Сборник Докладов «Исследование урока: опыт школ Казахстан»



Pdf көрінісі
бет160/191
Дата11.12.2023
өлшемі47,28 Mb.
#137253
түріСборник
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   191
Байланысты:
httpsold2.kspi.kzfilesarticles6-12-19-npk.pdf

Түйінді сөз: 
Lesson Study, мұғалімдер тобы, диалогтік оқыту, зерттеу.
 
Ключевые слова:
Lesson Study, 
группа учителей, диалогическое обучение, исследование.
 
Keywords:
Lesson Study, teacher group, Dialogic learning, research.
 
Мұғалімдердің жаңа ұрпағы білім деңгейі жөнімен әлдеқайда жоғары болуы 
керек

Ол үшін жаңа фармацияның педагогы қажет
болатын. Міне, мектеп өміріне еніп 
отырған жаңа технологиялардың ерекшелігі 

өсіп келе жатқан тұлғаны жан
-
жақты 
дамыту
болып табылады

Мұғалімнің
кәсіби білімін жетілдірудің ең бір тиімді әдісі бұл Lesson Study.
Lesson Study - 
мұғалімдер тәжірибесі
саласындағы
білім жетілдіруге бағытталған 
ынтымақтастық педагогикалық тәсіл. Мектебімізде 
Lesson Study
–ге жоспарлау, оқыту, 
қадағалау, оқыту мен оқуды талдау, өз қорытындыларын тұжырымдап, құжаттарды 
бірлесіп жүзеге асыратын мұғалімдер тобы
құрылған болатын
. Lesson Study-
дің 
циклін өткізген соң мұғалімдер педагогикалық тәсілдерді жетілдіріп, кейіннен ашық
Lesson study, таныстырылым өткізіп

ғаламторға
жариялау арқылы әріптестеріне 
таратты
[1]. 
Біз өз мектебімізде Lesson Study циклін өткізу үшін зерттеу жұмыстарын
жоспарлап, ұйымдастыратын Аргингазина А.Т.
(қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі), 
231


Самартаева К.Ж.
(математика пәні мұғалімі), Токубаева К.Т. (тарих пәні мұғалімі) 
мұғалімдерден топ құрдық. Lesson Study тәсілін жүзеге асыру үшін топ мүшелерімен 
ақылдаса келе, «Сабақ үрдісінде диалогтік оқытудың тиімділігі»
тақырыбы бойынша 
8-
сыныбында Lesson Study жүргізуді жоспарладық. Жалпы сыныптың білім көрсеткіші

28 
% құрайды. Сыныптың білім деңгейі мен сыныптың
белсенділігі мен бәсекелесе,
жарыса оқу деңгейі
орташа. Сондықтан 
осы сыныпта диалогтік оқытуды басты
назарға алғандағы 
мақсатымыз 

диалогтік оқыту арқылы сыныпта оқу мен оқыту
үрдісінде белсенді, бәсекелестік
атмосфера тудыру болды. Сонымен қатар диалогтік
оқыту арқылы оқушылардың таным белсенділігін арттыру, қызығушылығын ояту, білім
сапасын көтеру.
Өйткені оқушылардың таным белсенділігін арттыруда, сұрақты түрлендіре қою 
арқылы белсенділік оятуда, оқушылардың жауап берудегі бәсекелестігін тудыруда 
сындарлы оқыту бағдарламасы бұл оқыту түрін тиімді әдіс ретінде дәлелдеп отыр.
Диалогтік оқытуды жүзеге асыру бағытында әдіс
-
тәсілдерді тиімді пайдалана 
отырып, зерттеу сабақтарының кестесі жоспарланды.
Бірінші Lesson Study циклі геометрия пәнінен басталды.
Мұнда сыныпты топқа 
бөліп, үй тапсырмасын сағат тілімен дәптерлерін алмасып, тексерді және бағалау 
критерийлері бойынша өзара бағалау жүргізілді. Жаңа тақырыпқа көшпес бұрын өткен 
тақырып бойынша ауызша есептер орындатылып, жетелеуші сұрақтар берілді. Сабақта 
жиі сұрақ қою әдісін қолданылы. Бұл жерде белсенді диалог орнамаса да, топтың 
бірігіп жұмыс
жасауына мүмкіндік берілді. Әрқайсысы өз деңгейлері жеткенше 
тапсырманы қызығушылықпен орындап, жұмыс
жасады

Бақылауда болған оқушылар күтілген нәтижеге сай жұмыс
жасағандары 
байқалды

Бірінші Lesson Study 
-
ді талдап, оқушылар пікірін білгеннен кейін,
екінші
Lesson Study биология пәнінің
жоспары құрылды.
Оқушылардың пікірлерін ескере 
отырып, жаңа тақырыпты өз беттерімен меңгеру үшін «Мозаика» әдісі мен сергіту 
сәтін ұйымдастыру
жоспарланды. Себебі, оқушылар тақырыпты өз беттерімен талдап, 
бір
-
бірімізге өзіміз түсіндірсек және сергіту сәті болса деген ұсыныс жасаған
болатын.
Жаңа тақырыпты меңгертуде оқушылар «Мозаика» әдісі бойынша жұмыс
жасады. Мәтінді бірінші өздері оқып, топта талдап, басқа топтарға барып өз мәтіндерін 
түсіндіріп, кейін
өз
топтарына оралғаннан кейін басқа топтан түсінгендерін қайта 
ортаға салды. Бұл жерде белсенді диалог орнады, барлық оқушылар диалогқа қатысты. 
Әрине, кітапқа қарап айтқан, жеткілікті түсіндірмеген оқушылар да болды. Бірақ,
әрқайсысы өз деңгейлері жеткенше жұмыстанды. Бекітуде берілген тапсырмаларды да 
оқушылар қызығушылықпен орындады. Мұнда оқушылар өз топтары талдамаған
деректер бойынша да сұрақтарға жауап берді. Бақылауда болған С және А деңгейлі 
оқушылар 
күткен нәтижеге сай жұмыстанды. Ал, В деңгейлі оқушы үй тапсырмасы 
бойынша күткен нәтижеге жете алмады, бірақ сабақтың қалған бөлімдерінде белсенді 
болды, дегенмен бұл оқушыда өз біліміне сенімсіздік байқалды. Сабақ соңында 
оқушылармен сұхбаттасқан кезде бақылауға алынған оқушылар сабақты меңгеруге 
«Мозаика» әдісінің тиімді болғанын айтты.
Үшінші Lesson Study кезеңінде қазақ әдебиеті пәнінен «О. Сүлейменовтің 
«Арғымақ», «Қыз қуу», «Махамбет» өлеңдері талданды.
Әдебиеттің сынын, теориясын, тарихын оқушыға меңгерту қажет, сондықтан
сабақ үдерісінде сұрақ
-
жауап, дәлелдеу, талдау, салыстыру, жинақтау, қайта қорыту 
әрекеттері арқылы жүзеге асыруды жоспарладық. Осы бағытты ұстана отырып, 
зерттеушілік әңгімені (Александер 2004) енгізуді жөн көрдік. Өйткені зерттеушілік 
әңгіме қарым
-
қатынас жасаудың барысында идеялар екіжақты бағытта жүріп, соның 
негізінде оқушының білім алу үдерісі алға жылжиды, әркім өз пікірін ұсынады. Алайда 
232


жұмыс барысында кейбір оқушылардың тиісті білім
-
білік дағдысы толық болғанмен, 
топ алдында дәлелдеу, сөйлеу дағдылары жетпей жатқаны байқалды. Оқушылардың 
зерттеу жұмысына төселмегені, бұл әдіс оларға күрделі болғаны байқалды. Сергіту сәті 
бағытында алынған «Көкпар» ойыны оқушыларды қызықтырып, белсенділік танытты.
Төртінші кезеңде «ХІХ ғасырдың 80
-
90
жылдарындағы әкімшілік
-
территориялық реформалар» тақырыбында тарих пәнінен сабақ өткізілді. Сыныпта 
жақсы ахуал қалыптастыру үшін мұғалім сабақты ең әуелі сәттілік тілеуден бастады. 
Үй тапсырмасын тексеру барысында оқушыларға ең алдымен өткен тақырыпты еске 
түсіру үшін сұрақтар қойылып, жауаптар алынды. Сол арқылы шағын топтарға 
семантикалық карта беріліп, топ басшысы оқушыларды бағалады.
Жаңа тақырыпты 4 топқа бөліп беріп, оқушы берілген тақырыпшаны өзі оқып, 
топ ішінде талдап, жоба қорғауға тиіс болды. Жоба қорғау барысында көшбасшы 
оқушылардың топты алға жетелеуі анық көрінгенімен, кейбір оқушылардың тіл 
байлығының аздығы, көпшілік алдында қысылып, өз пікірін ашық айта алмайтыны 
байқалды. «Қазақстанның Ресейге қосылуының маңызы бар ма?» тақырыбында ой 
бөлісу кезінде әр топтан бір
-
екі оқушы өз ойларын айтқанмен, өте қысқа жауап беріп 
отырды. Оқушылардың тіл байлығының аздығы бұл сұрақты ашып, толық айтуға 
кедергі болды. Зерттеуге алынған оқушылармен сөйлескенде материалдың молдығын 
және оны меңгеруге уақыттың тапшы екенін атап өтті.
Жалпы белсенділік, бәсекелестік 

екіжақты үдеріс. Рефлексивтік–практик 
(Дональд Шон) ретінде теориялық тұжырымдамаларға сүйене отырып, тәжірибе 
барысында диалогтік оқытуды негізгі нысанға алып, сыныпта, оқу және оқыту 
үдерісінде белсенділік, бәсекелестік жағынан өзгеріс енгізіп, «іс

әрекеттегі толғаныс» 
жүргізіп отырсақ, бұл біздің тәжірибемізге сын қарауға, неге осындай іс
-
әрекет 
жасағанымызға мүмкіндік беретініне, тәжірибемізге қатысты бірқатар
ойлар мен 
сұрақтар
анықтауға мүмкіндік беретініне көз жеткіздік.
Диалогтік оқыту–
белсенді, бәсекелестік атмосфера тудырудың кепілі. 
Тәжірибедегі «белсенді емес сыныптың» мәселесі бірден шешілмейді, бірақ оқушыны 
топтық жұмысқа тарта отырып, ашық сөйлесу, пікірін тыңдау арқылы ортаға 
бейімдеуді және «оқушы
-
мұғалім», «оқушы
-
оқушы» үдерісін үнемі дағдыға 
айналдырсақ,
 
үнемі оқушы пікірімен санаса отырып, оларға
ұнайтындай
әдістерді 
қолдана отырып
сабағымызды жоспарласақ ғасырдың талабына сай сындарлы ой айта 
алатын жеке тұлға тәрбиелей аламыз деген ойға келдік
[2]. 
Бұрынғы тәжірибемізде сабақ жоспарларын бірігіп құру, сабақты бірігіп зерттеу, 
бақылау, проблемаларды бірігіп шешу деген бұрын болмаған еді, Lesson Study 
мұғалімдердің кәсіби біліктілігін көтерудің, білім жетілдірудің, тәжірибе алмасудың 
оңтайлы әдісі екендігіне көзіміз жетті. Оқушы тақырыпты жақсы меңгеруі үшін
бірнеше сабақ бойы түрлі әдістерді қолданып, бақылап,
зерттеп,
соңында тиімді тәсілді 
анықтау арқылы жетістікке жетуге болады
[3]. 
Қай кезде
де мұғалім мектептегі негізі тұлға болып қала бермек, себебі оқушы 
білімді өз бетімен меңгеруі үшін оған жетекшілік қызмет атқаратын мұғалім. Мұғалім 
тек өз сабағында
өз шәкірттерін жетелеуші
ғана емес, кәсіби құзіретті, жан
-
жақты 
білімді, заман ағымына сай жаңашыл болса,
өз идеялары мен ой
-
мақсаттарын 
әріптестерінің де
санасына сәуледей сіңіріп, еріксіз еліктіріп, соңынан ілестіріп 
көшбасшы бола алады. Lesson Study

оқушыға саналы білім беруді көздеген бір 
мақсатқа жұмылған
ұстаздар шеберханасы десек артық айтқандық емес.
Жаңа форматтағы 
біліктілікті арттыру курсынан өткен мұғалімдер жаңа 
форматтағы мұғалімдер қатарына жатқызуға болады, ал жаңа форматтағы мұғалім
деген атқа ие ұстаз үнемі алдыңғы қатарда болуы керек, үздіксіз білім алуды, тәжірибе 
алмасуды
мақсатқа айналдыруы тиіс.
233




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет