  түсті.  Оның  назары  бізде  болды.Үйіне  кіріп  кеткен-
ше  ойнап  жүрген  балалар  жаққа  әлсін-әлсін  қарап  тұрды.  Біздер: 
«енді:  ойнайтын  қыздардың  саны  көбейетін  болды»  –  деп  өзді-
өзімізге қарасып,қуанып жаттық. Ол қыз қай сыныпта оқиды екен? 
Біздің  мектепке  барса    екен?  деген  сияқты  сұрақтарды  өзімізге 
қойып  ,ойлап  отырмыз.  Сосын  ортасынан  күрт  тоқтаған  ойыны-
мызды  жалғастырдық.  Ойынға  берілгеніміз  сонша,  кештің  қалай 
қарайғанын,  күннің  қалай  батқанын  аңғармай  қалдық.  Бәлкім  
балалық  кездегі  ойынымыздың  сондай  тәтті  болуынан  шығар 
көшедегі  шуыл  азайды.  Барлығымыз  үйді-үйімізге  тарастық.  Мен 
үйге  келе  жатып,  сол  қызды  ойладым.  Сол  қыздың  менің  үйіме 
жақын  орналасқанына  қатты  қуандым.  Ертесіне  баяғы  әдетімізше 
ойнауға  шықтық.  Сынып  қыздары  түгел  жиналдық.  Бәріміз  кешегі 
қыздың ойнауға шыққанын күттік. Мен  бұл кезде ол қыздың біздің 
сыныпта  оқитынын  ата-анамның  әңгімесінен  біліп  алған  болатын-
мын.  Қыздың ата-анасы, ата-анамның  таныстары екен. Бір кезде  
сол үйдің есігі ашылды. Сары қызды бір әйел  қолынан ұстап, бізге 
қарай  алып келе жатты. Анасымен  барлық қыздар шуылдай аман-
даса жөнелдік. Бұл біздің ауыл қыздарының тәрбиелілігін көрсетсе, 
екінші  жағынан  қазақ  қызына  тән  болмыс  айқын  көрініп  тұрды. 
Соны қыздың анасы аңғарса керек. Бізге күлімдеп:
-  Амансындар    ма?  Өздерің  сондай  тәрбиелі  екенсіңдер 
көздеріңнен мейірім төгіліп тұр. Жүздеріңе  қарап сүйсініп  тұрмын. 
Сендер    қызыммен  шамалас  секілдісіндер,  сендермен  қызымды 
таныстырайын,  аты-Сабина,енді  2-сынып  оқиды-деді.  Біздер:  - 
Біздерде 2-сынып оқимыз, -деп шуылдаса кеттік. Анасы:
-  Сендерге  қарағанда  өзімде  солай  ойладым.  Қызым  сендер-
мен ойнасын, мен жұмысқа  кеттім, - деді де ақырын жүріп ,ауыл 
орталығы жаққа қарай бет алды. Қыздар көкейдегі сұрақтарымызды 
Сабинаға  қарша  жаудырдық.Кішкене  бүлдіршіндердің  бәрінде 
бір  мінез  қалыптасқан  секілді,  бәрі  сұрақ  қоюға  бейім  келеді. 
Сөйтіп бүгін тағы да мектеп болып ойнадық, бірақ  бұл жолы менің 
қалауым бойынша емес, Сабинаның қалауы бойынша болды. Оның 
арманы да мұғалім болу екен. Осылай күндер өте берді. Ендігі Са-
бина  екеуміз  бір-біріміздің  үйімізге    барып,  ойнайтын  болдық. 
Бұған ата-аналарымыздың да  достығы  себепкер болды.  Олар  бір-
бірлерін жақсы танығандықтан болар, бір-біріміздің үйімізге қонуға 
барып  жүрдік.Уақыт  өте  келе  екеуміз  ұқсас  жақтарымыздың  көп 
екенін аңғардық. Осылай  көзді ашып жұмғанша  жазда өте шықты. 
Күз басталып, мектеп өмірі басталды. Бұл кезде Сабина екеуміздің 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет